Файл: Кіріспе блімі Бастауыш мектепте аза тілін оытуды азіргі жадайы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 142

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
т. б.

4) Дерексіз зат есімдердің атаулары: алгыс, қайгы, қуаныш, шындық, тілек, өкініш, қасірет т.б.

5) Табиғат байлығы — кен атаулары: алтын, болат, қүрыш, мыс, шойын, алмаз, көмір т. б.

6) Табиғат қүбылыстарының атаулары: жаңбыр, жел, найзагай, боран, қар, қүйын т.б.

Жұптық ұғымды білдіретін зат есім атаулары: көз, қол, аяқ, қүлақ,

етік, байпақ, кебіс, шаңғы, қолгап, тагат.б.

Зат есімнің мағыналарын өз ішінде саралап түсіндіру оқушының тіл

байлығын, сөздік қорьш байытып, оларды дүрыс қолдана білуге дағдыландырып, тіл мәдениеттілігін қалыптастырады.

Зат есімдердің бұл айтылған мағыналық ерекшеліктерін аңғартумен қатар, бір алуан зат есімдердің ол бастағы мағыналарынан жартылай айрылып, кебінесе көмекшілік қызметінде жұмсалатын ерекшеліктері де ескерілуі керек. Мүндай зат есімдер өз алдына көмекші есімдер болып, көмекші сөздер тобына жататыны айтылады.

Зат есімдердің лексика-семантикалық мағыналарының ерекшеліктері, өзара ұқсастықтары және өзара бір-біріне ауысып отыруын мұғалімдер жоғарыдағыдай саралап алғаң соң, оқушыға нені білдіру керек, нені ажырата білуге дағдыландыру керектігін бағдарламаны, оқулықты басшлыққа ала отырып, күнтізбелік жоспар жасау ұстаздардың міндеті.

Зат есімдердің морфологиялық белгілерін меңгерту. Зат есімнің морфологиялық түлғада түрленуін меңгертуге бұрын өтілген сөздердің жасалуынан алған білім еске түсіріліп, сөз жасаудағы заңдылықтың зат есімге де тән екендігі түсіндіріледі.

Зат есімдер құрамы, құрылысы жағынан дара, күрделі болатыны меңгертіледі. Дара зат есімдердің бір ғана сөзден жасалатыны, күрделі зат есімдердің кем дегенде екі, одан да көп сөздерден қүралатыны айтылады. Күрделі зат есімдердің қүрамындағы сөздер алуан түрлі түлгада жұмсалатыны талдау кезінде аңғартылады. Мысалы; Жиналысты Қазақстан Жазушылар одагы басқарнасының бірінші секретары кіріспе сөзбен ашты. деген сөйлемдегі сөздерді қүрамына қарай жиналысты және Қазақстан Жазушылар одагы басқармасының бірінші секретарі деген екі топқа бөліп, алдыңғысының бір ғана сөзден, кейінгі күрделі зат есімнің алты сөзден қүралып, күрделі жалқы есім сөздер екені өзара салыстырыла түсіндіріледі.

Зат есімдердің жасалуын меңгертуде негізгі, туынды, біріккен сөз, қос сөз, тіркес сөз және кысқарған сөздердің жұмсалуы, лексикалық толығу мәселесі еске түсіріліп, зат есімнің жасалуы сөз болуға тиіс.

Зат есімдердің жасалуын сөз еткенде, мүғалімдер үш түрлі ерекшелікті басшылык етулері керек.


Бірінші, зат есімдер лексикалық әдіс-тәсіл арқылы жасалады. Лексикалық тәсілге ешбір жұрнақсыз өзінің бастапқы мағынасын не кеңейту, не тарылту, не ат ауысу арқылы туған жаңа есімдер жататыны аңғартылады. Мысалы: еңбек, қызмет, кәсіп, өнер дегендердің жаңа мағынасы түсіндіріледі.

Екінші, зат есімдер синтаксистік әдіс-тәсіл арқылы жасалады. Екі не одан көп сөздердің бірігуі немесе қосарлануы, не тіркесіп келуі арқылы жаңа үғымды зат есімдер пайда болады. Мысалы: тасбақа, қора-қопсы, жал-жая, шекара, Еңбек Қызыл ту ордені, Болат Асанов т. б.

Үшінші, зат есімдер жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Жұрнақтардың жалғануы арқылы жаңа зат есімдердің пайда болуы морфологиялық амал-тәсілге жатады. Демек, зат есімдердің сөз тудырғыш, сөз түрлендіргіш сияқты екі түрлі морфологиялық көрсеткіші меңгертіледі. Мысалы: басшы, көзілдірік, орындық, қүлақшын, дегендегі -шы, -ілдірік, -дык, -шын жұрнақтары бас, көз, орын, құлақ зат есімдерінен екінші бір жаңа зат есімдер жасалып тұр. Сол сияқты бұрғы, боран, ұшқыш, тарақ дегендердегі -ғы, -н, -қыш, -қ жұрнақтары бұр, бора, ұш, тара дегендер етістік сөздерінен зат есім жасап, зат есім тобын екінщі бір жаңа есімдермен толықтырады.

Зат есім жасайтын бүл жұрнақтардан басқа бір топ жұрнақ жалғанған сөзінің лексикалық мағынасың өзгертпей, оларға қосымша үстеме реңк ғана жамайды. Қосымша реңк, мән үстейтін жұрнақтар сыйлау, құрмет тұту, кішірейту, еркелету, қымсыну, кемсінбеу, кекету, мысқылдау тәрізді алуан түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Мысалы: апай, әкей (үлкен түту), агатай, балақай (қүрмет, сыйлау), көрпеше, үйшік (кішірейту), балъщсымақ (қомсыну) тәрізді мағынада жұмсалады.

Мүндай мағына үстейтін жұрнақтар сөз түрлендіргіш қызметінде танылады. Сөз түрлендіргіш жұрнақтар сөз тудырғыш жұрнақтарға қарағанда аз. Сөз тудырғыш жұрнақтардың түрі жаңа зат есім жасауда өнімі мол екені аңғартылады.

Туынды зат есімдердің құрамындағы жұрнақтардың тұлғасы әр түрлі болатынынан да мәлімет берілуі керек. Мысалы: құймак, түйме, санақ, жем, адамгершілік деген туынды зат есімдердегі жұрнақтардың қүрамы әр түрлі екені сөз болады. Атап айтсак, -мак, -ме, -қ, -м, -гершілік деген жұрнақтардың қүрамын өзара салыстыра түсіндіру керек.

Зат есімнің жалғауларын оқыту. Зат есімнің морфологиялық тұлғасы жағынан басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі — көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есіііге тән, сол себепті зат есімдер жалғаудың қай түрімен болса да еркін^гүрлене беретіні айтылады.



Көптік жалғау. Бірініиі сабакта көптік жалғауы туралы оқушылардың бастауыш мектепте өткендері қайталанады. Соңғы буыны жуан не жіңішке, сонғы дыбысы дауысты немесе дауыссыздардың әр түрінен болған бірнеше зат есімдерді тақтаға жазып, сол сөздерге көптік жалғауларын оқушылардың өздеріне жалғатады (бала-лар, кісі-лер, қыз-дар, сөз-дер, қалам-дар, кілем-дер, ағаш-тар, мектеп-тер).

Көптік жалғауы буын үндесу заңына байланысты жуан (-лар, -дар, -тар), жіңішке (-лер, -дер, -тер) болатындығы, дыбыс үндесуінің ілгерінді ықпал заңына байланысты (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) үнді, үяң және қатаң дыбыстардан басталатындығы женіндегі ережелер қайталанады.

Зат ссімнің алдынан сан есім келіп, сол заттың санын, сан мөлшерін білдіреді. Мұндай жағдайда зат есімге көптік жалғау жалғанбайды. (Он адам, бес қалам, он шақты қой, бес-алты сиыр т. б.)

Дүрысында, бесінші класс оқушыларына зат есімнің көптелуі туралы үйреткенде, зат есімге көптік жалғауы жалғану аркылы және зат есімнің алдынан сан есім сөздер келу арқылы жасалатын түрлерін тиянақты үйрету жеткілікті болар еді. Өйткені мектеп оқушыларына грамматикалық құбылыстарды үйреткенде, ол екі ұшты болмай, нақтылы анықтамасы мен фактілері бір-біріне сәйкес болуы шарт.

Қазақ тілінде сөздердің жекеше немесе көпше түрінде қолданылуы — стильдік ерекшелігі болуға тиіс. Сондықтан грамматикалық форманы мағынаға бағындыру— грамматикалық қүбылыстарды дүрыс түсінуге кедергі келтіреді. Мағына қуушылық — әсіресе оқушылар үшін қиындық туғызатын жағдай.

Зат есімнің тәуелді түрі. Бесінші класс оқушылары тәуелдік жалғауымен бастауыш мектепте танысқан. Бүл тақырыпты өткенде де, мүғалім тақтаға бірнеше сөйлем жазып, сұрау-жауап арқылы оқушыларға талдатады, сөйлем ішінен зат есімнің тәуелді түрін тапқызады, оның жалғауларының қай жақтық екендігін айтқызады.

Тәуелдік жалғаудың түрлерін үйреткенде, буын үндестігі туралы ережелерді қайталап еске түсіру керек. Әсіресе дауысты дыбыстарға аяқталған сөздерге тәуелдік жалғауы I, II жақта -м, -ң (шеке-м, бәкі-қ) түрінде жалғану себебін, III жақта -сы, -сі (бала-сы, әке-сі) түрінде жалғанатынын салыстыру арқылы үйреткен жөн. Тәуелдік жалғауларын үйрету үстінде, кейінді ықпал заңының ережесін еске түсіріп, қ, к, п дыбыстарының г, г, б дыбыстарына айналатындығын терең түсіндіру үшін көбірек жаттығу жұмыстары жұргізіледі (мектеп мектебім, тсшақ — тамагы, етік етігі, қап қабы т.б.).

Тәуелдік жалғаулары және олардың емлесін бекіту үшін окушылар әр түрлі жаттығу жұмыстарын — класта да, үйге тапсырма ретінде де орындауға тиіс.


Тәуелдеудің оңаша түрі, ортақ түрі деп б^ларды—айнрым грамматикалық категория ретінде үйрету қажет емес. Өйткені ортақ тәуелділік мағына білдіретін (үш жағына бірдей) арнайы грамматикалық формант жоқ, тек бірінші жаққа жалғанатын -мыз, -міз жалғауы ғана ортақтық мағына білдіреді. Мүны ескерту ретінде бірінші жақта жалғанатын -мыз, -міз ортақ мағына білдіреді, екінші жақта жалғанатын -қыз, -ціз сыпайылықты білдіреді деп үйрету дүрыс болар еді. Ал сендердің балаларың деген сөйлемдегі ортақтық мағына — тек контекске байланысты туатын үғым. Олардың журналы дегенде де ортактықты білдіріп түрған арнайы тәуелдік жалғауы жоқ. Ол мағына контекске байлаиысты аңғарылып түр.

Зат есімнің септелуі. Зат есімнің септелуі грамматиканың күрделі де, киын тарауы болып саналады. Зат есімнің септелуін үйртуде бір ескеретін нәрсе — осыған байланысты терминдердің әр түрлі болмай, тиянақты болуы. Қазір мектептерде септік, септеу, септік жалғауындағы сөз, барыс жалғауындағы сөз, барыс жалғаулы сөз, барыс жалғауы т.б. деп аталып жүр. Әрбір грамматикалық категорияның не күбылыстың тиянакты термині, бір ғана аты болуы — оқушылардың грамматикалық қүбылыстарды дүрыс түсінуіне жәрдем етсе, екіншіден, оларды жинақы және мәдениетті сөйлеуге дағдыландырады. Зат есімдердің әр түрлі септік жалғаулар жалғану арқылы түрленуін септеу (септелу) деп атап, ал септік жалғауы жалғанған жеке сөзді барыс септік (ауылга), жатыс септік (ауылда) т.б. деп атаған дүрыс.

Әр септікке анықтама бергенде де, алдымен бәріне біркелкі мынадай сөйлеммен түсіндірген жөн. Ілік септік дегеніміз — атау септікке -ның, -нің, -дың, -дің, -тық, -тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бүл жалғауларды ілік септік жалғаулары деп атаймыз. Сонан соң ілік септіктің ерекшеліктері, мағыналары туралы түсіңдіріледі. Басқа септіктер де осы тәртіппен үйретіледі.

Зат есімнің септелуі туралы өткенде, оқушылар үшін мынадай қиындықтар кездеседі:

1. Атау септігін ілік және табыс септіктің жалғаусыз (жасырын) түрімен шатастыруы мүмкін. /

2. Көмектес септік жалғауын мен, бен, пен деге^ жалғаулық шылаудан ажырата алмайды.

3. Жатыс септік жалғауы мен соған үқсас да, ёе шылауын оқушылар ■ жаңылыстыра береді.

4. Кейде табыс септік жалғауын (-ды, -ді) сын есімнің жұрнағымен шатастыруы мүмкін (малды қайыр, малды колхоз).

5. Оқушылар әсіресе зат есімнің III жақ тәуелді түрінің барыс, жатыс септік


формасындағы (қаламына, қаламында) н дыбысын табыс септік жалғауы деушілік жиі кездеседі.

Осы жағдайларды ескеріп, мүндай қиын мәселелерді оқушыларға дүрыс түсіндіру үшін, мұғалім алдын ала дайындалады. Ол үшін бұлардың анықтамаларын, керекті көрнекі құралдарын, лайықты мысалдарын жазып, дайындап келеді. Тіпті, қандай сұраулар беру керек екендігін де ойланып қояды. Жаттығу жұмыстары салыстыру түрінде беріліп, оқушылардың өздеріне талдату арқылы үйретіледі. Мысалы, Асан малды бері қайырды. Біздің ауданда малды колхоз көп. Асан қолын суга малды. Осы. үш сөйлемдегі малды деген сөздің қайсысы табыс септігінде түрғандығын тиісті сұрауына қарап ажыратады. Басқа септіктерді де үқсас формаларымен салыстыру арқылы осы ретнен үйреткен жөн.

Зат есімнің тура түрі мен тәуелді түрінің септелуі арасындағы айырмашылығы да бір-бірімен салыстыру арқылы үйретіледі (үйге үйіме, ауылга аулыңа, қолда қолыңда, каламды қаламын т.б.).

Қазақ тіліндегі септіктердің әрқайсының контекске байланысты бірнеше мағынасы болады. Кейбір септік тіпті әлденеше мағына білдіруі мүмкін. Оқушыларға бүлардың барлық мағыналарын теріп айтып жатудың кажеті жоқ, тек бір-екі басты мағынасын ғана үйреткен жөн.

Зат есімнің септелуіне байланысты кездесетін қиындықтар жоғарыда көрсетілген. Осы қиындықтар жыл бойына қайтадан еске түсіріліп отырылады.

Қазақ тілінде сөз негізінен кейін әдетте бірінші орында септік жалғаулары немесе жіктік жалғауы жалғанады. Кейде апамдар, әжемдер, жездемдер деген сөздерде көптік жалғауы өзінің орын тәртібін бү_зып, тәуелдік жалғауының бірінші жағынан кейін жалғанады. Жатыс септігінен кейін жіктік жалғауы жалғанатындығын немесе сөзге бірнеше жалғау қосылғанда, ең соңында жіктік жалғауы жалғанатынын аңғарту үшін мен қайдамын? сен қайдасың? ол қайда? деген сұрауларға жауап ретінде Сіз мектептесіз. Мен мекептің кітапханасындамын. Мұқан үйінде деген сөйлемдерді талдатып бекітеді.

Сын есімдердің жұрнақтары арқылы жасалатынын меңгерткен соң, осы жұрнақтардың туынды сын есім жасаудағы өнімдерінің өзі де бірдей еместігі ескерілуге тиіс. Туынды сын есім жасайтын жоғарыда аталған үш топ жұрнақтың өнімді, өнімсіз болып келетінін әрбір топты өту тұсында, жасалуын сөз ету кезеңінде коса түсіндіріліп кету қажет. Мысалы, заводтагы, сулы, таусыз, үіщышыл, жолдастық, қадірлес, киімшең, ашушаң деген мысалдардағы: -гы, -лы, -сыз, -шыл, -тъщ, -лес, -шең, -шаң