Файл: Кіріспе блімі Бастауыш мектепте аза тілін оытуды азіргі жадайы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 140
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс;
2. Көрнекілік әдістер тобы демонстра-ция, иллюстрация, бақылау;
3. Практикалық немесе тәжірибелік әдютөр тобы лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
Ғылыми педагогикалық әдістерде топ-тастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсемділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктив әдіс;
- проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):
- жаңа білім беру әдісі;
- біліктер мен дағдылар қалыптастыру әдісі;
- техникалық қуралдармен жұмыс істеу әдісі,
• өзіндік жұмыс істеу әдісі;
- білімді тексеру әдісі;
- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тутас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
- ой-танымдыл ық әрекеттерді уйымдас-тыру;
- - оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі ба-қылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психология-лық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг);
• ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):
- жаңа білімді игеру әдісі;
- өзіндік білім әдісі;
- проблемалық әдіс;
- практикалық әдіс;
- керкем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең кәл тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес (ИХОгородни-ков, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.
Осы айтылған мәселерді пайдалана отырып, қазақ тіліндегі зат есімдерді оқыту туралы біршама кеңірек тоқталып өтуді жөн санаймыз.
Мектепте зат есімді оқыту аса қиындық келтірмейді, өйткені зат есім туралы түсінік балаларға бастауыш сыныптардан белгілі. Зат есімді оқыта отырып, тіл дамыту жұмысын мьнадай бағытта ұйымдастыруға болады. Ең алдымен мұғалім зат есімнің не екенін түсіндіруі тиіс. Зат есімнің жалқы және жалпы түрін,заттың аты, заттық ұғымды білдіретін белгілердің аты, т.б. зат есімдерді түсіндіруі қажет. Ол үшін мұғалім мынадай мәтіндерді магнитофон арқылы оқушыларға тыңдатып, қандай зат есімдерді байқағандарын айтқызады. Мәтінді мұғалім күні бұрын магнитофонға түсіріп, дайындауы қажет. Әрбір зат есімді балаларға сөйлем ішінен ерекше үнмен, екпінмен аңғарту мақсат етіледі. Оқушылар мынадай мәтінді тындауы қажет:
«Балақай-ау, балақай.
Жаз келді жайнап, алақай!
Қызғалдағын қызартып,
Шақырады қыр мен сай.
Көк ала қанат көбелек,
Селтең етіп жөнеледі,
Қызықсьн деп сендерді,
Айналады дөңгелеп
Алақай-ау, алақай,
Қара-қара балақай.
Құйрықтарьн тістесіп,
Ойнақтайды құльн, тай.
Ботақандар иіліп,
Бұзау мұрнын шүйіріп,
Қошақандар құржыңдар,
Лақ сеқіреді сүйініп»—
(М.Хакімжанов, Ақ қала)
Балалар мынадай зат есімдсрді атауы тиіс: балақай, жаз, қызғалдақ, қыр, сай, көбелек, құлын, тай, ботақан, бұзау. қошақан, лақ. Бұдан кейін мұғалім осы зат есімдердің қандай заттық атауларды білдіріп тұрғанын сұрауы қажет. Олар гүд, төрт түлік мал, жыл мезгілі деген заттық белгілерді, атауларды айтуы тиіс.
Мұғалім зат есімді оқыту тұсында жер, су, қала, т.б. заттық ұғымдардың этимологиясымен таныстырғаны жөн. Мұғалім сабақтың ыңғайына қарай мынадай географиялық атаулардың нені білдіретінін, қалай шыққанын және үйренген сөздсрін сөздік дәптерлеріне жаздырьп отыру қажет. Мысалы: Тынық мұхит –біріші рет жер шарын айналып шыққан саяхатшы Магеллан мұхиттың өте тынық екенін байқағандықтан-, оны Тынық мұхит деп атаған. Енисей— эвенкі тілінде Йоанеси - үлкен өзен деген сөз, ненец тілінде Енасе- кең өзен деген мағынада. Амур эвенкі тілінде – Та-Тур -өте үлкен өзен деген сөз. Зеравшан өзенінен алтын алынған екен. Сондықтан осылай аталыпты. Ялта – грек сөзі, грекше ялос- жаға деген сөз : теңіз жағасы мағынасында аңғарылуы қажет. Аңғара – бурят тілінде аңғар, таудағы шатқал деген сөз. Батуми –латынша батус- терең қойнау деген сөз.
Оқушьлардың вокзал деген сөзді білмейтіндері жоқ. Оны темір жол станциясыньң үйі дейді. Міне осы вокзал сөзінің аталу тарихы бар. Лондонға жақын жерде француз қызы Жанна Вокстің серуендейтін үлкен бағы болыпты. Сол бақты қыздың атымен Вокс (вокзал) деп атапты. Ресейде темір жол бойында үлкен жиындар болып, халық топтанып ойын-сауық жасайтын болған. Халық оны вокзал деп атаған. Сонда вокзал деген ұғым халықтың көңіл көтеріп, қыдырып, ойын-сауық жасайтын орны болғаньн аңғартады. Мұндай сөздердің, шығу тарихын түсіндіру балалардың сөздік қорының дамуына әсерін тигізеді.
Мұғалім зат есім тақырыбын оқыту тұсында балалардың өткен тақырыптарды (синоним, омоним, антоним, т.б.) қалай меңгергендерін байқау мақсатында адамның бет әлпетіне байланысты айтылатын бірнеше синоним тұлғамен келген мынадай сөздерді пайдаланып, қысқаша мәтін құратыға болады: бет, жүз, түр, түк, келбет, көрік, өң, ажар, шырай, пішін, кейіп, кескін, дидар, нұсқа, рең, рай, әлпет, ұсқын, мүсін, сүрең, сұрық, тұрпат, сықпыт.
Балалардың құрастырған сөйлемдерін магнитофонға жазып, оларды сыныпта тыңдау керек.
Балалар шамамен (мұғалімнің көмегімен) мынадай мазмұндама сөйлем құрастыруы мүмкін: Ананың жүзі сарғылт тартқан. Баланың түрін бірден тани кеттім. Көріп ем қыз Жібектің бұрын түсін, бітпеген еш беденге ондай пішін. («Қыз Жібек» жырынан). Адамдықты білмейтін әлпеті жаман бір індет (Жамбыл). Айшаның көркіне ақылы сай. Ерболдың өңінен мектептен шаршап келгендіктің белгісі білінеді. Айбектің жалпы кескіні шешесіне ұқсайды, көз әлпеті әкесіне келеді. Гүлдің кейпі, мінез-құлқы жаман емес. Бибігүлдің ажарында реніш белгісі бар, т.т. Бұдан соң мұғалім осы сөздердің қандай мағында қолданылғанын балаларға айтқаны жөн.
Мұғалім зат есім тудыратын, жасайтын нама, дама, бей деген жұрнақтардың қалай шыққаны жөнінде де айтса, артық болмайды.
Мұғалім зат есімді оқыту тұсында заттық атауларды көбірек үйреткені жөн.
Диктант немесе сөздік жұмысын үйретуде, сондай-ақ балаларды ауызша сөйлеп үйрену дағдысына бейімдеу үшін мұғалім мынадай дидактикалық материалдарды пайдалануына болады.
Бесінші класс оқушылары зат есім туралы басты мәліметтерді бастауыш мектепте өтеді. Сондықтан бесінші класта алғашқы рет зат есімді оқытқанда, алдымен оқушылардың бұл туралы бүрынғы білетіндерін еске түсіріп, сол білімін әрі қарай тереңдетеді.
Бірінші сабақта зат есімдердің мағыналары, жалпы есім және жалқы есім туралы қайталанады. Осы қайталау үстінде оқушылардың бастауыш класта зат есім туралы өткендері еске түсіріліп толықтырылады. Қайталау грамматикалық талдау түрінде жүргізіледі. Ол үшін мүғалім алдын ала бірнеше сөйлем дайындап келеді. Бұл сөйлемдерде әр түрлі мағынада жалпы есімдер және бірнеше жалқы есім сөздер болады. Мұғалім осы сөйлемдерін тақтаға жазып, оқушыларды біртіндеп тақтаға шығарып немесе түрған орнында сөйлем ішіндегі зат есімдерді, жалпы есім, жалқы есімдерді тапқызып, олардың мағыналарын айтқызады.
Мысалдарды талдап болған соң, оқулықтан зат есімнің анықтамасын оқып, мазмұнын оқушылар өз сөздерімен айтып береді. Бастауыш мектепті бітірген оқушылар дерексіз зат есімдерді (ақыл, ерлік, ой, қорқақтық) анық айыра алмайды. Сондықтан оқушылардың зат есім туралы білімін кеңейту үшін, лайықты мысалдар алып, соның ішінен деректі (бор, сия, адам), дерексіз (ой, батырлық, ашу т.б.) зат есімдерді айыртып, олардың арасындағы мағыналық өзгешелікті үйретеді. Бекіту үшін тапсырмалар беріледі. Сонымен бірге басқа сөз таптатарымен сыртқы дыбыстық жағы үқсас болып келетін омоним сөздерді айырту үшін де, жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы,
аръщ, терең. — Қой арық. Ұста ат тағалайды. — Атты ұста. Жаз жылы болады. - Хат жаз.
Оқушылардың жалпы есім, оның ішінде деректі зат есім, дерексіз зат есім, жалқы есім және омоним туралы алған білімдерін бекіту үшін, мүғалім класта әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Мысалы, партаның ыңғайымен,
бір| қатардағыларға өзен аттарын білдіретін, екінші қатардағыларға қала атын білдіретін жалқы есімдер тапқызу;
Дерексіз зат есімдер тауып, соған сөйлем күру, немесе омоним туралы түсінігін бекіту үшін, қымыз іш, аяғыңды бас, қолыңды суға мал
сияқты сөйлемдер алып, сондағы етістіктердің зат есім болатын омонимдерін ойлап тапқызып, сөйлем құратады. Оқушылардың әрқайсысы екі сөйлемнен жазады. Онда жалқы есімдер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып келуі шарт, Мысалы, Мен биыл
Москва, Ленинград, Киев қалаларын араладым. Асан магазиннен Ғ. Мүсіреповтің „Оянган өлкесін", Ғ. Мүстафиннің „Миллионерін" және С. Мұқановтың „Ботакөзін" сатып алды.
Мүнда жалқы есімдер жайында, бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгісі және кітап аттарының тырнақшаға алынатындығы туралы түсінік алады.
Зат есімдер семантикалық жақтарынан өз ішіңде: мал атаулары, адамның есімдері, күрт-қүмырсқа атаулары, қора-қопсы, үй жиьаз атаулары, қоғамдық түрмыс атаулары, саяси-әлеуметтік атаулары, техника атаулары, сауда-саттық атаулары, табиғат, қүбылыс атаулары сияқты болып сараланады.
Зат есім мағыналарын ашуда оқушылар сұрағының адам үғымын білдіретін атауларға, не? сұрағының адамнан басқа жан-жануарларға, өзге заттардың атауларына қойылатынына мысалдар келтіреді.
Зат есімдердің жалпы есім, жалқы есім болып бөліну ерекшелігі әрқилы деректі, дерексіз үғымдарды білдіретін зат есімдерден мысал келтіру арқылы түсіндіріледі. Ал жалпы есімдер мағына жағынан нақты бір үғымды білдірмейді, тек жеке-дара затты басқа бір заттардан ажыраіу-үшін қойылған белгі — зат ретінде жұмсалатын есімдер екені ескеріледі. Сол себептен де жалпы есімдердің ерекшелігі бұлардың үнемі бас әріппен жазылатынында екені зат есім орфографиясымен үлптастырыла сөз болуға тиіс.
Жалпы есім жалқы есімдердің де контексте болсын, жеке бір жаңа сөз жасауда болсын, жалпы зат есімнен жалқы зат есімге, керісінше, жалқы есімнен жалпы есімдерге айнала беретінін мысалдар талдау төңірегінде аңғарту қажет. Мысалы: Семей — семейлік, Берсиев — берсиевші, Алматы — алматылық немесе күн, уақыт; Күн, Ай планеталарының мағыналары түсіндірілуі керек.
Жалқы есімдерге кісі аттары мен жер-су аттары енетіні ескертіледі. Олардың жасалу жолы мен емлесі «Морфологияны оқытудың методикасы» деген кітапта толық берілген.
Зат есім сөздерінің кейбір тобы лексика-семантикалың жақтарынан үнемі жалпылық мағынада қолданылып, оларга көптіқ жалғауы -жалғанбайтыны да ескерілуі керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі:
1) Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: көптік жалғауда қолданбайды: су, қымыз, сорпа, көже, шұбат, айран, керосин, мүнай т. б.
2) Газ тектес зат есімдердің атаулары: азон, бу, түтін, түман, шаң, т. б.
3) Уақ, үнтақ, майда, мамық зат есімдердің атаулары: қант, үн, кірпік, шаш, құм, жусан, шөп, жүн, түбіт, жіп, арпа, өрік, мойыл