Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 672

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

(ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ)

ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

(КӨМЕКШІҚҰРАЛ)

9-сынып І том

Қызылорда, 2020 жыл

ӘОЖ 373

КБЖ 74.26

Е 53
Жалпы редакциясын басқарғандар:

Г.Смагулова, Ж.Сыздықова, Г.Шермағамбетова, А.Ахметова, Ж.Тұрсынбайқызы.

Авторлар ұжымы:

И.Сайдалиева, Г.Тулендиева, Г.Онайбекова, Н.П.Нам, А.Сыдыкова, С.Альсейтова, Б.Әбілова, Г.Садыкова, Б. Шәкиев, Ж.Алдамжарова, М.Әбілдаева, М.Искаков, А.Қонысова, Н.Есбосын, В.Жанұзақова, Б.Алушаева, Қ.Берманова, Г.Амандыкова, Р.Күзембаева, Д.Садирбаева, А.Саттарбек, Г.Ибраева, Н.Ботаев, Э.Түлкібаева, Б.Берікқалдиев, В.Сарманқұлова, В.Алипбаева, А.Байтасова, А.Тимурқызы, К.Ембергенова, В.Айменова, Н.Жусипова, Ж.Маханбетжанова, Ж.Мамахатова, Г.Қосмұратова, Р.Еримбетова, Б.Уткелбаева, А.Мырзахметов.


Емтихан тапсырмаларының жинағы (9-сынып). Көмекші құрал. - Қызылорда: Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), 2020 жыл. - 200 бет.

ISBN 978-601-341-605-2

Жинаққа 9-сынып бітірушілері емтихан тапсыратын барлық пәндерден үлгі тапсырмалар енгізілген.

Жинақ барлық пән мұғалімдері мен 9-сынып оқушыларына арналған.


ӘОЖ 373

КБЖ 74.26

ISBN 978-601-341-605-2 ©Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), 2020

©Авторлар ұжымы, 2020

Емтихан тапсырмалары

9-сынып



Алғы сөз

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім алушыларды қорытынды аттестаттау олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің немесе модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім ретінде анықталған.

2019-2020 оқу жылынан бастап негізгі орта мектеп бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаудың форматы өзгерді. Себебі 9-сыныпты бітіруші түлектер 7- сыныптан бастап үш жыл бойы жаңартылған оқу бағдарламасымен білім алып және оқудағы жетістіктері критериалды жүйеде бағаланып келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына 2019 жылдың 26 қарашасындағы №509 өзгерістер мен мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда:



  1. ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

  2. математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

  3. орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілімен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

  4. таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.

Жаңа форматтағы сынақ түрі болғандықтан, сұрақтар мен алаңдаушылықтар болуы заңды. Соның алдын-алу үшін мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік көмекші құрал дайындап ұсынуды жөн санадық. Назарбаев зияткерлік мектебінің, педагогикалық шеберлік орталығының мамандары және облыс мектептерінің шығармашыл мұғалімдері әзірлеген 9-сыныпқа арналған қорытынды аттестаттау тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері әрбір пән бойынша үлгі тапсырмаларын қамтиды. Ұсынылып отырған жинақтағы үлгі тапсырмалар мен нұсқалардың негізінде мұғалімдер өздерінің оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауына болады.
9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:


3


9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі

ҚАЗАҚ ТІЛІ

(қазақтіліндеоқытылатынсыныптарға)

Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні: газет мақаласынан үзінді

Экологиясыз болашақ келешегі кемел болашақ

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен болған сұхбат.

- Бүгіндесізбасқарыпотырған«Табиғат»экологиялықодағықандайіс-шараатқарыпжатыр?

- Табиғатты қорғау бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Біз мәселені көтерген кезде, бүгіннен бастап келер ұрпаққа не қалдыратынымызды, қалай жасау керек, не істеу керек екенін және оны шешу жолдарын да бірге ұсынамыз. Сондықтан табиғи байлығымызды қорғап қалу үшін бақылап отыратын бекеттер аштық. Іске қосылғанына көп болмаса да, төңірегінде тұратын азаматтар тек алғыстарын білдіруде.

Шарында біздің ұсынысымызбен ұлттық саябақ құрылды. «Медеудің» маңынан

«Жас жұбайлар» паркін де аштық. Балқаш атом стансасынан шығатын қалдықтың адам денсаулығына тигізер зиянын дәлелдеп, өнеркәсіп жұмысын біржолата тоқтаттық.

- Еліміздіңэкологиясынжақсартуүшіннеістеукерек?

- Біріншіден, Заң жағы реттелу керек. Ең бастысы, қаражат, ынта, тәрбие болса, біраз мәселе шешіледі. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, көктем мезгілінде ағаш егуді әдетке айналдыру керек. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты қорғау - әрбір азаматтың парызы екенін

үнемі естен шығармауымыз тиіс.

Елдос Өмірзақұлы. (168 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қазақстанның экологиялық мәселелері

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды. «Адам баласының алдында бүгінде үлкен екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау - екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» - деп белгілі жазушы Л.Леонов айтқандай, Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз.

Қазақстандағы экологиялық аймақтар:

А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мәселе табиғи ортаның мұнаймен ластануы.Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның табысы 10 млн.долларды құрайды. Бекірені шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.

В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған шығыс облыстары жатады. Онда ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған (қалалық) территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы (біртіндепнашарлаптозуы),ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.

4

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. долларды құрайды.

С аймағына оңтүстік аймақтар жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы.

Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен, сарапшылардың мәліметтері бойынша, 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50 % ғана орындалып отыр.

(245 сөз)

Тапсырма:

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғаты таза болашақтықалай жасауға болады?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.

Жалпы білім беретін мектептерге. ІІ нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы, PhD доктор Мұхтар Сеңгірбаймен тілші сұхбаты.

Ақпараткеңістігіндегібәсекегешыдасберуүшінгазеттерендігіжерденеістеуі

керек?

Осыдан 5-6 жыл бұрын қазақ газеттері жойылады деген болжамдар жасалған. Бірақ

уақыттың өзі көрсетіп отырғандай, жоғала қойған жоқ. Өйткені цифрлы техника, алдымен, адам денсаулығына зиян, адамның ойлануына мүмкіндік бермейді, жалқаулыққа жетелейді.

«Цифрлы ғасырда газет атаулы жойылады» деген түсінік қате, менің ойымша,

«газет» деген сөздің өзі мән-мағынасын өзгертіп, ақпарат құралы ретінде оның формасы
да, мазмұны да, таралу әдісі де, оқырмандары да түгелімен ауысады және бұл қазір болып та жатыр.

Кез келген БАҚ-тың бүкіл әлемге таралуына мүмкіндік бар. Ақпарат құралдарыоқырман назары үшін әлем деңгейінде бәсекеге түседі. Мәселен, Орталық Азия халқыныңөмірінеқызығатынадамоныNewYorkTimes-танемес,«ЕгеменҚазақстаннан»оқиалатындайболуы үшіннеістеукерек?

Қағаз түріндегі газет ақпарат таратудың бір формасы ретінде сақталады, ол планшеттен жалыққан немесе бір ауық көзін демалтқысы келетін, яки асықпай оқып, ой қорытқысы келетін оқырманға қосымша мәлімет береді. ХХІ ғасыр оқырманы жай мәтін оқып қоя салатын адам емес, ол басылымның мазмұнын қалыптастырып, оны бағыттап, байытып отырады.

Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, тәрбие беруші құрал. Кез келген журналистің біліктілігін арттыру газеттен, журналдан бастау алу керек. Тегінде, Қытайда мектеп оқушыларына қаламсаппен жазғызбайтын. Жазуларыңды бұзады деп. Оның орнына сиялы қаламмен жазуға үгіттейтін. Себебі қаламсап пен сиялы қаламның айырмасы бар. Біреуі - дайын өнім, екіншісі - еңбек. Себебі сияға малып мәнерлеп жазу – тәрбие. Осы тұрғыдан келгенде, газеттің бәсі басым екенін айту керек.

(229 сөз)
5