ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 12048
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Маған да көптеген қиындықтар қарсы тұрып, жолыма тосқауыл болды. Сонда мен де күні бойы сол туралы ойлап, салым суға кетіп жүретін. Әрине, менің өмірімдегі қиындықтар сабаққа қатысты болды. Орыс тілін өте төмен деңгейде білдім, информатика сабағы да көптеген қиындықтар тудырды. Сонымен қатар отбасымнан жырақта жүрген соң оларға деген сағынышым да жанымды жегідей жеді. Күнде уайымдап, жылап, өз-өзімнен таусыла беретінмін, тіпті өмір сүруге деген құлшынысым азайып, алға қойған жоспарларымның ешқайсысы жүзеге аспады. Ұзақ жыладым, ешкіммен араласпай, дос болмай жүрдім. Сонда мен не ұттым? Әрине мұның бәрі маған кері әсерін тигізді. Ата-анам да мен үшін уайымдап, ұйықтамай жүрді.
Түбінде мен үлкен жеңіске жеттім, өз қиындықтарымды жеңе білдім. Мұның ешқандай қиыншылығы жоқ. Ең басты алдыңа мақсат қоя біл, егер бір нәрсе қолыңнан келмесе, тырыс, талпын, сонда ғана сен сол көздеген мақсатыңа жетесің. Мен бүгін төмен нәтиже көрсетсем, келесіде жоғарғы нәтижеге жету үшін көп еңбектендім, және осы еңбегімнің жемісін көрдім. Сонымен қатар кейбір адамдар қиындықты өзі шақырып алады. Егер қиындық сені қуып келе жатса да артыңа қарама, оны ұстатпай қашып кететініңе сенімді бол. Бірақ саған қашу үшін күш керек, ал сен күшті өмірден аласың. Сол үшін сен өміріңді жандардырып күш жина, сол күшпен қиындық атаулыға оп-оңай тойтарыс бере аласың.
Мен де күрестім, бірде жеңдім, бірде жеңілдім, бірақ мені жеңістерімнің көп болғандығы қуантады. Тағы да айта кететін нәрсе, қиындығың туралы жалғыз өзің ғана білмей, өзге адамдармен де бөліс, сонда олар саған бұндай жағдайлардан шығуға көмектеседі.
Қорытындылай айтқым келетіні, алдыңа мақсат қоя біл, сол мақсатқа жетер жолда талай сүрініп, талай жығылсаң да ешқашан мойныңды артқа бұрма. Осы кезден бастап өз-өзіңді мықтылыққа тәрбиелесең, болашақта кез болған барлық қиындықтарды жоя аласың.
№66 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІМ-ИЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүнеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға құмар еліктегіш болып келеді. Бала кезден мен армандаған мамандық-ұстаз болу еді. Қазіргі таңда сол мамандықтың иесі болып табыламын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
РЕКЛАМ
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-
деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық.Осы орайда менің мақсатым: тек білім қағидаларын меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі тануға, дамытуға ұмтылатын,ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын балаларды тәрбиелеу. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған мақал.
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаны — өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден — өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін үлкен қуаныш.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу — кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы
Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні — жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы.. тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім — ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп бекер айтпаған.Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат етуде. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйе отырып, осы іске деген қызығушылықпен, әрбір ізденіс, әрбір іс- қимылымыз тек оқушыға, оның біліміне, оның болашағына ғана арналса, шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсетіп, ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейтініміз күмәнсіз.
№67 МЕНІҢ КӘСІБИ ЖОЛЫМ
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық — ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Менің пікірім бойынша бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелей отырып, оқушының бойына жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту қажет. Ол үшін білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Мен өз кәсібімді, өз пәнімді, барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Ұстаздық қызметіме деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін. Әр ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге бола білуі тиіс деп ойлаймын.
Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым-Өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, әлемдік кеңестікке еркін самғай алатын, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім — тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекеті болды. Тәуелсіз елеіміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз елеміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге — мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.
Абай атамның «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы“Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақтытәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»-дегендей ұстаз болғанымызды мақтан етемін.
№68 ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУ ҮШІН,СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗГЕРТУІҢІЗ ҚАЖЕТ.СІЗ БҰНЫ ҚАЛАЙ КӨРЕСІЗ?
Өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені бәрімізге мәлім. Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар аудара бермейді. Мысалы мен мына бір мақалды эфиграф ретінде ала отырып, осы мақалға сүйену арқылы шығарманы жазуды жөн көрдім. «Тәрбиесіз алған білім- адамзаттың қас жауы» деген атам қазақ ендеше кез- келген адам өзін-өзі басқаруы, бақылауы қажет. Себебі адам өз іс-әрекетіне үнемі есеп бере бермейді. Сондықтан да өмірде көптеген қателіктерге тап болып жатамыз. Бұл дегеніміз адамдардың өз –өзіне аса мән бермеу, яғни әр адамның жүріс –тұрысы, көзқарасы, пікірі болады. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаныңда әсері қоғамның да әсері зор. Сондықтан да адам бірінші өзінен бастау керек. Мен кіммін? Қалай киінем? Қалай жүрем, кіммен жүрем? Қалай сөйлеуім керек? Осы өмірде менің қалағаным не? деген сияхты көптеген сұрақтар үнемі мазалап тұру керек.