ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 12040
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
- Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
- Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама -қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
- Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі саралауды талап ететін кешенді құрылымдық жүйе екендігі белгілі. Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады.
Аталған әдісті кәсіптік тәжірибемде қолдану арқылы төмендегідей қорытындыға келдік:
Сase-study әдісімен жұмыс жасаудағы артықшылықтар: әрбір қатысушы өзінің пікірін басқа қатысушының пікірімен салыстыра алады, шешіліп жатқан мәселенің өзектілігі және оны білім алушылар тәжірибесімен тығыз байланыста болғандықтан білім алушылар ынтасы мен белсенділігі жоғары болады.
Сase-study әдісімен жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтар: нашар ұйымдастырылған талқылаулар ұзақ уақыт алуы мүмкін. Егер қатысушылар да қажетті білім мен дағдылар болмаса, жұмысты дұрыс ұйымдастыруда және талқылауға дұрыс бағыт беріп отыруда қатысушының кәсіби біліктілігіне жоғары талап қоймаса, жақсы нәтиже көрсете алмайды. Сонымен қатар, мұғалім практикалық жағдаяттарды талқылауда оқушыларда жиі кездесетін қателерді болдырмауға тырысу керек. Олар:
- Оқушылар берілген ақпараттардың ішінен қажеттісін ажыратам деп сол ақпараттарға көміліп, негізгісін анықтай алмайды;
- Жағдаятты тар көлемде қарастырады да, проблема көрінбей қал
- Оқушылар талқылауды аяқтамай-ақ, әрекет ету жоспарын құрады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, белгілі мотив-мақсаттардың мазмұны болмасын, олардың алғашқы басқышында жетістіктің түрткісі орын алуы тиіс. Өзіндік даму мен өзіндік жетілуге деген қажеттіліктерден туындайтын түрткі саналылыққа ауысып, адамның әрекет ету ортасын кеңейтіп отыратын себептерін оятады тұлғаның әлеммен байланысын кеңейтіп, қорытындысында білім алушыны өзіндік кемелденуге жетелейді
Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оның кәсіби беделі орталықтан орын алатын мінез- құлықтың қасиеттерін қамтушы оң қасиеттердің ауқымын белгілейді.
К.Ушинскийдің пікірінше, бала өз оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оны оқу процесін басқару. Қазақстан білім беру кеңістігінде реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келетін фактілерінің іске асырылуында деп сөзімді аяқтаймын.
№12 Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз да, дарынды және талантты тұлға болу мүмкін емес.
Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру- қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Ендеше, «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» - деген тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі әрбір адамның ойына түрткі салуы тиіс. Өйткені мұғалімнің бүгінгі күні жасап отырған еңбегінің нәтижесі қандай болса, еліміздің, қоғамымыздың болшағы да сондай болмақ.
Демек, жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, талантты, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.
Білім берудегі негізгі мақсат - тек білімді, дарынды, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Жаңа заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие үдерісінде жүзеге асырылатындықтан, білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, әрі нақтырақ қарастырылады.
Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы” деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Біз алдымыздағы жеке тұлға – оқушымыздың құзырлығын дамыту үшін, яғни қоғамның жан –жақты білімді, белсенді азаматын тәрбиелеу үшін, сыныпта өтілген тақырыптарды, одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу үшін мынадай мақсаттарды көздеуіміз қажет:
- оқушылардың қазіргі заманға сай бейімделуіне, халқына зор көмек беретін, жаңалық аша алатын тұлғаны қалыптастыру;
- бастаған жұмысты тиянақты дер кезінде аяқтауын қадағалау, дарынды және талантты тұлғаны даярлау болып табылады.
Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Осы ретте, баланың өмірден өз орнын табуы үшін оның қабілетін ерте кезден дамыту тікелей ұстазға байланысты деп білемін. Ал, талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда қолданылатын кеңейтілген тапсырмаларды мақсатты, сауатты пайдаланудың маңызы зор. Ол балаға қалай әсер етеді? Жауап төмендегідей:
1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдану;
2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдау;
3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыру;
4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесу;
5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеу;
6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізу;
7. Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысу;
8. Сыни ойлау дағдыларын дамыту;
9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану;
10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдану;
11. Аса құштар және ынталы болу;
12. Оқушылардың жетістікке жету қабілеттерін көрсету;
Кеңейтілген тапсырмалардың он екі идеясын қолдану арқылы біз тек оқушы бойындағы дарын мен талантты дамытып қоймай, сонымен қатар тұйық оқушы бойындағы талантты анықтауға мүмкіндік аламыз. Дұрыс таңдалған бір әдістің өзінде он екі идеяның бірнеше ерекшелігі тоғысып жатады. Биология пәнін оқытуда кеңейтілген тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы оқушының пәніме деген қызығушылығын арттырып, білім алу құштарлығы мен ынтасының жоғарылайтындығын түсініп келемін.
Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.
Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесу, өзін шығарашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Әдебиет сабағында оқушының сөйлеудегі және жазудағы тіл мәдениеті дамып, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуі, ұтымды, шешен сөйлеуі қалыптасады. Бұл пәннің баланың бойындағы дарынды аша білудегі мүмкіндігі жоғары. Ал, дарынды оқушыны жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты да шебер ұстаз ғана тәрбиелей алады. Дарынды мұғалім дарынды баланы бірден таниды. Ол оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оның талантының ашылуына дер кезінде қолдау көрсетеді. Қосымша жұмыстар жүргізе отырып, оқушы шығармашылығын дамытуға, оның қызығушылығын оятып , өз бетімен жұмыс істеуіне шабыттана көмектеседі.
Қорытындылай келе, кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Сондықтан ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырларына жауапкершілікпен қарап, өмірден өз орнын табуына өз ықпалын тигізгені дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін.
№13 МЕН ҮШІН ПАТРИОТИЗМ ДЕГЕН НЕ?
Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
№14 Білім беруді нығайтудағы көзқарасым
Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «....басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық- интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» - деп көрсетілген.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Сондықтан білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кәсіби-құзырлы тұлғаны қалыптастыруды, кәсіби мәселелерді өз бетімен шешуге қабілетті маманды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тиімді құруды, кәсіби қызметтің қоғамдық және жеке тұлғалық мәнін, оның нәтижесінде жауапкершілікпен қарап, сезінуді болжайды.
Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ негізгі тірегі - білімді, білікті, іскер, белсенді адамдар екені өтірік емес. Сондықтан, қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Білім берудің маңызды шарты - оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын, арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.