ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 213
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8.4 Еңбек ресурстарын жоспарлау қажеттілігі.
Адам ресурстарын жоспарлау үш этаптан тұрады:
- Жеке ресурстарды бакылау;
- Болашақ қажеттіліктерді бағалау;
- Болашак қажеттіліктерді қанағаттандыратын бағдарлама құрастыру.
Өзіндік болашақ қажеттіліктерін анықтап басқарма оларды қанағаттандыратын бағдарлама жасауы керек. Бағдарлама накты график және іс шараларды қосу керек. Мысалы: жұмысшыларды алға ұмытылдыру және дайындау.
Шешім қабылдаудың бірнеше әдістері бар. Соның біреуі жұмысшыларға қарау болып табылады және барлығының орындалатын тапсырмасы мен іс әрекетін нақты тіркеу және аныктау. Басқа әдісі жұмысшымен немесе оның бастығымен сөйлесу аркылы акпарат жинау.
Үміткерлерді жинау. Олар барлығының дәреже мен мамандағы болу керек. Ұйым өзіне қажет жұмысшыларды таңдайды.
Кадраларды жинау. Бұл кезеңде кадарларды баскаруды жоспарлау жоғарғы жак өзіне қажетті үміткерлерді топтап таңдайды.
8.5 Мемлекет ұйымдардағы еңбек өтемін құрастыру.
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі мен баска нормативтерімен бекітілген, мемлекеттік жұмысшылардың еңбекақысын төлеу жүйесі мемлекеттік емес қызмекерлерге уақыт бойынша төлеу ұйымдастырылған.
Жұмысылар деңгейінің тізімі мемлекеттік орындардың Қазақстан Республикасы үкіметімен анықталған.
Коэффиценттер міндеттік үлестің базасында қолданылады. Мемлекеттік орындардың жұмысшыларының міндеттік үлестерін санау үшін. Мемлекеттік орындардың жұмысшыларының еңбекақы қоры міндеттік үлеспен анықталады, еңбек шартына сай қосымша ақы төлеу ҚР заңдық актілермен қарастырылған.
Қосымша төлемдер еңбек шартында әр жағдайда міндеттік үлесті санау арқылы қаралады. Ол міндеттік үлес базасы немесе коэффициенте сай саналады, қосымша айлық еңбекақы мөлшерінің минимальді мөлшерімен саналады.
Жұмыс орынның еңбекақы көлемі жыл сайын жер ресурстарын басқару агенттігімен қабылданылады. Еңбекақы формасы штаттық тізбе, міндетті үлес көлемі сыйақы жүйесі және басқа марапаттаулар белгіленген еңбекақы қорына сай жұмыс орнының өзімен анықталады. Міндеттік үлестер басқарма, орынбасарларын бас есепші, оларды марапаттау жүйесі және т.б марапатталауды басқа мүшелер қабылдайды.
8.6 Қызмет көрсету іссапарларды, қызметтік және сыртқа шығыстарды төлеу.
Қызметтік іссапарлардың өзінің тұракты жұмыс орнында емес, белгілі бір уақытты мемлекеттік орын басқармасы бұйрығымен берілетін жұмысшының іссапары. Іссапарға баратын адамға кетер алдында жол ақысыз шығынға және тәуліктік тұратын орынға белгілі мөлшерде қаржы беріледі. Қызмекерлерді іссапарға жіберу мемлекеттік басқарма бұйрығымен, бұйрықтағы іссапар мақсаты, уакыты көрсетілген пункке қарап жүргізіледі. Іссапарға кететін қызметшіге іссапарлық куәлік беріледі. Онда басқарма қолы қойылады.
Іссапар орнында болу уақыты куәлікке әр келген күшіне белгі қою арқылы және шығуды да солай белгілейді. Егер қызметкер әр түрлі аймақтарда болса, онда әр аймақта куәлікке келу және кетуі белгіленеді.
Іссапарға щыққан қызметкерлерге жұмыс уақыты және демалыс уақыты белгіленеді. Оны тек іссапарға жіберген мемлекеттік орындар ғана белгіленеді.
Егер қызмекердің іссапар орны өзінің тұрғылықты орнына жақын болса және оның қайта келуіне мүмкіндік болса шығындар мына тәртіпке белгіленеді:
Егер қызметкерлер жұмыс алдында өзінің қалауы бойынша іссапар орнында қалса онда анықтайтын құжаттарды тұратын орында тәуліктік және транспорттық шығындар төленеді. Егер іссапардағы қызметкер күнделікті тұрақты орнына оралып отырса онда тек қана транспорртық шығындар жол құжаттарын көрсеткендер беріледі, тәуліктік қаржысыз. Іссапардан келген қызметкер міндетті түрде 5 күн ішінде қаржылықтың жұмсалуы тұрғысында аванстық есеп беру керек. Есеп беруге іссапарлық куәлік белгілі тәртіпке орналасқан, яғни, тұрғын жайды жалға алуы және жол шығыстары қосып беріледі.
Қорытынды сұрақтар:
1.Мемлекеттік ұйымдарға қандай шарттармен жургізіледі?
2.Еңбек ақысының негізгі принциптерін атаңыз?
3.Өтем ақы жүйесі формасы,түрі, ұқсасысы бар?
4.Мемлекет ұйымындағы өтем ақы қалай жоспарланады?
5.Өтем ақының көлемін анықтайтын қандай жоспарлар бар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгіәдебиет:[1],[2],[3],[4],[5 ],[6]
Қосымшаәдебиет:[1],[2],[3],[4].[5],[6]
9 -дәріс. Жерге орналастыру жұмыстарын басқару негіздері
Дәрістің мақсаты: басқарудың негізгі мақсат мен маңызын сипаттау.
Түйінді сөздер: басқару, өндірістік бөлім,
Жоспар:
9.1 Басқару түсінігі мен принциптері.
9.2 Басқару әдістері.
9.3 Басқару құрылымы типтері мен түсінігі.
9.4 Жобалау құрылымы басқару құрылымы.
9.5 Жерге орналастыру жобалау институтындағы өндірістік бөлімдердің құрылуы.
9.6 Өндірістік бөлімдердің мақсаттары. Басқарушылардың құқығы мен міндеттері.
9.1. Басқару түсінігі мен принциптері.
Айтарлықтай ірі масштабта жүзеге асырылатын қандай да болсын қоғамдық еңбек басқаруды талап етеді, өйткені өндірістік процестің жеке элементтерінің әрекеттері әрқашанда сәйкестіріліп отыруға тиісті. Бұл объективтік қажеттілік.
Құрылымы жағынан өндіріс әртүрлі өндірістік бөлімшелерден тұрады (жұмысшы орны, топ, бригада т.с.с.). Осы бөліктердің әрбірінің ойдағыдай функцияларын атқаруы, өзара сәйкесті жұмыс істеуі өндіріс процесінің жалпы тиімділігін себептейді. Сондықтан басқарудың аса маңызды рөл атқаратынын айта кете, өндірістік бөліктердің өзара қатынастары заңдылықтарының негізінде оларды реттеп отыру және осы арқылы жалпы өндірістік процестің жоғары тиімділігі қамтамасыз ету – басқарудың негізгі міндеті болып табылады.
Оның басты міндеттерінен бірқатар жалпы функциялары туындайды:
-
ақпарат жинау; -
оны талдау; -
нормалау; -
жоспарлау; -
ұйымдастыру; -
жұмыстардың орындалуын бақылау және тексеру.
Басқару екі жүйеден тұрады:
-
Басқару объектісінен (басқарылушы); -
Басқару субъектісінен (басқарушы).
Мысалы, Жер ресурстарын басқару Комитеті басқару субъектісі рөлін атқарса, оның қарамағындағы органдар мен кәсіпорындар басқару объектілері болып табылады.
Қай сала болса да іс - әрекеттерді жүзеге асыру барысында белгілі бір принциптерді басшылыққа алып отырады. Принциптер деп негізгі бір қағидаларды атайды.
Басқарудың негізгі принциптері: ғылымдық, жүйелік, материалдық және моральдық ынталандыру болып табылады.
Басқарудың ғылымдық принципі әр жағдайда ғылымның даму заңдарын ескере отырып, оларды шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде барынша қолдануды білдіреді.
Басқаруды жүйелі түрде жүргізу, бүкіл жағдайлар мен факторларды, олардың жұмыс нәтижелеріне әсер етуін кешенді түрде ескеріп отыруды талап етеді. Еңбек материалдық және моральдік жағынан ынталандырып отыру басқарудың аса маңызды принциптерінің біріне жатады. Ол прогрессивтік еңбек төлемі жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылып отырады. Бұл принциптің моральдік құрам бөлшегін назардан тыс қалдырмаған жөн.
9.2 Басқару әдістері.
Басқару әдістері басқару жүйесі алдына қойылған міндеттерді орындауда қолданылатын құрал.
Келесідей басқару әдістері белгілі:
1.Экономикалық. Бұдан қоғамдық, ұжымдық және жеке қызығушылық жатады. Олардың барлығы басқару арқылы ұштасады.
2.Әкімшілікті – ұйымдастырушылық. Нормативті және жеке басқару актілері болып бөлінеді.
3.Әлеуметтік – психологиялық. Ұжымдағы психологиялық климатты зерттеу негізінде жұмыскерлерге әсер ету тәсілдері.
Экономикалық басқару әдістері мынадай:
-
директивті, басқаша айтқанда мемлекеттік тапсырма. -
экономикалық тетіктер (шаруашылық есеп, баға, пайда несие, материалдық көтермелеу формалары т.б.)
Ұйымдастырушылық - әкімшілікті әдістер:
-
Нормативті актілер (жалпы тәртіптер, еңбек заңдары, күн тәртібі, жарғы, нұсқаулар) -
Жеке актілер. Бір адамға қатысты бұйрықтар, үкімдер, жарлықтар.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер:
-
Ұжымдағы психологиялық климатты ескеру -
Ұжым мүшелерінің жеке ерекшеліктерін ескеру -
Құрмет тақтасы, мақтау қазаздары т.б.
Бұл әдістердің барлығы шаруашылық жүргізуді басқару кезінде біріне бірі сәйкес қолданылады.
9.3 Басқару құрылымы типтері мен түсінігі.
Басқару құрылымы – басқару аппаратымен басқарылатын жеке жұмыскерлер мен топтардың жиынтығы, олардың бір біріне бағыныштылығы және өзара байланыс тәртібі.
Басқару құрылымы екі белгі бойынша жіктеледі:
-
Байланыс мінездемесі бойынша. Ол өз кезегінде келесіндей жіктеледі:
а) Сызықтық (1 орындаушының мен 1 басқарушы бар. Мысалы, бөлім бастығы және орындаушы);
б) Функционалды (1 орындаушы мен бірнеше басқару. Мысалы, бөлім бастығы, партия бастығы және орындаушы);
в) Сызықтық - функционалды.
2) Мамандандырылуы бойынша.
9.4 Жобалау құрылымы басқару құрылымы.
Жобалау институтының басқару құрылымын Дирекция құрамына: директор (мүлік пен қаржыға билік етеді, шарт жасайды, банкіде есеп – шот ашады т.б.), бас инженер, директордың орынбасарлары, кадрлар бойынша инспектор кіреді. Олардың жалпы саны мекемедегі жұмыскерлердің санының 20 пайызынан аспауы керек.
Өндірістік бөлімшелердің құрамы мекеме орналасқан жердегі жұмыс түрлеріне және ерекшеліктеріне байланысты болады.
9.5 Жерге орналастыру жобалау институтындағы өндірістік бөлімдердің құрылуы.
Жерге орналастыру жобалау институтының өндірістік бөлімдерінің құрылуы штаттық кестеге байланысты жүргізіледі. Штаттар рталығымен анықталады және бекітіледі.
Өндірістік бөлімдерді құрған кезде олардың жедел басқарылуын ескеру қажет.
Жобалау жұмыстарын жүргізу үшін 4 – 6 адамнан тұратын топтар құрылады. Топтың құрамындағы мамандар жұмыс түріне байланысты іріктеледі. Сондай – ақ осы жұмыс түріне сәйкес топ жетекшісі сайланады. Мысалы, ішкі шаруашылықта жерге орналастыру жұмыстарында топты жерге орналастырушы – инженер басқарады. Жұмысшы жобалау жұмыстарында жұмысты жерге орналастырушы инженер немесе техник басқарады. Жер кадастрына байланысты жұмыстарды кадастр инженері басқаруға тиісті.
Партия 10 адамнан, ал жұмыс тобы -5 адамнан кем болмауы керек. Бұларды да жерге орналастырушы – инженер басқарады.
9.6 Өндірістік бөлімдердің мақсаттары. Басқарушылардың құқығы мен міндеттері.
Өндірістік бөлімдердің міндеттері – жоспарлық тапсырманы орындау және сапалы жобалық – сметалық құжаттарды шығару болып табылады.
Басқарушылардың құқығы мен міндеттері қызметтік нұсқауларда көрсетіледі. Қызметтік нұсқаулар директордан бастап еден жуушыға дейін құрастырылады.
Өндірістік бөлімдердің басқарушыларының басты міндеті өз ұжымын қамтамасыздандыру болып табылады. Сонымен қатар тапсырыс берушімен шарт жасау, жұмыстың сметасын құру, жұмысты ұйымдастыру және орындаушылар арасында үлестіру басқарушының міндетіне кіреді. Басқарушы жұмысты ұйымдастырып қана қоймай, оның мерзімінде және сапалы орындалуына бақылау жасайды.