Файл: Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі ылымидістемелік орталыыны сайтыныны мж блімінде кезкелген пн, кезкелген сынып бойынша мжны дидактикалы материалымен бірге жктеп ала аласыз. Ол шін сілтеме арылы тііз.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 195
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 12-сабақ. А бөлімі.
Бөлімі: | 3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Роботқа арналған программа |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру. 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастырады. Көпшілік оқушылар үшін: Роботқа арналған программа құрастырады. Кейбір оқушылар үшін: ***. Роботқа арналған программаны жүктеп, іске қосады |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыт | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. | Ширату тапсырмасы. «Мәселенің түйіні» жаттығуы Бәріміз шеңбер бойына тұрайық. Қолымызды алдымызға созып, көршімізден басқа кез келген адамның қолынан ұстасып тұрайық. Шиеленісіп болсақ, қолымызды жібермей біріміздің арамызда біріміз өту арқылы шешілуге тырысайық. Осы жеткен жерімізден тоқтайық. Қандай мәселенің де шешімі бар. Ол үшін сабырлы болып, асықпаған жөн. /Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/. | | | |||
4. Топтастыру | Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен санап, үш топқа бірігеді. | | | |||
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. | «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. |
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушылар-ды «Бағдар-шам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» | | |||
Жаңа сабаққа дайындық. | Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Мені түсін» әдісі Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. /Бұл тапсырмадан оқушылар жаңа сабақтың негізгі ақпаратынан хабардар болады. Әрі жаңа сабақты түсінген немесе түсінбегені айқындалады/. | | |||||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Практикалық жұмыстар: 1- тапсырма Төмендегі командалық блоктар роботты қалай қозғалтады? Блоктардан қандай деректерді оқуға болады. | Дескриптор:
| ҚБ: Жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» | | |||
| Жұмыс дәптеріндегі №1-тапсырманы орында. (EV3 программасының терезесімен танысып, бос орындарды өзінің тиісті сөздерімен толтырады) | EV3 программасының терезесімен танысамыз. Бос орындарды тиісті сөздермен толтыр. | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 28-бет | |||
| ***. (МК, Т) 2- тапсырма Роботтың басқару блогына 7-суреттегі программаны салып тексеріңдер. Төмендегі сұрақтар мен тапсырманы орындаңдар.
| Дескриптор:
| ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!» | | |||
| Жұмыс дәптеріндегі №4-тапсырманы орында. (Тапсырмада роботтың суреті және жанында бос орын берілген. Оқушы өзіне ұнаған роботтың суретін салады. Кейін екі роботтың айырмашылығын табады.) | Суретті боя. Бос орынға қиялыңдағы роботтың суретін сал. Сенің роботың қандай қызмет атқарады? Айырмашылық бар ма? | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 29-бет | |||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия | (Ө): «Оқушылар сұрақ қояды» әдісі. Оқушыларға бүгінгі өтілген сабақ бойынша қорытындылау мақсатында сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс. Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады. Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі. | Мысалы:
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактив-ті тақта | |||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Бағдаршам» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: | |
№ 13 сабақ. А бөлім.
Бөлімі: | 3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Робот дөңгелегінің айналымы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Роботты Жұлдызшатерінің айналым саны арқылы қозғалтуды үйренеді. Көпшілік оқушылар үшін: Дөңгелек айналымының санына қарай робот қозғалысын ұйымдастырады. Кейбір оқушылар үшін: ***. Берілген есептерге программа құрастырады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
(Ұ) Ұйым-дастыру кезеңі: 1-7 мин. | Ширату тапсырмасы. «Менің мақсатым...» жаттығуы Әрбір оқушы өзінің мақсатымен таныстырып өтеді. Оқушы-лар екі топқа бөлініп кезекке тұрады. Музыкалық әуен жіберіледі. Жүргізуші әр оқушының мақсаты болып белгіленеді. Содан кейін оқушылардың кезекпен көздері байланады, олар жүргізушіні тауып жетулері керек. | | |||||
4. Топ-тас-тыру: | Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен топқа бірігеді. | | | |||
(МК, Ұ) Ой қоз-ғау. «Ми-ға шабу-ыл» әдісі. | «Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. |
(1-сурет)?
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды. Көк түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс -Талпын! | | |||
| Жұмыс дәптеріндегі №2-тапсырманы орында. (Тапсырмада робот бөлшектері мен ойын құрастырғыштары берілген. Осылардың арасынан оқушы EV3 роботының құрауыштарын анықтап, белгілейді.) | ЕV3 роботының құраушы бөлшектерін анықтап, белгіле. | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 30-бет | |||
Жаңа сабақ-қа дайын-дық. | Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Өкіл» әдісі Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл - зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ, бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тыңдаушылар тобын құруға жағдай жасайды. | | |||||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Практикалық жұмыстар: (Ө) Оқулықта берілген практикалық жұмыстың жасалу жолымен танысып, төмендегі №1 тапсырманы орындайды. 1-тапсырма Мұғалім көмегімен дайын роботты алға қозғалту. Мотордан дөңгелекке берілген командалардың сөзбен сипатталған алгоритмі. Программасы 6-сурет. 1.Қозғалу: жылдамдық=30, айналым саны=5 2. Тоқтау. 3.Қозғалу: жылдамдық=60, айналым саны=10 4. Тоқтау. | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды. Көк түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс -Талпын! | | |||
| ***. (Ж) Ертеде өзеннен су шығаруға қолданған су дөңгелегі берілген (7-сурет). Әр құмыраға 2 литр су сыяды. №2 тапсырма.
| Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды. Көк түс - Жарайсың! Сары түс - Жақсы! Қызыл түс -Талпын! | | |||
| Жұмыс дәптеріндегі №3-тапсырманы орында. | Тізбектегі есептеуді орында. Әріптерді кестенің тиісті бөлігіне орналастыр. | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 31-бет | |||
| Жұмыс дәптеріндегі №4-тапсырманы орында. | Ребусты шеш. (Тапсырмада ребусты шешуге арналған суреттер берілген. Сол суреттерді пайдаланып ребусты шешеді.) | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 31-бет | |||
| (Ж). «ВЕНН диаграммасы» әдісі. №2-тапсырманы орындайды. Автокөлік пен роботты салыстыр. Қандай ұқсастық пен айырмашылығы бар деп ойласың? | Дескриптор: -Автокөлік пен роботты салыстырады. - Қандай ұқсастығы бар екенін анықтайды. - Қандай айырмашылығы бар екенін анықтайды. | Тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. | Оқушының жұмыс дәптері, оқулық. | |||
| (Ж). №3-тапсырма. Роботтың дөңгелегі толық бір айналғанда қанша жол жүреді? Жіптің, сызғыштың көмегімен анықтау әдісін ұсынып көріңдер. | Дескриптор: -Роботтың дөңгелегі толық бір айналғанда қанша жол жүретінін анықтайды. -Жіптің, сызғыштың көмегімен анықтау әдісін пайдаланады. | Тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. | Оқушының жұмыс дәптері, оқулық. | |||
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақ-ты бекіту. Реф-лексия. | (Ө). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді. |
| ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Менің жұлдызым» әдісі арқылы бағалайды. | Интерактивті тақта | |||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Менің жұлдызым» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: | |
№ 14-сабақ. А бөлім.
Бөлімі: | 3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Роботты алға жылжыту қозғалысы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.2.2. Дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру. 1.5.2.3 роботты алға қозғалысын ұйымдастыру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Роботтың алға қозғалысын ұйымдастырады. Көпшілік оқушылар үшін: Роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастырады. Кейбір оқушылар үшін: ***. Роботтың программа блоктарына өзгеріс енгізеді. |