ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 85-сабақ
Бөлім: | Ғарышқа саяхат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Манафова СГ | |
Күні: | 10.04.2023 | |
Сынып: 4a | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ғарыштан адам не іздейді? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді. -Берілген ғарышкер, зымыран, ғарышайлақ суреттерінен біреуін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар. Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау. -Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып жауап алыңдар. Жаңа оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі: -Сендер ғарышқа не үшін ұшар едіңдер? -ғарыш әлемінде не қызықтырады? -Келешекте ғарышқа ұшу оңай болуы мүмкін бе? - Олай болса, бүгінгі сабақта ғарыштан адам не іздейтіні туралы оқып, жауабын бірлесе табатын боламыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Ғарышкерзымыран, ғарыш айлақ суреттері |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Т) 1- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. А) Автор туралы мәлімет. -Мәтінді оқып, автордың қысқаша өмірбаянын әңгімелеңдер. Ә) Мәтінмен жұмыс. -Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. - Айдын ғарыш жұлдыздарының тізімін қалай жаңғыртты? -Ақынның: Тоқтар, Талғат, Айдынның, Әлі-ақ ізін жалғаймыз...деген сөздерін қалай түсіндіңдер? А.Айымбетов пен Т.Мұсабаевтың өмірбаяндарын тыңдаңдар. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Айдын Айымбетов туралы оқып, әңгімеле. Сергіту сәті – құстар үні. (Д, Т) 2-тапсырмада «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс жүзеге асырылады. А) Іздеу. Өлең шумақтарынан ақынның сезімдерін білдірген сөздерді тауып оқыңдар. Ә) Б) Қорытынды. Болашақ, келешек, құдірет, ғажап, арман, өнер, самғау деген сөздерді пайдаланып, өлеңдердің негізгі ойын түсіндіріңдер. | - Тапсырма орындайды. Құстар үнін тыңдап сергиді. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: - Мәтінді оқып, автордың қысқаша өмірбаянын әңгімелейді-2балл. Өлеңді мәнерлеп оқиды-2балл. - Айдын ғарыш жұлдыздарының тізімін қалай жаңғыртқанын әңгімелейді-2балл. А.Айымбетов пен Т.Мұсабаевтың өмірбаяндарын әңгімелейді-1балл. Дескриптор: - Өлең шумақтарынан ақынның сезімдерін білдірген сөздерді табады-2балл. Сөздерді пайдаланып, өлеңдердің негізгі ойын түсіндіреді-1балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулығы 4 сынып 3-бөлім 2019ж Құстар үні |
Қорытын-ды 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мазмұндау. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 86-сабақ
Бөлім: | Ғарышқа саяхат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Манафова СГ | |
Күні: | 11.04.2023 | |
Сынып: 4a | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ғарышкермен сұхбат | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу: -Үй тапсырмасын сұрау. -Бір-біріңе өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, жауап алыңдар. Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен сурет таңдау арқылы жүреді. Жаңа оқу материалын жариялау «Броундық қозғалыс» әдісі: - Түсті парақтарда берілген әріптерден қандай сөз, сөйлем құрастыруға болатынын анықтаңдар. (Ғарышкермен сұхбат) -Қазақ ғарышкерлерінен кімдерді білесіңдер? -Талғат Мұсабаевқа қандай сұрақтар қояр едіңдер? -Қай сыныптасыңның сұрағы қызық болды? -Олай болса, бүгінгі сабақта ғарыштық өмір туралы шығарманы оқимыз, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табамыз, тапсырмалар орындаймыз. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Сұрақтарға жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Әртүрлі сурет Ғарышкермен, сұхбат сөздері |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі: А) Сөздікпен жұмыс. Ә) Оқылым. -Мәтінді түсініп, тізбектей дауыстап оқыңдар. Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: - Тоқтар Әубәкіров туралы тағы қандай мәлімет айта аласың? Сергіту сәтінде қосылып ән айтады. (Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. А) «Кинометафора» әдісі: -Талғат Мұсабаевтың ғарыштағы бейнежазбасынан үзіндіні тамашалайық. Ә) Сұрақ-жауап. - ҒарышкерТалғат пен Тоқтардың армандарын салыстырыңдар. -Т.Мұсабаевтың ерлігін сипаттайтын үзіндіні тауып оқыңдар. -Ғарышкер Талғаттың ұшу кезіндегі бақытты сәтін тауып оқыңдар. Сабақ басындағы «Сұрақтар тақтасына» тағы қандай сұрақтар қосар едіңдер? Б) Қорытындылау. Мәтіндегі ерекше әсер еткен бөлігін оқып беріп, ойларыңды түсіндіріңдер. | - Тапсырма орындайды. Ән айтып сергиді. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: Сөздікті жазып, жаттайды-1балл. - Мәтінді оқиды-2балл. - Талғат пен Тоқтардың армандарын салыстырады-2балл. Т.Мұсабаевтың ерлігін сипаттайтын үзіндіні тауып оқиды-1балл. Талғаттың ұшу кезіндегі бақытты сәтін тауып оқиды-1балл. - «Сұрақтар тақтасына» тағы қандай сұрақтар қосатынын айтады- 1балл. - Мәтіндегі ерекше әсер еткен бөлігін оқып, ойын түсіндіреді-2балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулығы 3-бөлім 4 сынып 2019ж |
Қорытын-ды 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мәтінді оқып, мазмұндау. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 87-сабақk
Бөлім: | Ғарышқа саяхат | |
Мұғалімнің аты-жөні | Манафова СГ | |
Күні: | 12.04.2023 | |
Сынып: 4a | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ғарышкердің ас мәзірі | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру | |
Сабақтың мақсаты |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру 8 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Өткен тақырыпқа шолу және жаңа оқу материалын жариялау «Хат тасушы ұшақтар» әдісімен жүреді: -Тұңғыш қазақ ғарышкері кім еді? -Қазіргі заманда қайда сапар шегуге болады? -Ғарышта 3 рет болған қазақ ғарышкері кім? -Соңғы рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкерін ата. -Ғарышкердің тағамы қандай болу керек? - Ғарышкердің тағамының түрі, пішіні қандай болады деп ойлайсыңдар? - Ғарышкерге жақсы тілек айтыңдар. -Олай болса, бүгінгі сабақта ғарышкердің ас мәзірі туралы оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз. Топқа бөлу «Таңдау» әдісімен жүреді. -Ұшақ түрлерінің бірін таңдап, топқа бірігіп отырыңдар. | Жаттығу жасайды. Топқа бірігеді. Сұрақтар қойып, жауап береді. | «Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! | Түрлі ұшақ макеттері |
Жаңа білім 15 мин 2 мин Бекіту 15 мин | (Ұ,Д) 1- тапсырма «Ашық микрофон» әдісі, дәптермен жұмыс: А) Мәтінмен жұмыс. -Мәтінді тізбектей дауыстап оқыңдар. -Мәтіннің мазмұны несімен ұнады? Саралаудың «Дереккөз» тәсілі жүзеге асады. Кейбір оқушыға: -Ғарышкердің ас мәзірі туралы әңгімеле. Сергіту сәтінде әнге қосылып айтады. (Т) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен орындалады. а) Анықтау. -Ғарыштағы түн неліктен бірнеше минут қана болатынын анықтаңдар. ә) Құрастыру. -Ғарыштағы тамақтану ережесін құрап жазыңдар. Б) Салыстыру. -Мәтін мазмұны бойынша, ғарыштағы өмір мен Жердегі тіршілікті салыстырыңдар. В) Қорытындылау. -Болашақта ғарыштық тағам біздің тағамдардың өзгеруіне әсер етуі мүмкін бе? Қазірге кезде оның қандай белгілері байқалады? | - Тапсырма орындайды. Ән айтып сергиді. -Тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді. | Дескриптор: - Мәтінді оқиды-1балл. - Мәтіннің мазмұны несімен ұнағанын айтады-1балл. Дескриптор: - Ғарыштағы түн неліктен бірнеше минут қана болатынын анықтайды -2балл. -Ғарыштағы тамақтану ережесін құрап жазады -2балл. - Ғарыштағы өмір мен Жердегі тіршілікті салыстырады-2балл. Болашақта ғарыштық тағам біздің тағамдардың өзгеруіне әсер етуі мүмкіндігін қазіргі тағамдардан мысалдар келтіре дәлелдейді-2балл. | «Әде- биеттік оқу» оқулығы 4 сынып 2019ж |
Қорытын-ды 5 мин | Кері байланысты «Үш қадамдық сұқбат» әдісі арқылы береді. Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды. Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау. | Сабақтан түйген ой-пікірін айтады. | ҚБ қойылады. | |