Файл: Жаандану мселелері блімі бойынша жиынты баалау Оу масаты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 51
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік
мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру,
маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция)
анықтап жазу
9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс
қолдана білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып,
өңдейді
Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді
салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді
анықтайды
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады
Қолдану
20 минут
Тапсырма
Берілген графиктік мәтіндегі ортақ тақырыпты анықтаңыз. Көтерілген мәселе бойынша қандай айырмашылығы бар?
Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады шағын мәтін құрастыр
Асанқайғының жерұйықты іздегені
Асанқайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», –депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», – деп, тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», – депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», – депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», – депті.
3.Жерұйық сөзіне фонетикалық талдау жасау
4.Бір сөзге лексикалық талдау жасау
5 .2 сөйлемге синтаксистік талдау жасау
6. Тірек сөздерді жазып ал