Файл: аза лтты ыздар педагогикалы университеті азастаны ауылшаруашылыы алдытарымен ластанан айматар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстаның ауылшаруашылығы қалдықтарымен ластанған аймақтар
(Ауылшаруашылық минералды тыңайтқыштары.Пестицидтер.Топырақ эрозиясы)
Орындаған:Ахмет Самал Дауренқызы
Тексерген: Калекешов Аскар Маралович
2022-2023ж
Топырақ эрозиясы және онымен күрес шаралары. Адамдар өмірінде жер ерекше орын алады. Ол біріншіден, адамдарды асыраушы жер-ана; екіншіден, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы, үшіншіден, жер халық байлығы. Бүгінгі нарық заманында, жер жекеменшікке берілгенде оны көздің қарашығындай сақтау әрбір адамның, әр маманның алдында тұрған басты міндет.Қазақстан Республикасы жер қорын басқару агенттігінің республиканың жері ұлан байтақ, дәлірек айтқанда онң көлемі 272,5 млн.гектар, сондықтан жер жүзінде 9-шы орында тұр. Ауыл шаруашылғында пайдаланатын жердің көлемі 222,5 млн гектар, соның ішінде егістік жер 21,4 млн. гектар, яғни республика бойынша әр адамға 1,4 гектар егістік жер келеді екен. Бұдан, жердің көптігінен, оған немқұрайлы қарау керек деген ұғым тумай, керісінше жерді келер ұрпаққа сақтау керек. Табиғатта топыраққа кері әсер көрсететін факторлар көп. Солардың бірі- топырақ эрозиясы.Жер өңдеу кезінде топыраққа ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының бұзылуына және табиғи топырақ құрылу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеліп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек.
Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз оның желдің немсе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып, басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі.Топырақ эрозиясы ауылшаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықар жердің құнарлы қабатынан, өсімдіктер коректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың әр гектарынан 11-16 тонна гумус, 150-300 кг азот, 120 кг фосфор жоғалатын көрінеді.Францтың мәліметтеріне қарасақ, жел мен су жылда Еуропадан 840 млн тонна, Афркадан 21 млрд. тонна топрырақты мұқиттар мен теңіздерге алып кетеді екен.Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см қабатынан айырылады. Сондықтан, топырақтың қарашірігі кемиді. Мысалы, А.А.Зайцевваның зерттеулері бойынша Павлодар облысында топырақ эрозияға ұшырамағанша оның қарашірік мөлшері 2-3 пайыз болса, ал эрозиядан кейін 0,8-1,5 пайыз қалған. Табиғатта 2,5 см жердің беткі гумустық қабаты түзілу үшін 300 ден 1000 жылға дейін уақыт керек.Екіншіден, эрозияның салдарынан дәнді дақылдардың жас өскіндерін топырақ түйіршіктері қырқып жібереді, яғни егістік жойылады. Атап айтқанда, тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдарында Қазақстанда эрозияның кесірінен 2,9 млн гектар дәнді дақылдардың егісі жойылып кетті. Осы жылары республиканың астықты өңірлерінде жел эрозиясының кесірінен 12,8 млн гектар егістің өнімі төмендеп, одан 170 млн пұт асытық кем жиналды.Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан шығарып тастауға мәжүр етеді, немесе басқа түрге көшіруге тура келеді. Мысалы, 1962-1964 жылдары Павлодар облысының шаруашылықтары эрозияға ұшыраған 850 мың гектар егістікті шабындыққа, жайылымдыққа және басқа түрлерге айналдыруға мәжбүр болды.Эрозияға ұшыраған жерлерге себілген ауылшаруашылық дақылдарының өнімі күрт төмендейді. Оның себеі эрозияның әсерінен топырақтағы қарашірік мөлшері азаяды, соның салдарынан ондағы коректік заттардың тапшылығынан өсімдік зардап шегеді.
Топырақ эрозиясымен күрес шаралары.
Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл әсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде және тау бөктерінде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясына дөңес жерде орналасқан танапар өте бейім болады. Сондықтан, мұндай топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Дөңес жерлердің топырағын су эрозиясынан қорғау шараларының ішінде дақылдарды еңіске көлденең, контур бойынша егу керек.Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып, дақылдардың тамыры ашылып қалады. Ұшырылған топырақ түйіршіктері дақылдардың жапырағын зақымдайды. Ықтау жердегі өсімдіктердің көміліп қалуына әкеліп соғады, ал кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да егіннен ешқандай өнім алынбайды. Эрозия зардабынан өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс, картоп, темекі, сәбіз, тары, күздік, жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады. Бұл дақылдар өнімін қатты төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10-30% кемиді, орташа бүлінген жерлерде –30-70, ал қатты бүлінген жерлерде-65-90 пайыз кемиді.Екінші топқа топырақ эрозиясына орташа ұшырайтын арпа, қарақұмық, бұршақ тұқымдас біржылдық шөптер сияқты дақылдар жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5-15 пайызға, орташа бүлінген жерлерде - 30-35, қатты бүлінген танаптарда 40-70 пайыз кемиді.
Сұлы, қара бидай, көпжылдық шөптер басқа дақылдарға қарағанда эрозияға төзімді келеді. Бұл дақылдардың өнімі шамалы бүлінген жерлерде 5-10 пайыз, орташа бүлінген жерлерде 15-40 пайыз, қатты бүлінген жерлерде 25-55 пайыз кемиді.
Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі фактордың әсерінен пайда болады. Олар: табиғи және адамдардың шаруашылық іс әрекеті (антропогендік факторлар).Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттың ішінде топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор – жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол әсіресе қуаңшыл және өсімдік жамылғысы нашар, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда күшті әсер етеді. Жел эрозиясының пайда болуы, желдің жылдамдығына байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда
эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдық 12-15 м/сек жеткенде эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 м/сек жеткенде күшті эрозияға әкеліп соқтырады.Келесі эрозия тудыратын фактор – топырақ түйіршіктерінің мөлшері. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,05-0,15 мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15 см биіктікте желдің жылдамдығы 3,5-4 м/сек болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің әлгі биіктегі шапшаңдығы 9,6 м/сек , ал 1,5 мм болғанда-11,1 м/сек болуы керек.Эрозияның пайда болуы тек ғана топырақ түйіршіктерінің мөлшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты. Мысалы, құмдақ топырақтарда жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктегі желдің күші қарақоңыр топырақтарда 3-4 м/сек, ал жеңіл саздақ топырақтарда - 5,0 м/сек болуы керек.
Жер бедері. Топырақ эрозиясы кез келген жер бедерінде пайда болады. Дегенмен, ол көбінесе дөңес жерлерде тезірек пайда болады. Мұның әсіресе су эрозиясына қатысы бар.Өсімдіктер жамылғысы эрозияның басты факторлардың бірі. Егер, өсімдіктер жамылғысы күшті және оның тығыздығы зор боса, онда эрозия процесі болмайды, немесе баяу жүреді және керісінше. Себебі жер бетіндегі өсімдік жамылғысы жақсы болса, ол желдің күшін азайтып, топырақ түйіршіктерінің желмен ұшып кетуіне кедергі жасайды. Ал, өсімдік жамылғысынан айырылған жерлерде эрозия процесі күшті жүреді. Өсімдік жамылғысының жоғалып кетуіне топырақ өңдеу тәсілі және малды ретсіз жаю үлкен әсер етеді. Адамдардың шаруашлық іс-әрекеті топырақ эрозиясының пайда болуына әсер ететін күшті фактор. Ол әсіресе 1954-1956 жылдар арасындағы тың және тыңайған жерлерді көтеру кезінде республикада жел эрозиясының пайда болуына үлкен әсерін тигізді. Әсіресе, республика топырағының гранулометриялық құрамын және ашық далалық аймақтағы желдің күшін еске алмай 25 млн астам жерлерді қайырмалы соқалармен аударып жыртқанда, яғни өзінің өсімдік жамылғысынан айырылғанда күшті байқалды. Республиканың ауа райын зерттейтін станциялардың деректері бойынша тың көтерілген аймақтарда жылына 300 күн желді болып тұрады екен. Міне, осындай үлкен массивті жыртып тастау жел эрозиясының пайда болуына әкеліп соқтырды. Осының арқасында тың игеруден он жыл өткен соң республика бойынша жел эрозиясы 11 млн гектер жерді қамтыды. Сол жылдар ішінде Павлодар облысының Шарбақты ауданында жел эрозиясының кесірінен 300 мың гектардан астам жер ауыршаруашылық өндірісіне пайдлануға жарамсыз болып қалды. Ал, облыс бойынша 1955-1961 жылдар арасында жел эрозиясы 700 мың гектар жерді қамтыды. Тек, бұрынғы “Лебяжье” кеңшары 1958 жылы жел эрозиясының кесірінен бірнеше мың гектар жерді айналымнан шығарып тастауға мәжбүр болды.Ал, 1962 жылы Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан төрт облысында (Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) эрозияның әсерінен 1,5 млн гектар жер пайдаға асудан қалды.Топырақ эрозиясының пайда болуына оның гранулометриялық құрамы үлкен әсер етеді. Гранулометриялық құрамы жеңіл, құмдақ, құмдауыт топырақтар жел эрозиясына тез ұшырайды.Қазақстан Республикасы жер қорын басқару Агентігінің мәлеметтері бойынша еліміздің ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 222,5 млн гектар жердің 8,1 млн. жеңіл сазбалшықты, 3,3 млн га құмдауыт, 2,77 млн. құмдар. Бұл топырақтарда кез келген уақытта эрозия пайда болуы мүмкін.
Эрозия түрлері . Эрозияны тудыру факторларына байланысты оның екі түрі, яғни жел және су эрозиясы болады. Осылардың ішінде Қазақстандағы басым түрі-жел эрозиясы.Жел эрозиясы кезінде топырақтың майда бөлшекері ұшып “қара дауыл” көтеріледі, ал су эрозиясы болған танаптарда үлкенді-кішілі жыралар пайда болады және жаз айларында өте тапшы болатын су мен әр түрлі коректік заттар ағып кетеді, яғни топырақтың құнарлылығы төмендейді. Сондықтан, эрозиямен күрес, топырақты және оның құнарлылығын сақтау үшін күрес деген сөз.Эрозия топырақтың түзілу процесімен қатар жүретін құбылыс. Топырақ бетіндегі табиғи, немесе ауылшаруашылық дақылдарының өсімдік жамылғысы қаншалық тығыз болғанымен су көп болған ретте топырақ бөлшектерін белгілі мөлшерде шайып, ағызып әкетіп су эрозиясын тудырады.
Жел қатты соққан кезде топырақтың өсімдік жамылғысы жоқ немесе ол аз жерлерде майда ұлпаны ұшырып әкетіп жел эрозиясын тудырады. Бұл қалыпты эрозия деп аталады. Ол баяу жүреді және аса зиян келтірмейді. Қалыпты эрозия климатқа, жер бедеріне, топырақтың судың шаю күші мен желдің бұзу төзімділігіне, өсімдік жамылғысының сипаты мен тығыздығына байланысты болады.
Шапшаң немесе қалыпты эрозия адамның іс-әрекетінен және табиғатта қалыптасқан байланыстардың бұзылуынан туады. Жел эрозиясы орманы жоқ, ашық, жауын-шашын шамалы жауатын жазық далаларда болады. Қазақстанда жел эрозиясы тың және тыңайған жерлер игерілген өңірде көптеп кездеседі. Ол жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе т.б. облыстарының топырақтары жел эрозиясынан қатты зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде қарашірігі мол, гранулометриялық құрамы жеңіл, коректік заттарға бай топырақтың үстіңгі құнарлы қабатының майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді. Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол жердің әсерінен үлкенді-кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал, ғалымдардың есебіне қарағанда олардан да келетін зиян аз емес. Мұндай эрозияның әсерінен күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршікерден дақылдардың жас өркендері зардап шегеді, олардың жапырақаы жырымдалып, жыртылады.Егер, танап топырағының 50 пайызынан көбінің диаметрі 1-2 мм-ден үлкен кесек түйіршіктерден тұрса, ондай танапта жел эрозиясы болмайды. Жел эрозиясының басталуына қатты әсерін тигізетін түйіршікерге диаметрі 0,5-1 мм болатын топырақ кесекшелері жатады. Мұндай түйіршіктер қатты желдің әсерінен көтеріледі де, жер бетімен секіріп домалай бастайды. Осы кезде кесектер басқа кесектерге соғылып, олардың да орнынан қозғалуына себепші болады. Ол кесектер басқаларды қозғайды, сөйтіп ақыры жел эрозиясына айналады. Диаметрі 0,1 мм-ден кем түйіршіктер қатты желдің әсерінен (жылдамдығы 15 м/сек) едәуір алысқа ұшып кетеді де, қалғаны бір жерге үйіледі.
Жел эрозиясының қатерлі де қауіпті түрін шаң дауылы дейді. Ол жердің беті өсімдік жамылғысынан айырылған немесе нашар қорғалған, желі күшті соғатын, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда болады.
Топырақ эрозиясының келесі түрі су эрозиясы. Ол жер бедері күрделі болып келетін Қазақстанның суармалы, таулы және тау бөктерінде орналасқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында, ал қар қалың түскен жылдары республиканың солтүстік, батыс облыстарында, әсіресе пар танаптарында пайда болуы мүмкін.Қар суын жерге тездетіп сіңіру үшін ешқандай әрекет жасалмаса, онда су эрозиясы барлық жерде пайда болады. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатында ылғал аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, жайдақ, сызықтық және иррагациялық болып төртке бөлінеді.
Тамшылық эрозия. Жаңбыр нөсерлеп жауғанда әр тамшының диаметрі 1мм-ден 5мм, соңғы жерге тамардағы жылдамдығы секундына 4,5-9,0 м болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте-бірте үгітіп езіп жібереді. Үгітілген бос, майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңлауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен оның беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді, сөйтіп топырақтың құнарлылығын төмендетеді.
Беткі (үстіңгі) эрозия судың ағынды күші әсер етуінен пайда болады. Мұны кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның әсерінен жыл сайын танаптың әр гектарынан 5 тоннадан 25 тоннаға дейін топырақ шайылып кетеді. Уақыт өткен сайын топырақтың органикалық затарға бай майда түйіршіктері азайып, құнарлылық кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді.
Сызықтық эрозия. Қар еріген немесе жауын жауған кезде судың қатты ағысы топырақта ор жасап, ол жер бірте-бірте үлкейіп, терең жыраға айналады. Оладың ені 2-3 метрге, кейде тіпті 10 метрге жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады. Осыны сызықтық эрозия дейді.
Ирригациялық эрозия. Суару кезінде топырақтың далалық су сиымдылығынан артық су бірлесе, онда топырақ беті шайылып эрозия пайда болады. Танапты дұрыс суармаудан туындаған осы эрозияны ирригациялық эорзия дейді.Топырақты су эрозиясынан қорғауда агротехникалық шаралардың маңызы зор. Бұл шаралар онша қиын емес, оларды кез-келген шауашылықарда қолдануға мүмкіндік бар. Олардың ішіндегі ең бастысы жерді дұрыс өңдеу болып табылады.