ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 121

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Біз шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүретін болатынбыз. Бір мезетте қараңғы тоғайға келіп кірдік. Тарлау соқпақ жол көрінді. Біз осы бір кішкентай ғана соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып шықты. Біз жасыл шөп үстінде демалмақ болып жата қалдық. Көзіміз ілініп кетіпті. Бір кезде иттің қатты үргені естілді. Ит қып-қызыл түлкіні қуып жүр екен.1. Асты сызылған сөз қай топқа жатады?А) туынды зат есімВ) туынды етістікС) туынды сын есімД) түбір сөз2. Мәтінге лайықты тақырып қойыңыз:А) Қызыл түлкіВ) Жасыл шөпС) Шыршалы тоғайдаД) Жазда3. Қарамен жазылған сөйлемде тұрлаулы мүшелерді тап:А) соқпақ көріндіВ) тарлау жолС) соқпақ жолД) жол көріндіЖер – аспан әлеміндегі сансыз көп ғаламшардың бірі. Көлемі жағынан одан үлкен де кіші де мыңдаған ғаламшар бар. Солардың ішінде Жерде ғана тіршілік бар. Жер өз кіндігінен айналады. Толық бір айналым 24 сағатқа созылады. Бұл - бір тәулік. Сондай – ақ Жер Күнді айналып та қозғалады. Күнді толық бір айналып шығуға 365 күн 6 сағат 9 минут 9 секунд уақыт кетеді. Бұл – бір жыл деген сөз.1. Қарамен жазылған сөйлемде тұрлаусыз мүшелерді тап:А) жер айналадыВ) өз кіндігіненС) кіндігінен айналадыД) өзі айналады2. Асты сызылған сан есімге жалғауға болатын тиісті жұрнақты тап:А) - ншіВ) - ыншыС) - іншіД) - ншыТікұшақ – қызық машина. Ол кәдімгі ұшақтар сияқты ұшады. Сонымен бірге жерден көкке тіп – тік көтеріле алады, аспанда бір орында қалықтап тура алады. Қонатын жерді де көп таңдамайды.Тікұшақты жер бетін барлау жұмыстарына жиі пайдаланады. Тікұшақпен таулы жерлерге де қонуға болады. Ол – теңізге бақылау жасауға қолайлы машина. Шаруашылық салаларында жиірек пайдаланады.1. Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз:А) тікұшақтың пайдасыВ) тікұшақтың жасалуыС) барлау жұмыстарыД) жер беті2. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді тап:А) көруВ) пайдалануС) бақылауД) қазуҚыста күн жаздағыдай емес, күңгірт шығады. Қар басқан орман мүлгіп тұр. Барлық тірі атаулы аяздан қатып қалған секілді. Тек анда – санда суықтан тарс етіп айырылған ағаштардың дыбысы шығады.Мен орман ішіндегі алаңға шықтым. Алаңның ар жағында шыршалы орман көрінеді. Барлық ағаштарда ірі бүрлер салбырап тұр. Бүршіктердің көптігі соншалық бұтақтары жерге дейін иіліп тұр.
1. Мәтіннен тәуелденген сөзді тап:А) дыбысы, бұтақтарыВ) ағаштардың, бүрлерС) алаңға, бұтақтарыД) дыбысы, шыршалы2. Қарамен жазылған сөйлемнің түрін анықта:А) жайВ) сұраулыС) лептіД) жайылма 3. Асты сызылған сөзге мағынасы жуық сөзді тап:А) сынғанВ) жоғалғанС) кесілгенД) жарылған11. Мұғалім Айдосқа кестедегі мысалдардан туынды зат есімдерді табуын сұрады.

  1. Ұзындық

  2. Темір

  3. Достық

  4. Адам

  5. Сызғыш
Айдос « + » белгісін неше рет қойды?А) 2В) 3С) 4Д) 112. Сәйкестендіріңіз.1) Туынды зат есім а) әдепті, көктемгі, сүтті2) Туынды сын есім ә) ойлады, биледі, көздеді3) Туынды етістік б) дәрігер, сауын, адалдықА) 1а, 2ә, 3бВ) 1б, 2ә, 3аС) 1ә, 2б, 3аД) 1б, 2а, 3ә13. Құс, аң сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз1 ) - қа 2) - тер 3) - ге 4) - дарА) 2 мен 3В) 1 мен 4С) 1 мен 3Д) 1 мен 214. «Алыс» сөзіне мағынасы жуық сөздер қатарын көрсет:А) таяу, жақын, жылдам, ұзақВ) қашық, шалғай, шет, қиырС) қашық, жақын, таяу, ақырынД) таяу, жақын, лезде, жылдам15. Оқу, қыс, би, өнер сөздеріне жалғанатын тиісті жұрнақтарды тап:А) –лық,-та,-ге,-діВ) –шы,-ы,-лер,-менС) –ға,-ты,-ші,-ліД) –шы,-қы,-ші,-ліҚоян жер сілкінісі туралы ескерттіӘдеби мәтінБ ір нәрсеге әрдайым уайымдап жүретін қоян болыпты.«О құдайым!Мен байғұспын!Мен байғұспын!»-деп күні бойы мыңғырлап жүрді.Бәрінен де ол жер сілкінісінен қатты қорқатын.«Егер жер сілкінсе маған не болады?»-деп өз-өзіне сөйлеп қояды.Бір күні таңертең кенеттен ағаштан үлкен алманың ГҮРС! етіп түсіп бүкіл жерді дірілдеткені оны қатты шошытып жіберді.Қоян орнынан секіріп түсті.«Жер сілкінісі»-деп айқай салды.Ол өзінің туыстарына ескерту үшін егістіктен жүгіріп өтті.«Жер сілкінісі! Қашыңдар! Қашыңдар!»Барлық қояндар егістік пен жайылымдарын тастап ессіздерше оның артынан жүгіре берді.Жолда кездескен барлық туыстары жер сілкінісін ести салып тегіс дала,ормандар,өзендер мен белестер арқылы зымырай жөнелді.

«Жер сілкінісі! Қашыңдар! Қашыңдар!»

Бұл қояндар да өзендер мен жазықтықтарды, белестер мен ормандарды тастап ессіздерше жүгіре берді.

Олар тауға жеткен кезде,он мың қоян аяқтарының дүрсілі,ашық аспан астында күн күркірегендей дыбыс берді.

Олар ең биік шыңға да жетті.Бірінші қоян,жер сілкінісі жақындап қалды ма екен деп артқа қарағанда,ол тек жүгіріп келе жатқан үлкен қояндардың тобырын көрді.Сосын ол алдыға қарағанда,тек таулар,алқаптар,тағы да таулар және өте алыстан жалтылдаған көк теңізді көрді.Ол сол жерде әрең дем алып тұрғанда,қайдан екені белгісіз арыстан шықты.


  • Мұнда не болып жатыр?-деп сұрады арыстан

  • Жер сілкінісі, жер сілкінісі!-деді барлық қояндар

  • Жер сілкінісі?-деп арыстан таң қалды.-Оны кім көріпті?Кім естіпті?

  • Анадан сұра,анадан сұра!-барлық қояндар бірінші қоянды көрсетіпшуылдап кетті.
Арыстан қоянға қарай бұрылды.

  • Кешіріңіз,мырза,-деді қоян именіп.- Мен үйде жай отырғанмын,қатты гүрсіл естілгенде жер дірілдеп кетті,мен оны жер сілкінісі шығар деп түсіндім.Мен басқаларға ескерту үшін барынша қатты жүгірдім,олар қашып үлгерді.
Арыстан қоянға ақылды көздерімен қарады.Тыңдашы,бауырым сенің маған сол қиын жағдайдың қай жерде болғанын көрсетуге батылдығың жете ме?Шындығына келгенде қоян ондай батыл емес еді,бірақ ол арыстанға сенуге болатындығын сезді. Ол арыстанды үйіне жеткенге дейін тау бөктерлері мен белестерден, өзендерден, жазықтықтардан, ормандар мен егістіктерден алып төмен түсті. - Міне осы жерден мен жер сілкінісін естідім. Арыстан назар салып жан-жағына қарады да, сондай дыбыспен құлаған үлкен алманы көрді. Ол алманы алды да, жартасқа шығып оны жерге тастады ГУРС! Қоян орнынан секіріп түсті: «Жер сілкінісі! Қашыңдар тез! Ол тағы да сілкінді!» Бір кезде ол арыстанның күлгенін көрді. Сосын аяғының астында жатқан алманы байқады.

  • Ой, бұл жер сілкінісі емес қой. Ия? – деп сыбырлады ол.

  • Жоқ, бұл жер сілкінісіне емес, саған қорқудың қажеті жоқ.- деді арыстан.

  • Мен қандай ақымық болғанмын!
Арыстан мейірлене күліп: «Уайымдама! Бәріміз, тіпті мен де, кейде өзіміз түсінбейтін нәрселерден қорқамыз.» Сосын ол, таудың шыңына күтіп отырған он мың қояндарға, ештеңеден қорықпай үйлеріне қайта беруге болатындығын айту үшін артқа қайтып кетті.
«Қоян жер сілкінісі туралы ескертті» мәтіні бойынша сұрақтар:1. Қоян неден қатты қорқатын?А) арыстаннанВ) гүрсілденС) жер сілкінісіненД) құлап жатқан алмадан2. Бүкіл жердің дірілдеуіне не себеп болды?А) жер сілкінісіВ) үлкен алмаС) қашып құтылған қояндарД) құлап жатқан ағаш3. Қоянның «Жер сілкінісі» деген айқайынан кейін жағдай өте тез белең алды. Мәтіннен осыны растайтын екі сөйлем жазыңыз1____________________________________________________________2____________________________________________________________4. Арыстан, қоянға оны қайда алып баруды өтінді?____________________________________________________________________________________________________________________________5. Арыстан алманы не үшін жерге тастады?А) қоян қашып кету үшінВ) қоянға алманы алуға көмектесу үшінС) не болғанын қоянға корсету үшінД) қоянды күлдіру үшін6. Арыстан алманы жерге тастаған соң, қоян өзін қалай сезінді?А) ашулыВ) реніштіС) ақымақД) мазасыз7. Ертегінің соңында арыстан қандай екі сөзбен қоянның көңілін көтергенін жазыңыз.1___________________________________________________________2___________________________________________________________8. Сіз қалай ойлайсыз, қоян арыстанға ұнады ма? Бұл жайында ертегіде не айтылған?____________________________________________________________9. Ертегінің басынан соңына дейінқоянның сезімдері қалай өзгеріп отырды?Ертегінің басында қоян ______________________________________________________________________________________________________________________________________Сезінді, өйткені ______________________________________________________________________________________________________________________________________Ертегінің соңында қоян ______________________________________________________________________________________________________________________________________Сезінді, өйткені__________________________________________________________10. Ертегідегі көрсетілген іс-әрекеттерден сен қоян мен арыстан туралы білдің. Арыстанның іс-әрекеті қоянның іс-әрекетінен қандай айырмашылықтары бар екенін суретте. Екеуінің әрқайсысына соны дәлелдейтінін мысалдар келтір.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________11. Ертегінің басты ойы қандай?А) бақытсыздықтан қашты В) айқайламас бұрын,нақтылап біліп ал
С) тіпті жақсы көрінген арыстандарға да сенуге болмайдыД) қояндар-жылдам жануар