Файл: Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі ылымидістемелік орталыыны сайтыныны мж блімінде кезкелген пн, кезкелген сынып бойынша мжны дидактикалы материалымен бірге жктеп ала аласыз. Ол шін сілтеме арылы тііз.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 199

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

4. Топтастыру:

Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

1-топ: «Төртбұрыштар»

2-топ: «Үшбұрыштар»

3- топ: «Жұлдызшатер»

Фигуралар салынған конверт

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

2 тапсырма.

Алдыңғы білім мен практикалық тапсырмаларды байланыстыру мақсатында төменде берілген кроссвордты шешеді.

Көлденеңінен:

  1. Алгоритм түрі

  2. Командалар жиыны

  3. Іс-әрекеттер реті

  4. Алгоритмнің әр қадамы

Тігінен:

  1. Сахна кейіпкері

  2. Іс-әрекеттер тізбегі

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырманы орында.

Анықтамаларды сәйкестендір.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

22-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

(Ұ). «Қане, қайтала!» ойыны

Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Ж) 3- тапсырма

Ғабитте қазына жасырылған карта бар. Карта бойынша жүру командалары: алға, артқа, оңға, солға. Мысалы, солға, алға қарай 4 м (2-сурет).

1. Қазынаны іздеу оқиғасын сөз арқылы сипаттайды.

2. Ғабиттің іс-әрекетінің блок-сұлбасын құрады.

Жұптық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Оқулық

(Ө) 4- тапсырма

1) 2-суреттегі жобаға атау бер. Себебін түсіндір.
2) Қолданған командаларға тиесілі блоктарды анықта.

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

***.(Т) 5- тапсырма

Әлия табиғат аясында серуендеуді ұнатады (4-сурет). Оның сөзбен сипатталған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмді Scratch жобасына айналдыр.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

*(Т). №6-тапсырма.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесің бе? Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастыр.

Дескриптор:

- Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атайды.

- Оларды ішек санының кемуіне қарай орналастырады.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптеріндегі №4тапсырманы орында.

4. Суретте қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген?

1)Іс-әрекеттердің ретін дұрыс қой.

2) Суретке қарап, оқиғасын құрастыр.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

21-бет

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

10-сабақ. А бөлімі.

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Робот жайлы не білеміз?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Робот және робот түрлерімен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Роботтың түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар үшін:

***.Білім беру роботының негізгі моделін жинайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы: «Қар көшкіні» ойыны.

Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды»т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!».

Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.

4. Топтастыру:

«Конверт» әдісі

Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

1-топ: «Төртбұрыштар»

2-топ: «Үшбұрыштар»

3- топ: «Жұлдызшатер»

Фигуралар салынған конверт

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

(МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Робот дегенді қалай түсінесің?

  • 1-суреттегі роботтар сияқты тағам дайындайтын, үй шаруасына көмектесетін тағы қандай құрылғыларды айта аласың?

  • Саған робот жайлы қандай ойын, мультфильмдер ұнайды? (2-сурет)

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптеріндегі №2-тапсырманы орында.

Роботтың түрлерін жаз.
(Тапсырмада 6 түрлі роботтың суреті берілен. Суретке қарап, роботтың қай түріне жататынын жазады)

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

24-бет

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

(МК, Ұ): «Мағынаны тану» әдісі

Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талдау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Т) 1-тапсырма. «Галлерея» әдісі.

Роботтардың қай робот түріне жататынын анықтаңдар? 3-суретті пайдаланыңдар.

Дескриптор:

  • Топтық ақылдасу, ой бөлісу жүргізеді.

  • Суреттегі роботтарды салыстырады.

  • Түрлерін анықтап, түріне қарай жіктейді.

ҚБ: Мұғалім топтық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Суреттер

(Ж).2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Робот адамның барлық іс-әрекетін орындай ала ма? Қандай қызмет, әрекетін орындай алмайды? Мысал келтір.

Дескриптор:

  • Робот адамның қандай іс-әрекетін жасай алатынын анықтайды.

  • Робот адамның қандай іс-әрекетін жасай алмайтынын анықтайды.

  • Мысал келтіреді.

ҚБ: Мұғалім жұптық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері

(Ө) 3- тапсырма

Сен қандай роботың болғанын қалайсың? Ол роботты қалай пайдаланар едің? Қиялыңдағы роботтың суретін сал.

Дескриптор:

  • Өзінің ойындағы, роботты таңдайды.

  • Роботта қалай пайдаланатынын жоспарлайды.

  • Қиялындағы роботтың суретін салады.

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері

***.(Т) 4-тапсырма «ВЕНН» диаграммасы

1) Адам мен роботты салыстыр.

2) Кім ақылды, адам ба жоқ әлде робот па? Ойыңды түсіндір.

3) Ұқсастығы мен айырмашылығын жаз.

Дескриптор:

  • Адам мен роботты салыстырды.

  • Ұқсастығы мен айырмашылығын ВЕНН диаграммасына жазады.

  • Кімнің ақылды екенін анықтайды.

ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

А3,А4 қағаздар

маркер

Жұмыс дәптеріндегі №4тапсырманы орында.

Сөзжұмбақты шеш.
(Тапсырмада РОБОТ сөзінен тармақталған сөзжұмбақ ұяшықтары мен көкөністер суреті берілген. Көкөністі пайдаланып сөзжұмбақты шешеді)

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

25-бет

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

11-сабақ. А бөлім.

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Роботпен танысу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім беру роботының бөлшектерімен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім беру роботының моделін жинайды.

Кейбір оқушылар үшін:

***.EV3 роботының модельдерін қызметіне қарай ажыратады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Ширату тапсырмасы. «Сенемін-сенбеймін» ойыны

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Мұғалім тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған оқушы «ең зейінді» болып есептеледі.
Мұғалім допты кез келген бір оқушыға лақтырып, былай деп айтады:
– Піл ұша алады;
– Армансыз адам болады;
– Мамандықсыз да ақша табуға болады;
– Құстар апанда ұйықтайды;
– Балықтар құрлықта өмір сүреді;
– Армандар орындалады;
– Ұшпайтын құстар да болады;
– Күлкі адам өмірін ұзартады, т.с.

4. Топтастыру:

Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен санап, үш топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Ойыншық робот құрастырып көрдің бе?

  • Робот қандай бөлшектерден тұруы мүмкін?

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

(МК, Ұ): «Мәтінмен жұмыс» әдісі

Тапсырмалар:

  • мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • әр бөлікке атау беру;

  • мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау;

  • мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну.

Оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талдау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Практикалық жұмыстар:

(Ө) 3-суретте мультфильм кейіпкері бейнеленген. Осы роботтың дене мүшелері 2-суреттегі робот бөлшектерінің қайсысына сәйкес келеді? Салыстыр.

Дескриптор:

  • Берілген робот кейіпкерінің бөлшектері 2-суреттегі роботтың негізгі бөлшектерінің қайсысымен сәйкес келетінін анықтайды.

  • Екі роботтың бөлшектерін салыстырады.

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындауда белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

(Ө) Роботтың бөлшектеріне назар аудар (4-сурет). 2-суретті пайдаланып, оның 4 негізгі бөлігін атауын ұсын.

Дескриптор:

  • Жұптасып суретпен танысады.

  • Роботтың бөлшектерін роботтың негізгі бөлшектерімен салыстырып айтады.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.

(Тапсырмада 4 түрлі роботтың жобалары берілген. Кестеге модельін, робот атауын және оның қызметін кестеге жазады)

Төменде роботтың түрлері берілген. Кестені толтыр. Бұл роботтар – қандай мәшинелердің модельдері? Оларға атау бер. Қызметін жаз.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

26-бет

***. (Т) Төмендегі суретте EV3 роботының модельдері берілген. Роботтар қандай қызмет атқарады?

Дескриптор:

  • Топтасып берілген суреттермен танысады.

  • Роботтардың атқаратын қызметтерін анықтайды.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.
(Тапсырмада берілген суретке қарап, арнайы кестеге басқару блогын, моторларын, датчиктерін, құраушы бөлшектерін ретімен жазып шығады)

Бөлшектері нөмірленген роботтың суретіне қара. Бөлшектің нөмірлерін кестенің тиісті бөліміне жаз.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

27-бет

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Д). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Отшашу» әдісі