ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 110
Скачиваний: 7
зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы?
- "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғысаласың, достарың да көпболады.
Қызғаншақболма! Өзбойыңдағыжалқаулықты, қорқақтықтытаста! Өтірікайтпа, жаманойларданаулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..
Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
Берекет:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек?
2. Тамақтанкейінауыздышаюкерек.
3. Ыстықтамақтан соңсуық нәрсеішпеукерек.
4.Жаңғақты тіспеншақпаукерек.
5.Дер кезіндетіс дәрігеріне көрінуқажет.
6.Тәттіні көп жеугеболмайды.
7.Әркімніңөзініңжекетісщёткасыболуыкерек.
Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.2.Ісің түсіп тақсырға барма,Аурулы болып бақсыға барма.3. Бақсы көрінсе дерт қозады,Ұста көрінсе таға тозады.4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.5..Ауру атанды да шөктірер.6.Қотыр қолдан жұғады,Таз тақиядан жұғады.7.Бас ауырса жан қорқады.8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,Шыбын бар жерде - шығын бар.9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.10.Жан ауырса - тән азады,Қайғы басса - жан азады.11.Өліспеген көріседі.12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,Қойдың ойлағаны - амандық.13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.15.Қасапшыға мал қайғы,Қара ешкіге жан қайғы.16.Емнің алды - еңбек.17.Ауру желмен келіп, термен шығады.18.Аман болса бұл басым,Тағы шығар бұл шашым.19.Азған денеге ауру үйір.20.Қайғы қартайтады,Қуаныш марқайтады.Сергіту сәтіОйын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.«Әлемдегі ең пайдалы азықтар» Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қорыҚызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. Қауын – жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. - Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.Дымқылдап күнде сен,қолыңа сүйкесең.Кетіп кір-ласың,Тап-тазаболасың. (Сабын)Шомылған баланы,Аймалапалады.Сүртедіқолын да,Сүртедіжонын да. (Сүлгі)Аузыжоқ, көзіжоқ,Тіліжоқ, өзіжоқ.Бірақ та тісі бар,Басыңмен ісі бар. (Тарақ)Бізедік, бізедік,Отызекіқызедік.қатар-қатартізілдік,Кезек-кезекүзілдік. (Тіс)«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.Есік қағылады. Ішке бала кіреді.Дәрігер:- қандай себеппен келдің?Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.Дәрігер:- Неніұнатасың?Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.Слайд «Кім тапқыр?»Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.Е - Емнің алды - еңбек.Н - Негізгі байлық - денсаулық.С - Саулық - байлық негізі.А - Ас - адамныңарқауы.У – Уланудан сақтан.Л - Ластың досы - шыбын.Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.Қ - қотыр қолдан жұғады.- Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т. б. жолын меңгердік деп ойлаймын. Тәрбие сағатынан өздерің үлкен тәрбие алдыңдар. -Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауында денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген,
Қазақстандықтар спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрі - дәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген. Бұл - үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отырғандығы. 7- сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі. Бұл күні барлық халықтар осы айтулы мерекені атап өтеді.«№8 жалпы білім беру орта мектебі»Сынып сағатыТақырыбы:«7-сәуір – денсаулық күні»Сыныбы: 6 «Ғ»Сынып жетекші: Ж. Орынбаева Уақыты: 6.04.2017ж.