Файл: Дріс тезистері апта Дріс таырыбы жне тезистер Саат клемі 1,2 дріс Таырып Психологияа кіріспе. Психологиядаы дістерді жіктеу.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 197

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Естің электротоникалық теориясы қысқа мерзімдік есті синапс арқылы жүйке импульстерінің өту кезінде дамитын спецификалық құбылыстар арқылы, және оларда бірнеше минут не сағат бойында тіркелінетін, қатаң белгіленген синапстер арқылы импульстердің өтуін жеңілдете алатын электротоникалық потенциалдардың дамуымен түсіндіруге болатынына негізделеді. Орталық жүйке-жүйенің (ОЖЖ) кез-келген деңгей нейрондарының күшті тітіркенуі бұл нейрон қозуының өсуімен және тітіркенудің тоқталуынан кейін импульстің ұзақ белсенділігінің дамуымен білінетін құбылысына жиі әкеліп соғады

Ұзақ мерзімді естің физиологиялық механизмдері тек импульстардың циркуляциясы немесе бөлек нейрондардың электрофизиологиялық сипаттардың өзгерістеріне негізделе алмайды. Ағзаға түрлі әсерлер (гипоксия, наркоз, суыту, ұйқы) сақиналық реверберация байланыстарды бұзуы және нейрондардың қозуын төмендетуі мүмкін. Ақпараттың алып мөлшеріне қарамастан ұзақ мерзімді есте айнымас күйінде сақталынады.

Анатомиялық теория бойынша есте ақпаратты сақтау жаңа терминалды талшықтардың құрылуы, олардың форма, өлшемнің өзгерісі арқасында, басқа нейрондармен байланыс орнататын нейрондардың дендриттерінде ысылдау құрылғының дауы арқасында жүзеге асады.

Ұзақ мерзімді ес механизмдерінде бас ми нейрондарында ДНК мен РНК молекулалар құрылымының қайта құрылуы маңызды рөл атқаратынын енді толық сенімділікпен айта аламыз.

Ұзақ мерзімді естен ақпаратты шығару жылдамдығы келесі факторларға тәуелді:

  • кластың ауқымынан (таңдау жүзеге асырылатын альтернативалардың мөлшерінен);

  • ақпараттың құндылығынан;

  • адамның бағдарынан;

  • логикалық категоризациясынан.

Ұзақ мерзімді есте ақпаратты сақтауды анықтайтын факторлар: мәліметтің әдеттілігі; контекст; кодтаудың спецификалық принципі; түрткі; зерттелінетін материалды тереңдетуі жатады.

Ес процесс ретінде қарастыру оның дәреже (процестердің) қатарын ажыратуына мүмкіндік береді. Ес процестеріне: есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту және ұмыту жатады.

Есте қалдыру немесе көру естің әсерлеуі әлдебір бейненің қалыптасуымен байланысты.

Кез келген адам алты белгісі бар санды жеңіл есте қалдыра алады. Механикалық есте сақтаудың көлемі – 7±2. Алты белгісі бар телефон нөмірлерін қалай есте сақтай аламыз? Сіз үшін ол адам қаншалықты маңызды болса, оның телефон нөмірін есте қалдыру жеңілірек болады. Басқалар өз телефон нөмірлерін алуға көндіретін болса да, Сіз оны есте қалдыра алмайсыз. Бұл жерде қайтадан Сіздің тұлғаңыздың түрткілы-қажеттілік жүйесімен байланысты: қызықтыратындығы, маңызды болатыны ғана есте қалады. Ол Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап беріп, олар қанағаттанады. Егер Сіз қызықты еместі өзіңізге қызықты етіп жасасаңыз, сол кезде керектісінің бәрін есте қалдыра аласыз.


Іздерді есте сақтау ес жүйесінде орталық түйін болып табылады. Табылған ақпаратты жинау мен сақтау процесінде ОЖЖ-да күрделі қайта өңделуі іске асады. Бірдей немесе ұқсас әсерлердің бірнеше қайталануы есте қалуы жай басу мен бекіту принципі арқылы емес, ескі ақпаратты реттеу, құнар беру, жаңа келген ақпаратпен салыстыру жолымен орындалады. Бұл сатыда ақпараттың екінші рет (бірінші - қабылдау кезінде) бұрмалануы болады.

Есте сақтау біздің күнделікті өмірде әдеттегі ес деген түсінік болып табылады. Ол естің орталық түйінінің бірі.

Қайта жаңғырту ес блоктары немесе жүйелерінен ақпаратты шығаруымен (оқу) сипатталады. Қайта жаңғырту есте қалдыру сияқты ерікті және еріксіз болады. Еріксіз қайта жаңғырту аңдаусыз болады да, беймаза сипатта болуы мүмкін. Ерікті жаңғырту ұзақ мерзімді есте сақталған бұрынырақ табылған ақпаратты қайта жаңғыртуымен айқындалады. Ол таңдау сипатына ие, зейінді, кейде маңызды ақыл-ой жігерін қосуды талап ететін белсенді процесс.

Қайта жаңғырту вербализациялау процесімен байланысты. Ол кемінде үш түрлі болады - қалыпты қайта жаңғырту, танып білу және реминисценция.

Қалыпты қайта жаңғырту - ес процесі, оның нәтижесінде өткенде ұзақ мерзімді есте бекітілген мазмұнын актуализациялау (шығарып алу) және оны қысқа мерзімді еске аудару.

Қайта жаңғыртудың ерекше түрі танып білу, яғни қабылданатын объектіні өткен тәжірибеден таныстығын мойындату, теңестіру. Танып білу белгілі әсерді естің сәйкес іздерімен салыстыру операциясына негізделеді. Өз өміріңізде Сіз осы жаңғыртудың түрімен жиі кездесесіз, сонымен бірге емтихандарда да. Тәжірибелі ұстаздың студентпен жақсы ұйымдастырылған өзара әрекет оқу материалы осы жаңғыртудың түрін белсендіре алуы мүмкін.

Ұмыту деп қайта жаңғырта алудың мүмкін еместігі ретінде, табылған ақпаратты практикалық іс-әрекетте қолданбау мен пайдаланбау ретінде түсініледі. Бірақ ол белгілі жағдайда жаңғырта алады.

Ұмыту процесін экспериментті түрде алғаш зерттеген неміс ғалымы Г. Эббингауз зерттеудің негізінде мағынасыз материалдың ұмыту заңын орнатты (3-суретті қараңыз).

Бұл заңды біле отырып, біз мысалы қылмыс әрекетті анықтау жұмыстары неге бірден өткізілетінін енді түсінеміз: бірінші тергеу 3 сағаттан, ақырғы жағдайда – 72 сағаттан кешікпей өткізілуі тиіс. Сондықтан да ең толық және дәл ақпаратты алу үшін куәгерлерді 3 тәулікке дейін тұтқынға алуы мүмкін.

Ұмыту - естің тиімді жұмысына қажетті процесс. Ұмытудың көмегімен адам сансыз көп нақты белгілерден көтеріліп, өзіне жалпылау мүмкіндігін жеңілдетеді. Ұмытуды басқару қиын. Адамда ұмыту қабілетінің болмауы үлкен мәселелердің туындауына әкеліп соғатыны туралы тарихта мысалдар көп (Психология хрестоматиясындағы А.Р. Лурия жазған Шершевский оқиғасын қараңдар).




3-сурет. Эббингауздың ұмыту қисығы
Ұмытуға келесі факторлар әсер етеді:

  • жасы;

  • ақпарат сипаты мен оны қолдану дәрежесі;

  • интерференция (ақпаратты есте қалдырудан бұрын өтетін оқиғалармен байланысты проактивті интерференция; материалды есте қалдырудан кейін өтетін оқиғамен байланысты ретроактивті интерференция);

  • басу (Фрейд бойынша белсенді ұмыту, сана деңгейіндегі ес, іздердің тежелуі мен бейсана облысына ығыстырылуы. Қазіргі кездегі психологтар түрткілендірілген ұмыту туралы айтуды қалайды. Ол арқылы адам белгілі жағдайдың жағымсыз жақтарынан "қашуға" тырысады).

Егер бір процесте (ес сатысы) "бұзылса", естің бүкіл жүйесі бүтінімен зардап шегеді. Ал ес барлық психикалық процестерді сақтайтындығынан, ол ТПЖ-ның ядросы болып табылады ғой. Ол танымдық процестердің бүкіл жүйесінің бағдарламалық жабдықталуын орындайды. Есті тұлғаның «қорғаушысы» деп атайды, өйткені ес тұлғаның бар қырларын, адам өмірлік іс-әрекет нәтижелерін қорға жинайды. Ес ойлаумен тығыз байланысты. Егер ойлау жақсы жетілген болса, онда есті де жетілдіру мүмкіндігі бар. Бірақ ол үшін оның заңдарын жақсы білу шарт.

Мнемалық іс-әрекеттің заңдылықтары

Мнема (грек тілінде ес). Зейгарник эффектісінің мазмұнын келесіден көруге болады. Егер адамдарға тапсырмалар қатарын ұсынсақ, және біреулерін аяғына дейін жеткізуге, ал басқаларды аяқтамай қалдыруға мүмкіншілік берсек, онда зерттелінушілер аяқталмаған тапсырмаларды үзіп жіберу кезінде аяқтаған тапсырмалардан екі есе артығырақ есіне алатындығы анықталынады. Бұны былай түсіндіруге болады: зерттенушілер тапсырманы алу мезгілінен оны орындау қажеттілігі пайда болады, және де оның күші тапсырманы орындау процесі кезінде артады. Бұл қажеттілік тапсырма орындалғанда өзін толығымен іске асырады, ал егер тапсырма аяғына дейін жеткізілмесе, ол қанағатталмаған күйінде қалады. Түрткі мен естің байланысында біріншісі аяқталмаған тапсырмалардың іздерін сақтап, ес талғамдылығына әсер етеді. Бұдан келесідей қорытынды жасауға болады: адам оның ең өзекті, бірақ қанағаттандырылмаған қажеттіліктеріне жауап беретін нәрселерді еріксіз өз есінде сақтайды және қайта жаңғыртады (ол да еріксіз).


А.А. Смирнов (әрекет теориясын ұстанушы) өз зерттеулерінде есте, ойға қарағанда, әрекеттердің жақсырақ сақталатынын, ал әрекеттер арасында өз кезегінде, кедергілерден өтумен байланыстылары, оған қоса аталған кедергілердің өздері де есте берік сақталатынын анықтаған.

● Шеткі әсері. Бірыңғай ақпаратты есте сақтау барысында, басқаларына қарағанда, оның басы мен соңы еске жақсырақ түседі.

● Реминисценция эфекті жатталған материалды қосымша қайталаусыз-ақ еске түсірудің уақыт өтісімен жақсаруында байқалады. Көбіне бұл құбылыс материалды есте бірден жатқа сақтауда емес, оны жаттау барысындағы қайталауларды бөлу кезінде орын алады. Материалды бірнеше күннен кейін (2-3 күн) еске түсіру, оны жаттағаннан кейін бірден еске түсіргенге қарағанда, жақсырақ нәтиже береді. Реминисценция, бәлкім, жатталатын материалдың ішінде қалыптасатын қисындық, мағыналық байланыстары уақыт өтісімен бекітіліп, неғұрлым анық, айқын бола бастайтындығымен түсіндірілетін шығар.

Ес бұзылыстарымен айналысқан танымал зерттеуші Т. Рибо психологияны ұғынуда маңызды болып табылатын амнезия – уақытша естен айырылу жағдайларын талдай келе, екі заңдылықты бөліп көрсетеді:

- адамның есі тұлғамен, ондағы патологиялық өзгерістер әрқашан ес бұзылыстарымен қатар жүретіндей болып байланысқан;

- адамның есі қалай болғанда да бір заңға сәйкес жойылып, сол заң бойынша қайта қалпына келеді: естен айырылу барысында, ең алдымен, неғұрлым күрделі және жақын арада жинақталған ойлар зақымдалады; естің қайта қалпына келуі барысында жағдай осы айтылғанға дәл қарама-қарсы күйде болады, яғни алдымен ең жай және ескі естеліктер, содан кейін ғана неғұрлым күрделі және жақын арадағы естеліктер қалпына келеді.

● Ұмыту динамикасы тікелей сипатта болмайды. Бір нәрсені есіне сақтаған адам алғашқы сегіз сағат ішінде кейінгі отыз күнде ұмыт болатындай мөлшердегі ақпаратты естен шығарады.

● Фрейд бойынша, түрткіланған ұмыту заңы адамның психологиялық тұрғыдан өзіне жағымсыз нәрсені ұмытуға бейімді болатынын көрсетеді. Мұндай жағымсыз мүдделер мен уәделерді түрткіланған түрде ұмыту әсіресе, олардың жағымсыз көңіл-күйлік толғаныстармен байланысты болған жағдайларында жиі орын алады.

● Оқиғаларды дәл еске түсіру мен сол дәлділіктің нақтылығына сенімділік арасында біржақты байланыс әрқашан бола бермейді. Адам оқиғаларды объективті түрде дұрыс еске түсіргенімен, оны ұғына бермеуі, керісінше, қателескен болса да, еске түсіргенінің дұрыстығына сенімді болуы мүмкін.


● Адамның нашар есі жаттауға қарағанда, еске түсірудің қиындықтарымен көбірек байланысты болуы мүмкін. Табысты еске түсірудің неғұрлым көрнекі мысалдарын гипноз бере алады. Оның ықпалымен адам баяғыда ұмыт болған, ол жөніндегі естеліктер мүлдем жойылған деп саналатын алыста қалған балалық шақ оқиғаларын еске түсіруі мүмкін.

● Ақпаратты есте сақтау мен еске түсіру процестері бір-бірімен мүлдем сыйыспайды, әрі қарама-қайшы бағытталады. Жаңа ақпараттың кең ағымы еске түсіруге кедергі жасайды, ал үлкен көлемді мәліметтерді еске түсіру қабылдау процесіне анағұрлым аз әсер етеді деп айтуға болады. Мәселен, адам ақпараттық вакум жағдайында естің, тіпті жалпы алғанда, ақылының да біршама айқындалуын сезінеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері неде?

  3. Зейіннің іс-әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі қандай?

  4. Қандай жағдайда белгілі адам үшін объект “қызықты” болады?

  5. Зейіннің алаңдауымен қалай күресуге болады?

  6. Зейіннің ұзақ тұрақтылығы қандай жағдайда сақталады?

  7. Еріксіз зейінді шарттандыратын факторлар дегеніміз не?

  8. Зейін көлемінің индивидулды ерекшеліктерден, материал құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі неден көрінеді?

  9. Зейін бөлінуі қандай шарттарға тәуелді?

  10. Зейін ауысуы мен орнықсыз зейіннің тербелістерінің айырмашылығы қандай?

  11. Зейін қалыптасуының маңызды тәсілдерін атаңыз.

  12. Ес қандай процестерді қамтиды?

  13. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ес қалай өзара әрекеттеседі?

  14. Психолог тәжірибесінде ес заңдылықтары туралы білімді қалай қолдануға болады?


Әдебиеттер тізімі:

  1. Психология внимания / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер и В.Я. Романова. М., 2001.

  2. Аткинсон Р. Человеческая память и процесс обучения. М., 1980.

  3. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Алматы, 2007.

  4. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.

  5. Психология памяти / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер и В.Я. Романова. М., 2008.

  6. Солсо Р.Л. Когнитивная психология. М., 2002.

  7. Хофман И. Активная память: эксперимантальные исследования и теории человеческой памяти. М., 1986.