Файл: "Б" жаттары Зерттеулер кітапханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 718

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      11) халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      12) әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген және дене шынықтыру даярлығының қосымша білім беру бағдарламаларын, әскери-техникалық мамандықтар бойынша білім берудің кейінгі деңгейлерінде оқуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, негізгі орта білім беру аяқталғаннан кейін медициналық куәландыру көрсеткіштері бойынша 15-16 жастағы еркек жынысты балаларды конкурстық негізде қабылдауды жүзеге асырады;

      13) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат – тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      14) көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысына (бұдан әрі – № 320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) сәйкес мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар балаларының, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар балаларының, ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өмір сүру жағдайы, еңбегі, денсаулық жағдайы бойынша отбасыларға көмек берілетін, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен кіріс кіретін отбасылар балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      15) мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын білім алушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      16) санаториялық мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтай отырып, білім алушылардың жалпы орта білім алуды, қалпына келтіру емін, медициналық оңалту мен демалысты, туберкулезге қарсы емдеу-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;

      17) тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектептер білім алушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді;

      18) әлеуметтік оңалту – кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмілетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық емес қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;


      19) кәмілетке толмаған баланы қамтамасыз ету - кәмілетке толмағанның ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің оның толыққанды дамуы, оның мүліктілік және мүліктілік емес құқықтарын, мүдделерін және мемлекеттің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын қорғауы үшін жағдай жасауы;

      20) кәмілетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қабылданған және оның рухани, дене бітімі, психикалық, мәдени, адамгершілік тұрғыдан дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез-құлық ережелері мен нормаларын дамыту бойынша ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан ықпал етудің үздіксіз процесі;

      21) қосымша білім беретін мектеп-орталық – құрылымдық бөлімшесінде қосымша білім беру орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп;

      22) мектеп-интернат-колледж жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін, жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады;

      23) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) – жергілікті атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдау арқылы қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, мемлекеттік білім беру ұйымы.

      4. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері:

      1) бастауыш;

      2) негізгі орта;

      3) жалпы білім беретін мектептерде іске асырылады.

      5. Білім беру ұйымдарының міндеттері:

      1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;

      2) "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

      4) азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;



      6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу болып табылады;

      7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау.

      6. Білім беру ұйымдары өз қызметін "Білім туралы" Заңның 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      7. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқыту, экстернат, қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

      8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда "Білім туралы" Заңның 37-2-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.

      9. Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:

      1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);

      2) және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.

      10. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы білім беретін ұйымнан арнайы білім беру ұйымына ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.

      11. Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) қорытындысы негізінде ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

      Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.


      12. Мектепке қабылдау және бір орта білім беру ұйымынан басқасына ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 564 бұйрық) бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Бұрын шетелдік мектептерде оқыған білім алушылар Қазақстан Республикасына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде оқуды жалғастырады. Мектептердің әкімшіліктері жергілікті білім беру басқармаларымен бірлесіп, олардың білім деңгейін анықтау үшін Комиссиялар құрады, оның жұмысының қорытындысы бойынша білім алушыны қазақстандық мектептің тиісті сыныбына қабылдау туралы шешім қабылданады.

      14. Білім беру ұйымдарында білім алушының, заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оқу мерзімдерін, жекеменшік білім беру ұйымдарында оқу төлемінің мөлшерін айқындайтын шартпен реттеледі.

      15. Он алты жасқа дейінгі балаларды білім беру ұйымдарынан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

      Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.

      16. Білім беру ұйымдарынан шығарылған кәмелетке толмаған балалардың жалпы орта білім алуы жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жалғастырылады

      17. Білім беру ұйымдарында оқу процесі ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап келесі жылғы 31 мамырға дейін жүзеге асырылады. Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.

      18. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

2-тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      19. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім беру процесінің субъектілері болып табылады.

      20. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.


      21. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе басқа да кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.

      22. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      23. Білім беру ұйымдарының педагогтары "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.

      24. Білім беру ұйымдары оқу процесін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.