Файл: Деректерді типтері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 75

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Батыс Қазақстан облыс әкімдігі білім басқармасының «Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің Макаров жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

LS зерттеу жұмысы аясында информатикадан өткізілген 1 сабақ жоспары:

Тақырыбы: Деректердің типтері

Сыныбы: 6а

Пән мұғалімі: Нуримова А.Н

2022-2023 оқу жылы

Сабақтың барысы:

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні

Нуримова А.Н

Күні




Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Деректердің типтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Өткен сабақты пысықтау.

«Сұрақты қағып ал» әдісі

1.Алгоритм –қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін реттелген нұсқаулар тізбегі? /Ия, жоқ

2.Алгоритмнің екі түрі бар? /ия, жоқ

3. «Python- жоғары дәрежелі программалау тілі? /ия, жоқ

4. Python программалау тілінде Fail(Файл) батырмасын басып жаза береміз? /ия, жоқ

5.Мәтінді экранға шығару Рrint сөзін тереміз? Ия, жоқ

6. Python тілінде латынның үлкен, кіші әріптері пайдаланады? /ия, жоқ

7. Python тілінде рим цифрлары пайдаланады? /ия, жоқ?

8.Транслятордың бірнеше түрі бар? /ия, жоқ

9. Python тілінде программадағы жолдардың соңына ; қою міндетті. ия, жоқ

10. Жазған бағдарламаны іске қосу үшін Ran батырмасын басамыз. / ия, жоқ

ҚБ: стикерде / 1 балл/

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.



•Ақпарат ұсыну түріне қарай қалай бөлінеді (1-сурет)? •Программалау тілінің командаларымен 1-суреттегі ақпарат түрлерінің қайсысын өңдеуге болады?

• Математикада сандар осінде орналасқан сандарды қандай түрлерге жіктейді (2-сурет)?

• «Айнымалы қабылдайтын мәндердің типі» дегенді қалай түсінесің (3-сурет)?

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Допқа стикерде жазылған сұрақтар жабыстырылады.

жазылған/

Сұраққа ИЯ ЖОҚ жауап береді.өздеріне балдарын қойып отырады.

2.Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы ашылады дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

Стикер

Әр жауап берген сұраққа

1 балл

«доп»

Стикер

Сабақтың ортасы

10 мин

Жаңа тақырыпты бекіту

3 мин

5 мин

10 мин

Жаңа тақырыпты тұсіндіру. (түртіп алу әдісі)

Дерек- өңделмеген әртүрлі фактілер, цифрлар. Өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған дерек ақпаратқа жатады. Программалау тілдерінің көмегімен деректерді өңдеу үшін оларды типтерге жіктейді. Сандық ақпарат сандық деректерден құрылады. Мәтіндік ақпарат- символдық және жолдық деректерден құралады. Деректердің жіктелуі оларды компьютерде өңдеу кезінде маңызды рөл атқарады.

Тұрақты, айнымалы және өрнектер қабылдай алатын мәндерді, олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын деректер типі деп атайды.

Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір ғана типпен сипатталады. Деректердің типін білу осы типтегі айнымалылардың қолдану ауқымы (шегі) мен оған қолданылатын амалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар деректер типі ақпаратты қалай түсіну керектігін көрсетеді.

Деректер типі.

Python-да қолданылатын деректер бүтін сан, нақты сан, жолдық және логикалық типтердің біріне жатады.

Оқулық § 3.3, 83-бет, 1-кесте.



Айнымалылардың типі.

Программалау барысында деректерді және олармен амалдар орындалғаннан кейінгі нәтижелерді айнымалыларда сақтайды. Айнымалылардың атауы мен типі болады. Тип айнымалының қабылдайтын мәнін, осы айнымалымен жасалатын әрекетті және оны сақтауға қажет жадты анықтайды. Python-да қолданылып жатқан айнымалының қай типке жататынын type () функиясымен анықтауға болады.

https://learningapps.org/view8842006

1-тапсырма. Жеке жұмыс

Оқулық § 3.3, 84-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы

N секунд уақыт берілген. Берілген секундтарды сағатпен, минут және секундпен өрнектейтін программа құрастыр. N (0



Дескриптор:

-Python программаны іске қосады;

Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады;

-берілген секундтарды сағатпен, минут және секундпен өрнектейтін программа құрады.

Қб: / 2балл/

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Типімді тап» әдісі

Берілген айнымалыларға type() функциясын қолдансаң, қандай деректер типін аласың?

a =156.78; b =‘ata’; c =True; max =-25

Дескриптор:

- Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады;

-берілген программаның кодын жазады, тексереді.

ҚБ: /2 балл/

3-тапсырма. Деңгейлік жұмыс.

1. 4,12,10 сандарының қосындысының программасын жазып нәтижесін экранға шығару.

/2 балл/

2. Екі таңбалы (89)санның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табатын программа құрастыр.

/4 балл/

3.Ұзындық L миллиметрде берілген. Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жаз.

/5балл/

Дескриптор:

- берілген тапсырманың программасын жаза алады.

-нәтижесін экранға көрсете алады.

- Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жазады.

4-тапсырма. Топтық жұмыс.

1.Құрылысқа әр күні 3 жүк көлігі топырақ тасиды. Жүк көліктерінің сыйымдылығы (тонна) сәйкесінше a = 8.5, b = 8.25, c = 7.25 нақты сандармен өрнектеледі. Егер жүк көліктері бір күнде N рет қатынайтын болса, онда Р күнде құрылысқа барлығы неше тонна топырақ тасылады? Жүк көліктері бір күнде орташа есеппен неше тонна топырақ тасиды? 2-код – тапсырманың программа коды.



Дескриптор:

- программаның кодын ретін тауып орналастыру

ҚБ: жұлдыз /2 балл/

2. тапсырма. Төменде берілген программа кодтарын жазуда жіберілген қателерді тап.

1-код

2-код

3-код

a=int input()

b=int (input())

t=a+b

print(t)

a=8: b=118

c=a+b

print (c)

a= int input()

k=3(a+b)-4a

t=a+k

print (t)

Дескриптор:

- программаның кодын қатесін тауып түзетеді

ҚБ: жұлдыз /2 балл/

Оқып дәптерге түртіп алады.

Кестені сәйкестіндіреді

Компьютерде орындайды

Компьютерде код жазып типтерін табады.

Өз деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды.

Берілген код қиындаларын ретімен орналастыру

Берілген кодтағы қателерді табу


1 балл

2 балл

2 балл

2 балл


Мәлімет қағаз түрінде оқушыларға таратылады.

Карточка

Карточка

Код киындылары

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

22.Кері байланыс: «Алма себеті» әдісі



«Жасыл түсті алма» - яғни, мен бүгін бәрін жақсы меңгердім.

«Қызыл түсті алма» - яғни, мен тапсырманы орындай алмадым, түсінбедім

Өзін-өзі бағалау.



Корзина суреті

Үй тапсырмасы

§ 3.3, 85-бет, тапсырма 3Мәтіндік есеп құрастыру