Файл: Кіріспе блімі Бастауыш мектепте аза тілін оытуды азіргі жадайы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 147
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологмяның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі. Сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, оқушы бір-бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған екі минуттай уақыт беріледі.
«Снежинка»
белгілі | жаңа | негізгі |
| | |
Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
-
Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім
негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
-
Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
-
Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдибеттерді
пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
-
Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім
сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:
Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.
“Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.
“Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.
“Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.
Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында уақыт үнемделуі керек. Белгіленген уақыт бойынша әр үштік өзіндік жұмыстар орындайды. Орындалған жұмыс грек алфавитінің әрпімен белгіленеді.
Тапсырманы бірінші біткен үштік тақтаға шығып, өзінің есебінің дұрыс шығару жолдарын көрсетеді. Осы уақытта сарапшылар қалған үштіктердің жұмыс процесі кезіндегі қателіктерін бақылайды. Егер тақтадағы түсіндіру жұмысы қанағатталынбаса, келесі үштік шақырылады. Түсіндірудің соңында басқа сыншылар сөз алып үштіктің жіберген қатесін тауып, байқаған қателері бойынша өз ойларын айтады. Орта есеппен кестеге тапсырманың қанша пайызға орындалғанын және қателерін жазып, мұғалім қорытындылап, келесі тапсырманы береді. Үштіктер әр уақытта сыныптың “жұмысшы ұяшығы” болып табылады және оқушылардың еркімен сондай-ақ, мұғалімнің айтуы бойынша тек белгілі мақсатпен ғана ауыса алады. Үштіктердің қайта-қайта ауысуына жол берілмеуі керек, себебі мұндай жағдай процестің тиімділігін және білім деңгейін төмендетеді.
Күні: | Сыныбы: | Пәні: | Оқушы саны: | |
Тақырыбы: | | |||
Үштіктер саны: Сарапшылар: | ||||
Құрылымы | Шығарылу уақыты | Түсіндіру уақыты | Қатесі: | Білім сапасы % |
І-деңгей | | | | |
ІІ-деңгей | | | | |
ІІІ-деңгей | | | | |
IV-деңгей | | | | |
"Педагогика" оқу құралында (Т.А.Ильина) "Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың сұрақ-жауап методы" деген анықтама берілген. Ғалым С.Қазыбаев әңгіме әдісінің бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің негізгі түрі екендігін баса айта келіп, бұл әдіспен сабақ жүргізгенде мүғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болатындығына тоқталады: "Осы кезде оқу материалының мазмүны ашылады, оқушының түсіну цәрежесі айқындалады. Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сейлеу процесіне қатысгыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады".
Әңгіме оқу процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады.
Әңпме непзі төрт түрге бөлініп ажыратылады:
1) жаңа білімді қабылдауға дайындық жүмысында қолданылатын әңгіме;
2) білімді бекіту мақсатымен (арнаулы ауызша жаттығулар формасында) қолданылатын әңгіме;
3) білімді тексеру және бағалау үшін кдлданылатын әңгіме;
4) өткен материалдарды қайталау кезіндегі әңгіме.
Әңпменің соңғы екі гүрі өздерінің сипаты бойынша әңгіменің екінші типіне жаңа материалды бекіту мақсагындағы әңгімеге жататындықтан, арнайы әңгіме ретінде бөлініп алынбайды.
Жаңа білімді хабарлау әңгімесі оқушыны индуктивтік жолмен (яғни белгілі немесе бақылаудағы жалқы құбылыстардан, бірлі-жарымды мысалдардан жалпы қорытындылар шығару) немесе дедуктивтік жолмен (оқушыларға хабарланатын жалпы жағдайдан жалк,ы оқиғаларға) алып жүруі мүмкін.
Индуктивтік жол, әдетте мүғалім күнделікті өмірдегі немесе сабақ үстінде (ұйымдастырылатын бақылауларға сүйене отырып, тапқырлықпен қойған сұрақтардың көмегімен оқушыларды өздігінен қорытынды шығаруға немесе жинақтауға әкелетін сабақтарда қолданылады.
Дедуктивтік жол оқушылар мүғалімнің сұрақтарына жауап беріп және оның тапсырмаларын орындай отырып, мүғалім айтқан түйінді ойды (пікірді) басқа жағдайларда қолданғанда, жаңа пікірді, құбылыстарды дәл осы жағдай үшін қолдану мүкшндігі туралы пікірлескенде қолданылады.
Мысалы, әңгіме мүғалім осы қорытынды пікірді бейнелеу үшін келтіретін мысалдарды талдағанда өткізілуі мүмкін.
Білімді хабарлаудың индуктивтік және дедуктивтік жолдары сабақта, әрине, әңгіме әдісі қолданылғанда ғана пайдаланылмайды. Ол әңігменің негізі бола алады. Мәселен, мүғалім алдымен бірнеше мысал келтіріп, содан кейін қорытындысын шығаруы немесе жинақтауы (индукция) немесе әуелі белгілі жәйттерді, тезисті алға тартуы, тек содан кейін бірнеше мысалдармен оның бірнеше жағдайда қолданылуын бейнелеуі мүмкін (дедукция). Алайда, бұл жолдар, әңгімеде бәрінен де айқын және елеулі түрде байқалады.
Педагогикада жаңа білімді баяндау жөніндегі әңгіменің белгілі типін сипаттайтын гағы бір термин - эвристикалық әңгіме кең таралған. Ол мүғалім оқушылардың алдына белгілі бір міндет қойып және шеберлікпен қойылатын сұрақтар оның шешіміне апаратын жағдайда қолданылады.
Кейбір педагогтардың жаңа білімді баяндау жөніндегі әңгіменің қандайы болса да (дедуктивтігі де, индуктивтігі де) езінің формасы бойынша сурақ қою және жауап беру турінде өтетіндігінен және сайып келгенде, оқушылардың жаңа білім алатындығынан эвристикалық әңгіме болып табылады деген пікірлерін кездестіруге болады. Енді біреулері әңгіменің бұл туріне тек қана индуктивтік әңгімені жатқызуды жақтайды. Дегенмен де, бұл жерде әңгіме әдісінің пәннен өткізілетін нақты сабақтың типіне тәуелді қолдану аясы жаңа материалды қабылдауға дайындаудан, етілген материалды бекітуден аспай тұрғандығы байқалады.
Әңгіме әдісінің басқа әдістермен бірге даму кезеңі XX ғасырдың соңғы жылдарында дамыта оқыту идеясының теориялық жоба деңгейіне, тәжірибелік қолданысқа айналуымен байланысты болып отыр.
Шынында, бугінгі күні педагогика ғылымында бастауыш буында дамыта оқытудың әр алуан жүйесі (Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың, И.С.Якиманскаяның және т.б.) белгілі.
Ал жуйенің кез келгені оқытудың мазмунын, мақсаты мен міндеттерін, әдістерін, уйымдастыру формаларын жеке тулғаны қалыптастыруға, өзіндік іс-әрекетке бейімдеуге, дамытуға (интеллектуалдық, ерік және сезіммен байланысты қасиеттерін) бағдарлауды көздейді. Осыған орай, әсіресе, қандай да болсын пәнді оқытудың әдістерін жетілдіре түсуге ерекше мән беріледі.
Дәстурлі әңгіме әдісін ішінара іздену турғысындағы әңгіме әдісімен ұштастыру проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру кезінде іске асырылады. Алайда проблемалық оқу әрекетін сабақ сайын толық және унемі іске асырып отыру мумкін емес. Бул үшін сабақтың қурылымын және оның элементтерінің мазмунын ойластырып, жан-жақты қарас-тыру керек. Қазақ тілі сабақтарында проблемалық оқу әрекетін уйымдастыру проблема-лық әңгіме арқылы іске асуы мүмкін. Мундай әңгіме кезінде муғалім оқушыларға тақырып төңірегіндегі кез-келген бір жағдайды әңгімелеу арқылы жумбақ-міндет туғызады. Оқушылар оның шешуін табады, одан әрі осы жумбақ қалай шешілгендігі жаттығу тапсырмалары арқылы анықталады. Мысалы, "Тіл және сөйлеу" тарауындағы "Сөйлеу не ушін қажет?" (1 -сынып) тақырыбын өтудің дайындық кезеңінде оқушыларды ойланту, оларды елес гуғызу мақсатымен осы тақырыпты сұрақ түрінде сынып алдына қояды. Олар әр түрлі жауап беруі мүмкін. Одан әрі осы жумбақтың шешуі муғалім әңпмесі арқылы іске асырылады:
"Баяғыда Үсен деген бала бопты. Ол көп сөйлейтін, улкеннің айтқанын тыңдамайтын, кішіні ұрып-соғатын бала екен. Бірде ол көршінің Қанат деген баласыныңойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, уйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені кубір-кубір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді.
Міне, қызық! Бағаналы бері батырсынып түрған Үсеніміз лезде жоқ болды. Муны езі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келеді.
Апасы мен көкесі шай ішіп отыр екен. Әшейінде асты-үстіне түсетін апасы Үсенді көрмегендей ыңғай танытты. Тіпті шайға да шақырмады.
- Апа, маған шай қуйыңызшы! Шөлдеп барамын! - деген Үсеннің сөзіне ешқандай жауап болмады. Не болғанын тусінбеген Үсен қолына ешкімге ұстатпайтын тік ушағын ұстап, далаға шықты. Достары тіптен назар аударар емес. Тік ушақты Үланға да, Серікке це ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. "Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Менің бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеяі Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!" Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді".
Дурыс қойылған проблемалық сурақ оқушылардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын дамытады. Өтіліп жатқан тақырып теңірегінде өзіндік ой-тұжырымын, қорытындысын шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, "Үсен неге көзге көрінбейтін бала боп қалғысы келмеді?" проблемалық сұрағына жауап сабақ мақсатын айқындай түсері сөзсіз. Әрине, оқушы тұжырымының дурыс болуы муғалімнің проблемалық сұрақты нақты қойып, оқушылардың әрекетін дурыс басқара алуына байланысты болмақ.
Бұдан шығатын қорытынды мынау: дамыта оқытуды жузеге асыруға әңгіме әдісінің жоғарыда сабақ қурылымына сәйкес қарастырылған дәсгүрлі әңгіме (жаңа білімді қабылдауға дайындық жумысында қолданылатын әңгіме, білімді бекіту мақсатымен қолданылатын әңгіме т.б.) деп аталатын турлерімен сапыстырғанда "проблемалық әңгіме", "ішінара іздену немесе эвристикалық әңгіме" сияқты түрлерінің кеңірек қолданыс табуын қажетсінеді. Демек, Қазақ тілі сабақтарында әңгіме әдісінің "проблемалық әңгіме", "эзристикалық әңгіме" деген тобына баса назар аударылғаны жөн демекпіз. Сонда пәндік білім, білік және дағдыны оқушылардың игеру процесі олардың өзіндік іс-әрекетінің басым болуына бағытталады, яғни әңгіме әдісі оқушы мен муғалімнің көздеген мақсатқа жету жолындағы міндеттің оң шешілуіне жоне жоспарланған нәтиженің талапқа сай болуына қызмет етеді.
Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, Қазақ тілі сабағында қолданылатын әңгіме әдісінің қурылымдық бөліктерін төмендегі сызба түрінде беруге болады.
Бул тұрғыда бастауыш сынып муғаліміне жүктелер жук те аз емес. Өйткені, бастауыш сынып мұғалімі әңгіме әдісінің табиғатын, мән-мағынасын, қолданылу ерекшелігін бүгінгі кун талабына сәйкес өзгертіп отыру шеберлігіне ие болуы керек.
Әңгіме әдісі сабак типіне (құрылымына) сәйкес екі түрлі қолданылады:
-
Жаңа білімді қабылдауға дайындық жұмысында колданылатын әңгіме;
2. Білімді бекіту мақсатымен колданылатын әңгіме
Әңгіме әдісінің бұл екі түрі де дамыта оқытуды жүзеге асыруда қолданылғанда, проблемалық әңгіме немесе эвристикалык эңгіме ретінде жұмсалуы мүмкін.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында ''XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады.