Файл: "Б" жаттары Зерттеулер кітапханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 723

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      25. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

      26. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталған.

      Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.

      27. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.

      28. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Базистiк оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асыруға құқылы.

      Орта білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарының үлгілік оқу жоспаларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қамтамасыз етеді.

      29. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары іске асырылады.

      30. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

      31. Білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.

      32. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, санитариялық қағидалардың, үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

      33. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 
бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-76 бұйрық).

      34. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді.

      Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

      Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

      35. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.

      Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы он бес минуттан екі үзіліс жасау қарастырылады.

      36. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы қырық бес минуттан аспайды. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.

      Бірінші сынып білім алушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізу қарастырылмайды

      37. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 125 бұйрығы) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.

      38. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде, өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес болады.

      39. Білім беру ұйымдары, білім алушылардың бойында патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.



      40. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес оқу жайларымен бірге алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың, спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің), ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы қажет.

      41. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      42. Білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3 тармағына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      43. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогтік әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.

      44. Оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын білім беру ұйымдарына әр сыныпқа 4 сағат есебінен факультативтерді және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді..

      45. Мемлекеттік мектептерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі.

3-тарау. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

      46. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:

      1) гимназия;

      2) лицей;

      3) бейіндік мектеп;

      47. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;

      2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы бар оқушыларға оңтайлы жағдай жасау.


      48. Гимназия жалпы орта білім беретін 1-11(12) сыныптар базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:

      1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;

      2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi. Осы сатыда ішкі және сыртқы дифференциация негізінде оқушының базалық дайындығының аяқталуын қамтамасыз етеді;

      3) жалпы орта білім беру деңгейі (жоғары мектептің 10-11(12) сыныптары) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

      Гимназияның негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі ұйымдары дербес білім беру мекемелері ретінде жұмыс істей алады.

      49. Гимназиялар (гуманитарлық, лингвистикалық, эстетикалық бейіндегі, көп бейінді) жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында құрылады.

      50. Гимназия Жарғысын гимназия кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.

      51. Гимназия базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.

      52. Лицейдің негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

      1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;

      2) жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы жоғары оқушыларға оңтайлы жағдай жасау;

      3) білім алушыларды кәсіптік оқытуға бағдарланған пәндер бойынша дайындау.

      53. Лицей жалпы орта білім беретін мектептің 1-11 (12) сыныптарының базасында келесі құрылым бойынша ұйымдастырылады:

      1) бастауыш білім беру деңгейі (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары) оқу қызметiнiң негiзгi дағдысы мен машығын, теориялық ойлау элементтерiн, өзiн-өзi бақылау және өзiн-өзi түзету дағдысын меңгеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланың жеке қабiлетiн анықтауға бағытталған;


      2) негізгі орта білім беру деңгейі (негiзгi мектептiң 5-9 (10) сыныптары) базалық дайындықпен қатар оқушының бейіналды дайындығын қамтамасыз ететін негізгі мектептің негiзгi және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқушы тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз етедi;

      3) жалпы орта білім беру деңгейі (10-11(12) сыныптар) оқытудың бейіндік бағдарламаларын меңгеру негізінде білім алушының жалпы орта білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

      54. Лицейлер жоғары біліктi педагогтер, қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, оқу, материалдық жағдайлар болған жағдайда дербес, жалпы білім беретін мектептердің құрамында немесе тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарының жанында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамада көрсетілген тәртіппен құрылады.

      55. Лицейдің Жарғысын лицей кеңесі (педагогикалық кеңес) қабылдайды және жергілікті атқарушы биліктің білім беруді басқару органдары бекітеді.

      56. Лицей базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарға, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдеріне, оқу қызметін ұйымдастырудың құрылымдары, мазмұны мен нысандарына тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады.

      57. Бейіндік мектептің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

      1) білім алушыларға тиісті бағыттар бойынша жеке білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін беру;

      2) жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының дифференциациялануын, интеграциялануын және кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;

      3) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша білім алушыларды дайындау арқылы оқытудың алдағы траекториясын анықтау;

      4) білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында анықталған оқу пәндерінің базалық деңгейін арттыра отырып бейінді пәндер бойынша оқыту;

      5) білім алушыларды тиісті бейіндегі жоғары білім алуға бағыттау;

      6) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру.

      58. Бейіндік мектеп бағыттар бойынша білім беру оқу бағдарламаларын меңгеру негізінде білім алушының жалпы білім беру дайындығын аяқтауды қамтамасыз етеді.

      59. Бейіндік мектептің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

      60. Бейіндік мектепті құру және тарату жергілікті атқарушы органның құзырына жатады.