Файл: С сЕйфуллин атындаЫ аза агротехникалы университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 206

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бақылау сұрақтары:

1. Басқару түсінігі мен принциптері.

2. Басқару әдістері.

3. Басқару құрылымы типтері мен түсінігі.

4. Жобалау құрылымы басқару құрылымы.

5. Жерге орналастыру жобалау институтындағы өндірістік бөлімдердің құрылуы.

6. Өндірістік бөлімдердің мақсаттары. Басқарушылардың құқығы мен міндеттері.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгіәдебиет:[1],[2],[3],[4], ],[6]

Қосымшаәдебиет:[1],[2],[3],[4].[5],[6]

10-дәріс. Жер кадастры және жерге орналастыру жұмыстарын жоспарлау
Дәрістің мақсаты: Жерге орналастыру мен жер кадастр жұмыстарының жоспарлануы мен жүзеге асырылуы туралы ақпараттармен қамтамасыздандыру.

Түйінді сөздер: жоспарлау, жобалау

Жоспар:

10.1 Жоспарлау негіздері.

10.2 Жоспарлау жүйесі. Кеңістікті және өтпелі жоспарлауды жасау.

10.3 Жоспарды құру және бекіту тәртібі.

10.4 Жоспарлау іздестіру жұмыстарын жасауға шарт және қосалқы келісімдерді рәсімдеу.

10.5 Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау.
10.1 Жоспарлау негіздері.

Жоспарлаудың мәні – экономика заңдарын білумен негізделген қоғам дамуын ғылыми болжау.

Жоспарлаудың келесіндей принциптері белгілі:

  1. ғылыми, яғни жоспарлау кезінде ғылымға сүйену.

  2. дәлелділік (еңбек және қаржы ресурстарының жоспарланатын жұмыс көлеміне сәйкестігі).

  3. үздіксіздік (халық шаруашылығы жүйесі)

Жоспарлау әдістері мынадай:

  1. аналитикалық

  2. баллдық

  3. статистикалық

  4. экономика – математикалық үлгі

  5. индикативті жоспарлау

Жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар:

  1. жер кадастры және жер қорын зерттеу есептерін тіркеу;

  2. зерттеу жұмыстары жер кадастры және басқа жұмыстарды қамтамасыз етуге тиісті;

  3. суретке түсірудің барлық түрлері жобалау – картографиялық материалдарына қажеттіліктің барлығын қамтамасыз етуге тиісті.

Жоспарлаудың мақсаттары:

  1. Жобалы смета құжаттарын дер кезінде, қажетті көлем мен шамада шығару.

  2. Өндіріс құралдары мен еңбек шығындарын неғұрлым азайту.

  3. Еңбек өнімділігін өсіру резервтерін айқындау және өндірістік басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.


10.2 Жоспарлау жүйесі. Кеңістікті және өтпелі жоспарлауды жасау.

Жерге орналастыру 10 – 15 жылдық жоспарлар жасалмайды, оның орнына тапсырма құрастырылады (мысалы: актілерді тапсыру)

Бұдан басқа жерге орналастыру қолданылатын жоспар түрлері:

  1. жылдық жоспар

  2. тоқсандық жоспар (жылдың әр тоқсанына, яғни 3,6,9 айға жасалынады)

  3. оперативті (жедел) жоспар (1 айға жасалынады).

10.3 Жоспарды құру және бекіту тәртібі.

Жоспарды құру екі бағытта жүргізіледі:

  1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі республикалық комитет тарапынан. Бұл кезде жұмыс көлемі облыстар бойынша жіберіледі.

  2. Мекемелер мен кәсіпорындар қаржысы негізінде. Ол тапсырыс берушілердің орындауға жататын жұмыс көлемі мен бағасы негізінде құралады.

Жоспар жоғары тұрған органмен бекітілуге тиісті және орындалуға міндетті құжат болып саналады.

10.4 Жоспарлау іздестіру жұмыстарын жасауға шарт және қосалқы келісімдерді рәсімдеу.

Жобалау – техникалық құжаттарды жасау шарты келесіндей тәртіпте рәсімделеді:

  • тапсырыс беруші мен орындаушының аты – жөні;

  • жұмыс түрі;

  • жұмыстың мазмұны;

  • тараптардың міндеттері, құқықтары;

  • шарттың күшін сақтау мерзімі;

  • почта, телеграф, банк реквизиттері.

Шартқа қосалқы:

  • шарт бойынша жұмыстың бағасы жөніндегі келісім:

  • жобалау – іздестіру жұмыстарын орындау сметасы;

  • алғашқы мәліметтерді беру мерзімі кестесі т.б. берілуі мүмкін.

Егер де жұмыс бір жылдан артық мерзімде орындалатын болса, шартқа қосымша қосалқы келісім жасалады.

Қосалқы келісімдегі тармақтардың бәрі шарттағыға ұқсас болады.

Жобалау – іздестіру жұмыстарын орындаудың құны « Жобалау – іздестіру жұмыстарын орындаудағы бағалар жиынтығы» бойынша анықталады. Онда көрсетілген бағаларға, бүгінгі күні нақты тұрақты бағалардың болмауына байланысты келесіндей коэффициенттер қолданылуы мүмкін.

1) құнсыздану коэффициенті;

2) қосымша баға салығы;

3) еңбек ақыға қолданылатын коэффициент.

10.5 Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау.

Жылдық жоспар өндірістік бөлімшелерде құрылады. Жобалық топтарда жедел (оперативті) жоспарлау қолданылады. Жоғарыда айтылғандай ол бір айға құрылады. Жоспар құрылған және бекітілгеннен кейін әрбір орындаушыға жеткізіледі. Орындаушы жұмысқа берілген уақытты, бағасын т.б. білуге тиісті. Жұмыстардың басталуы мен аяқталу мерзімдерін анықтау үшін жұмыстардың орындалуының

сызықтық графигін құру қажет.

Сызықтық график жерге орналастыру жұмыстарының орындалуындағы мамандардың қатысу үлесін ескере отырып құрылады. Бұл кестеде жеке жұмыстарды орындаудағы мамандардың қатысу пайызы негізінде әрбір маман бойынша барлық жұмыстарды барлық объектілерде орындауға уақыт нормалары анықталады.

Осындан кейін мамандардың қажеттілігі анықталады. Бұл үшін әрбір маман бойынша уақыт шығынының жиынтығы 233,2 – ге, бес күндік жұмыс аптасындағы жылдағы жұмыс күндеріне бөлінеді.

Жұмыстың орындалуының графигі миллиметрлік қағазға жасалады. Сызықтық графигі келесіндей тәртіпте құрылады:

жұмыстың басталу және мерзімдері анықталады;

объектілер бойынша жобалау жұмыстарының түрлері мен кезеңдері анықталады;

әрбір жұмыс түрінің ұзақтығы анықталады;

жобалау топтарының құрамы айқындалады;

календарлық жоспарға мерзім бойынша түзетулер енгізіледі.

Әрбір келесі кезеңде орындау алдынғы кезеңнің жұмыстарын толық орындағаннан кейін жүргізіледі.

Жыл мерзімдері жұмыстың технологиялық дәйектілігіне әсер етеді. Қыс айларында жобалау жұмыстарын, ал жаз айларында, яғни 1.05 – 30.11. дейін далалық жұмыстарды жоспарлау қажет.

Мысалы: Топ жетекшісі: ауданның жерге орналастыру схемасы (дайындық жұмыстары) – 60 күн.

Жобаны жер бетіне түсіру – 40 күн

Құжаттарды әзірлеу – 30 күн

Жоспар жаз айларында барлық далалық жұмыстарды жүргізуді аяқтап, қыс айларында орындалуға тиісті жұмыс көлемі болатындай етіп құрастырылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Жоспарлау негіздері

2. Жоспарлау жүйесі. Перспективті және өтпелі жоспарлауды жасау.

3. Жоспарды құру және бекіту тәртібі.

4. Жоспарлау іздестіру жұмыстарын жасауға шарт және қосалқы келісімдерді рәсімдеу.

5. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгіәдебиет:[1],[2],[3],[4], ],[6]

Қосымшаәдебиет:[1],[2],[3],[4].[5],[6]

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министірлігі
С.Сейфуллин атындағы қазақ арготехникалық университеті
Кадастр және бағалау кафедрасы

Тәжірибелік сабақтар тақырыбы

Нұр-Сұлтан-2022 ж.



Тақырыптың атауы


Практикалық сабақтардың тапсырмасы


Практикалық сабақ 1. Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстар менеджментінің әдістемелік негіздері

1.1. «Менеджмент» тұжырымдаманың мазмұны

1.2. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

1.3. Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстар менеджменттің мәні

1.4. Жерге орналастыру және

кадастрлық жұмыстар менеджментінің сипаттамалары мен кезеңдері

Практикалық сабақ 2. Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындайтын ұйымдарды мен компанияларды жіктеу. Оларды зерттеу әдістемесі.

2.1 Жерге орналастыру, кадастр жұмыстарының жағдайларын анықтауды білу

2.2 Ұйымдар мен компанияларды жіктеу

Практикалық сабақ 3. Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен компаниялардың қызметі

3.1 Ұйымдар немесе компаниялардың құрылымы

3.2. Бас ұйым (Орталық кеңсе), ұйымдастырушылық-экономикалық орталық басқару және оның негізгілері.

Практикалық сабақ 4. Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстар орындайтын ірі ұйымдар мен компаниялардың даму стратегиялары

4.1 Стратегияларды, жолдарды әзірлеу және қол жеткізу әдістерімен танысу

Практикалық сабақ 5. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі және іске асыру

5.1 Басқару шешімдерді қабылдау процесі, мазмұны және кезеңдері

5.2. Ең маңызды шешім қабылдауына қойылатын талаптар

Практикалық сабақ 6. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

6.1 Ақпараттық технологиялар қызметі

Практикалық сабақ 7. Өндірістің даму ұйымдастырушылық басқару құрылымдары

7.1 Өндірісті басқарудың негізгі факторлары

Практикалық сабақ 8. Персоналды басқару

8.1 Фирмадағы кадрлық саясатты әзірлеу және өткізу

8.2. Еңбек төлемі және оны ынталандыру

Практикалық жаттығу 9. Объектілерді таңдау және жерге орналастыру кадастр жұмыстарының жағдайларын анықтау

9.1 Қазіргі жағдайда өндірісті басқару



Практикалық сабақ 10. Жобаны жер бетіне көшіруге жұмсалатын жоспарлы уақыт шығынын есептеу

10.1 Жобаны жер бетіне көшіруге жұмсалатын жоспарлы уақыт шығынын есептеуді үйрену




Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Кадастр және бағалау кафедрасы
Жер ресурстарын басқару, сәулет және архитектура факультеті

«Кадастр» мамандығы

«Жерге орналастырудағы және кадастр жұмыстарының менеджменті»

пәні бойынша СӨЖ орындауға арналған

тапсырмалар


Нұр-Сұлтан 2022


Тақырып

СӨЖ тапсырмалары

Жұмыстың мазмұны мен мақсаты

Бақылау түрі

1

2

3

1. Жерге орналастыру және кадастр органдары, құрылымның дамуы және жетілуі, жерге орналастыру қызметі.

1. Қазақстан Республикасында жер ресурстарын пайдалану жөніндегі комитеті және оның бөлімшелері.

2. Жерге орналастыру, кадастр бойынша жұмыстардың құрамы мен құрылымы.

Презентация

2.Жерге орналастырудағы және кадастрдегі еңбектің мазмұны және сипаты.

1. Өндірістік процесстің құрылымы.

2. Жоспар қаржылық тәртіптің және есептеу дұрыстығының сақталуын бақылау

Презентация

3.Өндірістік процесстің құрылымы.


1. Жерге орналастыру және кадастр бойынша жұмыстардың орындалуына әсер етуші табиғат – экономикалық жағдайлар.

2. Далалық және камералдық жұмыстарды орындау барысында инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудың негізгі жайлары

Презентация

4. Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын қаржыландыру және оның көздері.

1. Менеджменттің даму мәні және принциптері.

2. Басқару функциялары және оны байланыстырушы процесстер.


Презентация

5. Жерге орналастыру және кадастр бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері.

1. Ұйымдарды бәсекеге қабілеттілік

қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.


Презентация

6. Менеджменттің даму мәні және принциптері.

1. Менеджменттің мәні мен негізгі принциптері.

Презентация

7. Бизнес – жоспарларды жасау.

1. Жерге орналастыру жұмыстарының жоспарлануын, есепке алынуын ұйымдастыру.

Презентация

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Кадастр және бағалау кафедрасы

Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің 6В07303 – «Кадастр» мамандығына арналған «