Файл: дістемелік кабинет) емтихан тапсырмаларыны жинаЫ (Кмекшірал).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 677

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы:Еліміздің ең жоғары Заң құжаты — Конституция.

Конституция

Жауабы:Конституция мемлекетіміздің ең маңызды Заң құжаты болып саналады.

  1. Ата Заңымыз еліміз үшін қиын кезеңдерде халықтық референдум жолымен қабылданды және күрделі мәселелерді шешудің түйінді формуласы ретінде орнықты.

Еліміз үшін


  1. Ата Заң демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке тән ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекетке тән

  1. Бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат биыл 25 жасқа толып отыр.

Биыл

  1. Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.

Әлемдегі



  1. 1995 жылы
    Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет халықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген де осы-1995 жылы қабылданған Конституция.




  1. Міне, осы төрт мәселе біздің республикамыздың негізгі принциптері болып саналады.

Біздің


  1. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.


Мемлекетімізде

  1. Ата Заң халыққа мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды.

Халыққа

  1. Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек.

Біз үшін

  1. Өйткені, Ата Заңымыз Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат.

Қазақстанның


  1. тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

  1. Ата Заңның негізгі міндеті қандай?

  2. Ата Заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Кем дегенде 2 ерекшелікті атап көрсетіңіз.

  3. Ата Заңның негізгі қағидалары қандай? 2 дәлел келтіріңіз?

37

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
Инновациялық мектептерге. ІІІ нұсқа 1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Құлан - жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар

Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан да енген.

Құлан, жалпы айтқанда, жылқы тұқымдас жануар. Құландар жылқы сияқты тебініп қоректенеді, шөп талғамайды. Зерек, батыл әрі сақ келеді. Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін. Сонымен қатар ол өте қызыққұмар жануар. Далада келе жатып өзіне бейтаныс зат көрсе, жақын келіп, зерттеп кетеді.

Бір ғасыр бұрын қазақ даласын құланның 3 түрі мекен еткен көрінеді. Олар: монғол, қазақ және түркімен құланы. Монғол құланы Шығыс Қазақстанды мекендесе,

қазақ құланы орталық және оңтүстік аймақтарды, ал түркімен құланы Батыс Қазақстанды жайлаған.

ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланы біздің елдің территориясынан ауып кеткен. Оған әсер еткен әр түрлі факторлар бар. Негізгілері:1. Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар есепсіз аулағандықтан саны азайды. 2. Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті. 3. Құландардың жайылымдарын өңдеп, егістік, құрылыстар жүргізу жұмыстары да өз әсерін берді.

1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып келінген. Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған. Бұл жұмыстар бірнеше кезеңнен тұрды.

Барсакелмеске жеткізілген 14 құлан көбейіп, 200 басқа жеткенен кейін оларды құрлыққа жеткізу жұмыстары басталды. 1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді. Кейін құландар Жамбыл облысындағы “Аңдасай” мемлекеттік қорығы мен Маңғыстау өңіріндегі “Ақтау- Бозашы” қорықтарына кіргізілді.“Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында бұл жұмыс қайта жалғасты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты.
Олар: Барсакелмес, Алтын-Емел, Аңдасай және Ақтау-Бозашы құландары.

Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге тарауына көмектеседі, жерді қопсытады. Сонымен қатар топырақ құнарлығының артуына ықпал етеді, экожүйедегі кішігірім өзгерістердің басталуына мүмкіндік береді. Экономикалық жағынан алып қарайтын болсақ, тұрғындарды жұмыспен қамтуды айтуға болады. Сондай-ақ эко-туризмнің дамуына жағдай жасайды.

Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай жасау әрбір адамзаттың басты парызы.

(319 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Аң Таныс емес Тұңғыш Әкелінген Борышы
38

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

  1. тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы: Қазақстанның “Қызыл кітабына” жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар құлан да енген.

Жоғалудың Жауабы: Жоғалудың аз-ақ алдында тұрған жануар болғандықтан, құлан даҚазақстанның “Қызыл кітабына” енген.

  1. Адамның иісін алыстан сезіп қойып, 1 шақырым жерден қашып кетуі мүмкін.

1 шақырым

  1. ХХ ғасырдың басында қазақ құланы түгел жойылып кетсе, монғол мен түркімен құланы біздің елдің территориясынан ауып кеткен.


Біздің

  1. Кең далада еркін жайылып жүрген құландарды аңшылар есепсіз аулағандықтан саны азайды.

Аңшылар

  1. Қазақ даласында бірнеше рет болған жұт та құландардың жойылып кетуіне әсер етті. Құландардың



  1. 1953 жылы құландардың көбеюін қайта қалпына келтіру мақсатында оны қайтарудың алғашқы жұмыстары басталып, Түркіменстаннан «Барсакелмес» қорығына 14 құлан алып келінген.

Түркіменстаннан

  1. Қазақ даласына жерсінген құландар саны ақырындап өсе бастаған. Құландар



  1. 1982-1983 жылдары құландар Баракелмес аралынан “Алтын-Емел” мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізілді.

«Алтын-Емел»_

  1. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда құландардың төрт тобы қалыптасты. Қазақстанда



  1. Құландар табиғатта жайылу арқылы түрлі өсімдік тұқымдарының басқа жерлерге тарауына көмектеседі, жерді қопсытады.

Табиғатта

  1. Сондықтан табиғатты сақтау мақсатында құландардың жойылып кетпеуіне жағдай жасау –әрбір адамзаттың басты парызы.

Әрбір адамзаттың

  1. тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңіз бен жауап беруге тырысыңыз.

  1. Құландардың жойылуына не себеп болды?




  1. Құландарды сақтап қалу мақсатында қандай жұмыстар жүргізілді? Кем дегенде 2 дәлелді келтіріңіз.



  1. Құландардың табиғатқа тигізер әсері қандай? Кем дегенде 2 әсерін жазыңыз.

39