Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 1555
Скачиваний: 9
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9-сынып емтихан тапсырмалары
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Газет – өмір айнасы
Қазақ тілі
Цифрлы дәуірде тек қағаз түрінде басылып, белгілі бір аумаққа таралатын ақпараттық газет шығарудың мәні жоқ екені түсінікті. Әлем бойынша газет, журнал атаулының таралымы күрт төмендеуде, себебі жаңа буын жаңалықты планшет пен смартфоннан, компьютерден оқуға ойысып барады. Өйткені аптасына, айына шығатын газеттердің беретін ақпаратын күн сайын, сағат сайын жаңалап отыратын жылдам желі жеңіп кетті. Ал сізге белгілі ақпаратты қайталап оқудың қажеті бар ма?! Кезінде газетті ақпарат алмасу үшін, қоғамда не болып жатқанын білу үшін оқитын едік. Енді тек архивін қазып, жазбасын жаңартуға, одан қалса, оттық ретінде пайдаланамыз.
АҚШ-тың «New York Times» газеті 1851 жылдан бері тоқтамай жасап келеді. Оны таласа оқитын оқырманы жетерлік. Тіпті әлемдік БАҚ сол газеттен сілтеме жасау арқылы ақпараттар таратып жатады. Күніге ақпартты толықтырып, мәні мен мағынасы толысқан мақала жазу- тілшінің шеберлігі. Ендеше, біздің тілшілеріміз әлсіз бе?! Әлсіздіктен гөрі ізденімпаздық пен жаңашылдыққа ұмтылу үдерісі жоқ секілді. Олай дейтініміз – аптасына бір келетін газеттің бетінен қайталанған, сылдыр сөзден сүбелі сөз құраған авторлардың мақаласы мен қаптаған құттықтаулар оқимыз. Адам газетті, ең бірінші,
«кеше немесе осы аптада не болды екен?» деп ашады. Одан кейін «әлем не дейді, қоғам ше?» деген екінші ой келеді. Бәрінен шаршаған кезде ғана танымдық не қызықты дүние іздейді. Ал бізде алғашқы екеуі бар, оның өзінде сараптау емес, тек «болды, бітті, өтті, енді не болмақ?» деген жанама сұрақтары бар тақырыптар. Ал оқырманын қызықтыратын газеттің жаңашылдық көзқарасы жоқтың қасы.
(220 сөз)
Тапсырма:
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бұқаралықақпаратқұралдарының адам өмірінде маңызы бар ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
«Қызыл кітап» - табиғат қорғау негізі
Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы» — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Кітаптың беттері әртүрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген.
Қазақстанда бұл кітап 3 рет басылып, соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта құстардың 56 түрі, ал жануарлардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде: ақбөкен, гепард, арқар, барыс, бұғы және қарақұйрық т.б.бар.
Қызыл түс қауіптілікті білдіреді.Сондықтан кітапты осы түсте шығаруға шешім қабылданды. Флора мен фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі адам болғандықтан, қоршаған орта мен табиғатқа баса назар аударуымыз қажет.
«Қызыл кітап»- табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Онда жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ, қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған. “Қазақстанның қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
(164 сөз)
6
9-сынып емтихан тапсырмалары
Ә мәтіні: газет мақаласынан үзінді
Қазақ тілі
Табиғатты сақтау – болашақты сақтау
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда.Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі» комитеті 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ,» - деп қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде.
Эколог Сәдібек Түгелдің мәліметінше,заңсыз аң аулаушылар «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты аулау кезінде олардың арнайы кітапқа енгенін, ерекше қорғауда екенін біле тұра, табиғатқа залал келтіруге тырысады.
Экологтің пікірінше, біз «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарларға, құстар мен өсімдіктерге жеткілікті дәрежеде қамқор болып отырғанымыз жоқ. Броконьерлер оларды қалауынша атып, жасырып сатып, бас пайдасына жаратып жатыр. Жалпы, елімізде табиғатқа жанашырлық өте төмен деңгейде. Табиғаттың қай байлығы болмасын, аяусыз тоналып жатыр. Негізі, «түлкінің құйрығы өзінің соры» дегендей, «Қызыл кітапқа» енген қайбір аң болмасын, өзінің бір артықшылығымен адамзаттың көзіне түскен деуге болады. Мәселен, киіктің немесе бұғының мүйізі қымбат бағаланғандықтан, оны әдетте, броконьерлер шетелге өткізуге әуес. Сондықтан мүйізі үшін атып өлтіріп, мүйізін кесіп алып, ал денесін далаға тастап кете баратындар жетерлік.
Неге халықаралық деңгейдегі қорғалып жатқан аң-құс, өсімдіктер біреулердің жеке мақсаты үшін жойылуы керек?! Сондықтан тез арада табиғатты қорғауға қатысты, жазасы күшейтілген, әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген аң-құсты жойғаны үшін залалының орнын бірнеше есе көбейтіп қайтаратындай жаза қарастырмасақ ,«Қызыл кітапты» ғана құшақтап қалуымыз әбден мүмкін.
(251 сөз)
Тапсырма:
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, ««Қызыл кітап» қорғаған аң-құстардыбізқорғайалмаймызба?»деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі170-200 сөз болуы қажет.
Инновациялық мектептерге. І нұсқа Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Қазақстандағы туризм
Қазақстан экономикасының дені қара алтынға, яғни мұнайға байланған. Қазіргі таңда мұнайдың бағасы бірде өсіп, бірде төмендеуде. Бұл тұрғыда, «Еліміздің экономикасын тұрақты ұстап, оны көтеру үшін басқа саланы да дамытып, соған басымдық беру қажет,» -деген сарапшылардың пікіріне толыққанды келісуге болады.
Қазақстан үшін ең ұтымды шешім – туризм саласын дамыту. Алайда бұл мәселеге толыққанды көңіл бөлінбей келеді. Әлем бойынша туризм саласында жақсы дамыған елдер қатары көп. Олардың көшін бастап тұрған - Түркия, Араб Әмірліктері, Египет, Тайланд, Үндістан елдері. Жыл сайын аталған елдерге туристер ағылып барып жатады. Ал
7
9-сыныпемтихантапсырмаларыҚазақ тіліҚазақстанғаше?Біздіңелімізгекелетінтуристерсаныбұлелдерменсалыстыруғакелмейді.Еліміздегідемалысорындарынаншетелдікқонақтаремес,өзіміздіңқазақазаматтарының көпшілігі амалсыздан келетіндей. Барлығының арманы - шетелге шығу,мысалы,Гаваи,Маямиаралдарындадемалу,Түркияғабарып,Қаратеңізгешомылу.Қазіргітаңдакөпшіліктіңайтатыны:«Бурабайғадемалуғабарғанша,Түркияғабарған дұрыс, екеуіне де бірдей қаражатжұмсалады,» - дейді. Мұндай пікірлер еліміздегідемалысорындарының бағасының тымшарықтапкеткендігінедәлелболаалады.Қазақстандатуристікагенттіктердің саны 600-ден астам. Алайдаолардыңбасымкөпшілігіқазақстандықтардыңшетелгесаяхаттаужоспарынжасаса,тек14,5%-ығанаелімізге келетін туристермен айналысады.Біздің елімізге келетін шетелдіктердің көбііссапармен ғанакеледі екен. Қазақстанға келетін туристерден түсетін пайда жалпы туризмнің 3%-ын ғанақұрайды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өзге елдерде бұл көрсеткіш 50%-ға дейінжетіп отырады. Елімізде туризмнің инфрақұрылымы өз дәрежесінде жасалмаған.Еліміздегіжолмәселесісынкөтермейді.Осыжолдармен
жүргентуристекіншіретҚазақстанғаоралғысыкелетіндігінеүлкенкүмәнтуғызуғаболады.Демалысорындарындағықонақүйлердегіқызметкөрсетусапасыдатымтөмен.Қызметкерлердіңбасымкөпшілігіағылшынтілінмеңгермегендіктен,шетелденкелген қонақтарға қызмет көрсету қиынға соғады. Өздерінің ойын дұрыс жеткізе алмағантуристерекінші рет бұл жергекелугезауқыдасоқпасыанық...(266сөз)
Әмәтіні:сұхбаттан үзінді«Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтың БАҚтілшісінебергенсұхбаты.
-
Қайрат Серікұлы, еліміздегі туристік саланың жалпы беталысы қандай? Биылбұл салада қандай өзгерістер болады? -
Туризм - көптеген елдерде басымдыққа ие сала. 2030 жылы 1,8 млрд. адам ағымы күтіліп отыр. Осынша адам халықаралық шекаралардан өтетін болады. Қазақстанда ол әлі де болса енді басталуда. Әлем жұртшылығы Қазақстанда демалу мүмкіндіктері жайлы, туризмнің алуан түрлері бойынша қандай мүмкіндіктердің бар екенін, оның ішінде эко және этнотуризм туралы енді ғана біліп жатыр. Қазақстанда динамика жақсы. Келушілер туризмі бойынша,орта есеппен, жыл сайын 10%-ға өсіп келеміз. Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамдар саны көбеюде. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді.