Файл: Шыр ой алаЫ оушыларды мденибілім беру жалпылтты дебатты озалысы жобасын іске асыру бойынша сынымдар.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-қосымша
«ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ» оқушылардың мәдени-білім беру

жалпыұлттық дебаттық қозғалысы» жобасын іске асыру бойынша ұсынымдар
«Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты міндеті –

сыни ойлау қабілеті бар және ақпараттық ағындарға

бейімделуге қабілетті адамдарды дайындау»

(Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев)

Мемлекеттің құқықтық демократиялық қалыптасуы мен дамуы азаматтардың пікірталассыз және қоғам өміріне белсене қатысуынсыз мүмкін емес. Өз көзқарасын сенімді дәлелдеу және тәрбиелі пікірталас жүргізу - мәдени әлемнің маңызды бөлігі.

Елдің стратегиялық дамуы көбінесе жастардың тиімді әлеуетінсіз мүмкін емес әлеуметтік-экономикалық дамудағы адами капиталдың рөлімен анықталады.

Осыған байланысты, өскелең ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың өзектілігі басты орында бола отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Республиканың болашағы негізінен Қазақстанның жастарына және олардың таңдауына байланысты. Ел өміріне белсене араласып, барлық оқиғаларға, пайдалы бастамаларға бастамашы болып, жастар өз елінің болашағын құруға бірыңғай ұмтылуға, азаматтық ұстанымдарын анықтауға болады.

Бүгінгі күні жаңа арналар мен ақпарат көздерінің пайда болуымен мектеп білімнің, дағдылардың және мінез-құлықтың қалыптасуының монополиясын жоғалтуда. Ресми білімнен тыс басқа да әлеуметтік институттардың мүмкіндіктерін пайдалану керек.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жобасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» жобасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы (бұдан әрі – Дебаттық қозғалыс) жобасы әзірленді.

Жоба негізінде Қазақстанның тәрбиелік саясатының негізгі принциптері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» және т.б. заңдарымен анықталған.

Бұл жоба жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарын, гуманизм, толеранттылық пен демократия ұстанымдары негізінде қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелейтін, еліміздің барлық оқушыларының тиімділігі мен сұранысының бірыңғай әлеуметтік педагогикалық жүйесі болып табылатын дебаттық қозғалыстың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы білім алушылардың әлеуметтік және өзін-өзі дамыту мәселелерін шешуге бағытталған.


Қатысушылар арасында өзекті мәселелер бойынша құрылымдық және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу бола отырып, дебаттар логиканы, сыни ойлауды дамытады, мәселелерді жүйелі көруді қалыптастыруға, оқиғалардың өзара байланысын анықтауға, оларды түрлі көзқараста қарауға мүмкіндік береді. Дебат – бұл мақсатты және ретке келтірілген көзқарастармен, пікірлермен, идеялармен алмасу.

Әлемдік тәжірибеде жастардың дебат қозғалысы ерекше әлеуметтік құбылыс болып табылады. Бүгінгі күні Мектептік дебаттар Халықаралық Қауымдастығына шамамен 50 ел кіреді.

Қазіргі әлемде дебат танымалдылыққа ие және әртүрлі салаларда қолданыс табуда: саясат, бизнес, әлеуметтік қызмет, білім беру, психология және т.б.

Үш негізгі құрамдас Дебаттың ажырамас бөлігі болып табылады:

адам дамуы ретіндегі дебат;

қоғам дамуы ретіндегі дебат;

демалыс ретіндегі дебат.

Жоғарғы сыныптың оқушылары арасында дебаттарды өткізудің ең көп таралған формаларының бірі 1993 жылы «Ашық қоғам» институты құрған Карл Поппер атындағы дебаттар болды.

Тұлғаны жан-жақты дамыту мен ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында Францияда және басқа еуропалық елдерде балалар мен жастар арасындағы дебаттар кеңінен қолданылуда және олар бюджеттік, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражатпен молынан қаржыландырылады.

Англия, Франция, Германия, Австрия және басқа мемлекеттердің оқу орындарында ашық қоғамда белсенді азамат болу уәждемесін арттыру мақсатында «Дебат» бағдарламалары құрылған.

Сонымен қатар, мектепішілік дебаттарды өткізу нәтижелілігіне қатысты республика педагогтеріне сауалнама жүргізу барысында жоғары сынып оқушыларындағы адамдар арасында қарым-қатынас жасауда, айналадағы адамдармен байланыс орната алмау, қарым-қатынастың жеткіліксіздігі мәселелелері анықталды. Дебатқа қатысушылардың 69%-ының коммуникативті құзыреттілік деңгейі, атап айтқанда, танымдық және мотивациялық компоненттері жеткіліксіз деңгейде болса, 29% - орташа және тек 2% ғана - жоғары. Жоғары сынып оқушыларының 19%-ы ғана адамдармен тез қарым-қатынас орнатып, достар тауып, қарым-қатынас жасауда бастамашылдық танытады және осыған байланысты оларға коммуникативті қабілеттердің жоғары деңгейі тән.

Жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары тарапынан мектепішілік дебаттық қозғалысты дамытуға мақсатты бағытталған жүйелі тәсілдеменің жоқтығы бұл бірегей іс-шараға оқушылардың кең ауқымда қатысуына мүмкіндік бермейді.



Қазіргі уақытта мектепішік дебаттық қозғалысты дамытудың өзектілігі сөзсіз, себебі ол оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеттері үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілеттілігін қалыптастыру мәнінің жаңа түсінігімен тікелей байланысты.

Бұл жоба үздік шетел және отандық тәжірибе негізінде құрылған және республикадағы дебаттық қозғалыстың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақтың әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуының негізгі міндеттерін шешуге бағдарланған.

Қазақстандық оқушылардың дебаттық қозғалысы мемлекеттің барлық өңірлерінің, конструктивті қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өкілдерінің, қазақстандық ғылым, саясат, бизнес, спорт, мәдениет және т.б. танымал өкілдерінің қатысуымен өтетін жалпыреспубликалық жоба болып табылады.

Дебаттық қозғалыс білім басқару органдары және жастар мен қоғамдық ұйымдары арасындағы, орталықтағы және жергілікті орындағы мемлекеттік билік органдары арасындағы құзыреттілікті бөлу принциптері негізінде балалар мен жасөспірімдер дебаттық қозғалысы жүйесін басқаруды жетілдіру тәсілдемелерін қамтиды.

Қазақстандағы мектепішілік дебаттық қозғалысты ұйымдастырудың негізгі базалық принципі «Бірыңғай мақсат, бірыңғай мүдде, бірыңғай болашақ!» ұранымен бүкіл мемлекет оқиғалары тұтастығын қалыптастыра отырып, өлкетану арқылы белсенді өмір сүруге және сыни ойлауға қабілетті, әлеуметтік кемел жас адамдардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға негізделген.

Дебаттық қозғалыс позитивті және конструктивті ойлауды дамытуға, қазақстандық қоғамда орны бар өзекті мәселелік жағдайларды талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыруға, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қалыптастыруға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында интеллектуалды жарыстар мен конструктивті пікір-таластарды дәріптеуге бағытталған.

Оқушылардың дебаттық қозғалысы – дидактикалық және тәрбиелік қосалқы жүйелерді біріктіретін педагогикалық технологиялардың бірі.

Оқушылардың дебат қозғалысының жалпы стратегиясы, мақсаты мен міндеттері еліміздің әр өңірінде дебаттық орталықтар, клубтар құру арқылы білім алушыларды жаппай тартуға бағытталған.Осы бастаманың негізінде жас қазақстандықтарды шынайы тіршілікке, қазіргі заман қоғамы мен мемлекет өміріне табысты бейімдеуге және интеграциялауға мақсатталған мектеп жасындағы балаларды әлеуметтендіру аса маңызды институтының ерекше әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде пікірталас қозғалыс феномені ұғымы жатыр.


Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты - мектепте дебат қозғалысы бағыттарының идеологиясын қазақстандық оқушыларды қазіргі заман қоғамы мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау, жоғары адамгершілік-рухани, көп мәдениеттік жалпы адам құндылықтары мен патриоттығы негізінде азаматтық қалыптасу бірыңғай жүйесі ретінде анықтау;

қоғам санасында балалар мен жастардың бейнесін қоғамның белсенді бөлігі ретінде нығайту.

Міндеттері:

- өзін-өзі таныту және жалпы мәдениет ой-өрісін, ұйымдастыру машықтарын, пікір-талас жүргізу дағдыларын, өз пікірі мен бағытын нақты қуаттауды дамыту үшін жағдайлар жасау;

- стандарттан тыс өз бетінше ойлау қабілетін, логикасын, сараптау және синтездеу, жалпылау және сыныптау, салыстыру және қарама-қайшылық, интуициясын, көңіл-күйін, зияткерлік реакциясын, кеңістік пен уақыт туралы жеке көзқарастарын, шектеулі уақыт ішінде ойларын құрастыру дағдыларын дамыту;

- оқушылардың дебат қозғалысының даму механизмдерін анықтау;

- жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалыспен қамтылған балалардың үлесін үлкейту.

Принциптері:

ведомствоаралық, салааралық сипаты;

гуманизациялық;

ашықтық – қоғамдық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, отбасы, басқа да әлеуметтік институттардың қатысуы;

қолжетімділігі;

жүйелілік – барлық қатысушылардың мүдделерін ескере отырып, нысандары мен әдіс-тәсілдерін жүйелеу;

серіктестерге адалдық пен құрмет;

еріктілік;

вариативтік, сонымен қатар коммуникативтік қызмет барысында білім алушылардың жеке мақсаттарын, мүдделері мен қажеттіліктерін ескеру.

Өңірлік (мектепшілік, аудандық, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) деңгейлері жыл сайын өткізіледі.

Дебат кезеңмен өткізуді көздейді:

аудандар мен қалалардағы барлық жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында;

облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда.

Өткізуді ұйымдастырушылар: білім басқармалары, білім бөлімдері, білім беру ұйымдары.

Дебатқа қатысушылар: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары, білім алатын командалар және олардың өкілдері, балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің көшбасшылары, республика жастарының атақты спорттық, шығармашылық, ғылыми өкілдері, еңбек сіңірген қайраткерлері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, халықаралық қоғамдастықтағы үкіметтік емес ұйымдар және т.б.


Дебатты өткізу орындарын, формаларын, әдістерін, серіктестерді тартуды білім беру ұйымдарының өздері анықтайды.

Дебаттың нәтижесі мен тиімділігі көп жағдайда мұқият ұйымдастырушылық дайындыққа, мамандарды тартуға, тақырыптың өзектілігіне және аудиторияның дайындығына байланысты.

Дебаттың негізгі тақырыптарын пікірталас сұрақтарын оқушылар өздері таңдайды – ол Қазақстан Республикасының тұрақтылығы, гүлденуі, әрбір азаматтың еліміздің динамикалық дамуына жеке қатысуы, қоғамның игілігіне ықыласы, шеберлігімен еңбек етуі, жастардың Отанның игілігі үшін шығармашылық, ғылыми әлеуеті, дәстүрлердің сақталуы және Қазақстанның мәдени мұрасын көбейтуге – осы және басқа да көптеген мәселелер ашық пікірталаста талқыланады.

Дебат жас ұрпақтың қоғамдық пікірін қалыптастыруға ықпал ете алатын, оқушылар үшін қызықты интерактивті формаларда жүргізіледі. Инновациялық модельдер мен мәдени-сауықтыру, білім беру және білім беру технологияларын қолдану, еліміздің жас азаматтары арасында қоғамның серпінді дамуына қатысуы туралы хабардарлықты қалыптастыруға және дамытуға тікелей және оң әсерін тигізеді.

Дебаттың талқыланатын тақырыптарын күшеюін талқылау, аудиторияға мақсатты әсер ету, сенімділік, ойын-сауық, жаппай сипаттама, интерактивтік формалар қолдануы мүмкін, яғни балалар мен жастардың түрлі бастамаларын таныстыру мен тұсаукесерлері, шығармашылық қойылымдар, аудио, бейне, коммуникациялық әдістерді пайдалану және т.б.

Дебат интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді пайдаланып ұйымдастырылады, өткізіледі. БАҚ-та кеңінен жарияланады.

Дебатты өткізу орындары шығармашылық жұмыстармен, тақырыптық фотосуреттермен, қажетті дыбыстық және мультимедиялық құралдармен безендірілуі тиіс. Пікірталас кезінде аудиторияны дауыс беру тетігін, сондай-ақ күшті қатысушылар мен жеңімпаздарды анықтауды қамтамасыз ету қажет.

Дебаттар құрылымдық болып табылады, олар нақты құрылымдық және өзекті мәселелер бойынша қатысушылар арасында арнайы ұйымдастырылған қоғамдық пікір алмасу болып табылады.

Дебаттар ұйымдастырғанда, олардың негізгі элементтері маңызды:

Тақырып. Кез келген Дебаттың алғашқы қадамы тақырыптың тұжырымдамасы. Дебат тақырыбы - моральдық, саяси, құнды және шынайы.

Терминдер мен ұғымдардың анықтамасы.