Файл: Информатика пні малімі Сабаты таырыбы Информатика леміне саяхат Сабатан тыс ісшараны масаты Білімділігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

информатика пәні мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (көрме).
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:

1- бөлім «Таныстыру».
2- бөлім «Құпия алаң».
3- бөлім «Бәйге».
4- бөлім «Тапқырлық».
5- бөлім «Полиглот».
6- бөлім «Кім жылдам?».

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын балалар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Процессор»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұрандары: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Клавиатура»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Ұрандары: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»

Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық, бұл бөлімде таныстыруларын жақсы айтқан топқа 5 ұпайдан беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2-бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 15-ке дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Компьютер миы? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
6. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
7. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
8. Электронды плакаттар деп нені атаймыз? (слайдтарды)
9. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт, килобайт, мегабайт, гегабайт, терабайт)
10. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)

Осымен 2- бөлім аяқталды.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3-бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топбасшылар сайысқа түседі берілген түрлі-түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Санау жүйесінің түрлерін атаңдар (позициялық және позициялық емес)
2. Компьтердің минимум тізімін атаңыз (жүйелік блок, монитор, клавиатура)
3. Сурет салуға арналған программа (Paint графикалық редакторы)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
5. Драйвердің қызметі не? (компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар, мысалы принтер драйвері, сканер драйвері)
6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер? (Dr. Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т. б. жатады)
7. Алғашқы программист әйел (Ада Августа Лавлейс)
8. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (3)
9. Excel-дің жұмыс парағы қанша бағаннан және қанша жолдан тұрады? (256 баған, 65536 жол)
10. Монитордың неше түрі бар (3)

Көк конверт сұрақтары:
1. Компьютерлік графиканың түрлерін ата (растрлық, векторлық, фракталды)
2. Интерфейс дегеніміз не? (комппьтерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушылардың арасындағы өзара байланыс)
3. MS Excel дегеніміз не? (сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған  Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа)
4. Ақпараттық процестер?  (сақтау, алмасу, өңдеу)
5. 1байт неше биттен тұрады? (8)
6. Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы (сканер)


7. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
8. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Ақпараттық процесті зертейтін ғылым (информатика)
10. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)

Қызыл конверт сұрақтары:
1. Диаграмма деп нені айтады? (бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі)
2. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз (Сызықтық, нүктелік, гистограммалар, сақиналық, жапырақты, цилиндрлік, конустық, көпіршікті)
3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа  (калькулятор)
4. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
5. Монитордың түрлерін атаңыз  (плазмалық, сұйық кристалды, электронды түтікше)
6. Есептеуіш техника қай ғасырда қарқынды дамыды? (ХІХ ғасырда)
7. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? (Біз дүниежүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «Бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз)
8. Жыпылықтап тұратын тік сызықша (меңзер)
9. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946ж АҚШ-тың Пенсильван университетінде)
10. Антивирус дегеніміз не? (Антивирустар – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай–ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар).
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен.-деп

4-бөлімді бастайық. «Тапқырлық»  бұл сайыста әр топтан бір ер бала шығып шарды жарып өз тобына шардың ішіндегі жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмейді , шапшандық есептеледі әр жауапқа 1ұпайдан.

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)

4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)

7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)

8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)

9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)


5–бөлім. «ПОЛИГЛОТ».

Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Бұл бөлімнің шарты бойынша 4 бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушылардан бастаймыз. Білімалушылар слайдта көрсетілген сурақтардың жауабын айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 30 ұпай, 2 тілде жауап берсе 20 ұпай, ал енді бір тілде ғана болса жауап 10 ұпай
1. Ақпаратты адам бірінші не арқылы қабылдайды? (көру, видеть)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы (Монитор, монитор, Screen).
3. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)
4. Файлдарды реттеп қайда саламыз? (Бума; Папка; Icon).
5. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
6. Мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы (мәтіналғы, сканер, Scanner).
7. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (Тінтуір; Мышка; Mouse)
8. Ол құрылғысыз ақпаратты компьютерге енгізе алмайсыздар? (Пернетақта; Клавиатура; Keybord)
9. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы  (Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk)
10.Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаратын құрылғы (Басып шығарғыш; принтер; printer).
Осымен 4-бөлім аяқталды
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса-деп

6-бөлімді бастайық. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?   

М    К    А    К    О    М    П
О    Н    К    С    Т    Н    Ь
В    И    Т    У    Ы    А    Ю
И    Т    О    Р    Ш    Қ    Т
Р    П    С    К    А    Р    Е
У    Е    Е    Т    Н    Е    Р
С    Р    Н    А    Қ    Т     А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!