ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Екі жазық айналар α екіжақты бұрыш жасайды. Айналардың әрқайсысынан біртіндеп екі рет шағылысу нәтижесінде жарық шоғы қандай бұрышқа ауытқиды?
-
Жарық нүктесіне S сәйкес келетін жалған S1 және S2 көздердің, Френель айналарында орнын және олардың арасындағы d арақашықтығын табыңыз.
-
Нүктелік жарық көзі жинағыш линзаның негізгі оптикалық осінде орналасқан. Жарық көзін А нүктесіне қойғанда оның кескіні В нүктесінде, ал жарық көзі В нүктесіне қойылғанда оның кескіні С нүктесінде болды. АВ =10см және ВС =20см екенін біле тұра, линзаның фокус аралығын табыңдар.
-
Жарық шоғы 1 ортадан 2 ортаға α бұрышпен түсіп, 2 орта арқылы β бұрышпен таралады. 1 ортада толқын ұзындығы λ1. 2 ортадағы толқын ұзындығы λ2 қандай?
-
Суретте 1 сәуленің жолы көрсетілген. 2 сәуле сынғаннан кейін қалай жүреді?
-
Суретте линзадан өткен сәуленің жолы көрсетілген. Бұл сәуле сыну алдында қалай жүрді.
-
Суретте линзадан өткен сәуленің жолы көрсетілген. Бұл сәуле сыну алдында қалай жүрді.
-
S зат негізгі оптикалық осінде орналасқан, осы заттың кескінін салыңдар.
-
Заттан экранға дейінгі қашықтық 0,8 м. Линза экранда, зат екі орнында орналасқанда заттың анық кескінін береді, ол орындардың ара қашықтығы 0,2 м. Линзаның оптикалық күшін табыңыз.
-
Затты жинақтаушы линзадан қандай қашықтықта орналастыру керек, оның нақты кескінімен заттың арақашықтығы минималды болу үшін? Линзаның фокус аралығы 10 см.