ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 725
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін анықтау бойынша жұмыс;
6) кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;
7) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
8) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
9) Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
10) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтардың тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білу;
11) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру;
12) тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
13) тәрбиеленушілерге оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және қоғамға кіріктіру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
9. Ұйымда балалардың тұрақты және уақытша (күндіз) болуы үшін әртүрлі жастағы және бір жастағы топтар құрылады. Топтардағы балалар саны он бес адамнан аспауы тиіс.
10. Ұйымда медициналық қызмет көрсетуді ұйымның әкімшілігімен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бірлесіп, балалардың денсаулығын сақтауды, олардың психофизикалық жай-күйін нығайтуды, профилактикалық іс-шараларды жүргізуді, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін штаттық медициналық персонал жүзеге асырады.
11. Ұйым мынадай блоктардан тұрады:
1) тұрғын үй-тұрмыстық блок (жатын бөлмелер, сабақтарға арналған сынып, ойын бөлмесі, кинозал, кітапхана, гигиена бөлмелері);
2) медициналық блок (медициналық пункт, изолятор);
3) әкімшілік-шаруашылық блок (асхана, қызметтік кабинеттер және шаруашылық Үй-жайлар).
12. Ұйымның техникалық жарақтандырылуы кәмелетке толмағандарды тәулік бойы бақылау үшін еркін кіру және ұйымнан тыс шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
13. Медициналық көрсеткіштер бойынша бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту "Бала құқықтары туралы" Заңға сәйкес бөлек жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тұратын немесе туыстық қатынастарда тұратын балалар бір ұйымға жіберіледі.
14. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің ұйымда тәулік бойы болуын ескере отырып жасалады.
15. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесі "Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымда тәрбие жұмысы балалар мен ересектердің ынтымақтастығы қағидаттарында тәрбиеленушілердің мүдделерін, бейімділігі мен психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдар мектеп жасындағы тәрбиеленушілерді тиісті елді мекеннің жалпы білім беретін мектебінде мектебі жоқ ұйымдардың оқуын қамтамасыз етеді.
16. Ұйымда тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі клубтар, секциялар, үйірмелер, студиялар құрылады.
Ұйым тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып, жалпы білім беретін мектепте, оқушылар сарайлары мен үйлерінде, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларында, Спорт және музыка мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарда үйірмелерге, секцияларға баруын қамтамасыз етеді.
17. Ұйымда мектепке дейінгі бөлімше (топтар) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады.
18. Мектепке дейінгі бөлімше (топтар) өз қызметінде осы Қағидаларды басшылыққа алады.
19. Мектепке дейінгі жастағы ұйымдардың тәрбиеленушілерін тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртібі "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Ұйымда болған уақытта әрбір тәрбиеленушіге кепілдік беріледі:
1) оның өмірі мен денсаулығын қорғау;
2) оның қадір-қасиетін қорғау;
3) күш көрсету, моральдық немесе психикалық зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғау;
4) оның шығармашылық қабілеттері мен мүдделерін дамыту;
5) дамуында орын алған кемшіліктерді түзетуде білікті көмек алу;
6) оның бейімділігіне, қабілеттеріне, қалауы мен денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуға құқығы бар.
21. Ұйым тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып, олардың жалпы білім беретін мектепте, оқушылар сарайлары мен үйлерінде, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларында, Спорт және музыка мектептерінде, сондай-ақ басқа да қосымша білім беру ұйымдарында үйірмелерге, секцияларға қатысуы арқылы белсенді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
22. Ұйым тәрбиеленушілердің пікірін ескере отырып, тиісті лицензиясы (рұқсаты) болған кезде білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалармен шарттар бойынша тәрбиеленушілерді кәсіптік даярлауды жүргізеді.
23. Педагогикалық, әдістемелік және қамқоршылық кеңестер ұйымды алқалық басқару нысандары болып табылады.
24. Ұйымдардың персоналын жинақтау "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес регламенттеледі.
25. Ұйым жергілікті жағдайларға байланысты оқу шаруашылықтарын, оқу-тәжірибе учаскелерін, оқу-өндірістік шеберханаларды құрады.
26. Еңбекке баулу және оқыту оқу шеберханаларында, қосалқы шаруашылықтарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмысшы кадрларға қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларды негізге ала отырып және психофизикалық дамудың, денсаулықтың, мүмкіндіктердің, сондай-ақ тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып, тәрбиеленушіні жеке еңбек қызметі үшін даярлауды қамтитын еңбек бейінін таңдау негізінде жүзеге асырылады.
27. Мемлекеттік ұйым жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
28. Ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату "Білім туралы" Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
3 тарау. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы қызметінің тәртібі
29. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтер түріндегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді үш жастан он сегіз жасқа дейін алады:
1) жетім балалар;
2) ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-аналарының хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-аналары өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартқан кезде, оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған, сондай-ақ олардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде орган ата-анасынан (олардың бірінен) немесе қамқорлығында болған басқа да адамдардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда іріктеп алған;
3) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
4) арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
5) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар.
30. Осы Қағидалардың 29-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандарға органдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) білім басқармасының білім беру ұйымына жіберу туралы бұйрығы;
2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
3) денсаулық жағдайы және егулер туралы медициналық құжаттар;
4) білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) баланың өмір сүру жағдайларын тексеру актісі;
6) ата-аналары туралы мәліметтер (ата-аналарының қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелері, соттың шешімі (ата-аналарының ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру туралы, ата-аналарын хабарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы), ауруы туралы анықтама, ата-аналарды іздестіру туралы анықтама және ата-аналарының болмауын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеу мүмкін еместігін растайтын басқа да құжаттар);
7) жақын туыстарының бар-жоғы және тұрғылықты жері туралы анықтама;
8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктің тізімдемесі, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекіту туралы құжаттар.
Осы Қағидалардың 29-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға:
1) органның қаулысы;
2) баланың туу туралы куәлігі (жеке куәлігі) (бар болса);
3) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі (тұрғылықты жерін белгілеу кезінде);
4) кәмелетке толмағанға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне мінездеме (ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталған кезде);
5) туу туралы куәлік (болған жағдайда);
6) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);
7) медициналық құжаттар (бар болса-егу паспорты және амбулаториялық карта).
Осы Қағидалардың 29-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға:
1) сот қаулысы.
31. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына қабылдау туралы актінің негізінде орналастырылады, бұл туралы өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау Орталығының Әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жазбаша.
32. Кәмелетке толмағандарды одан әрі ұстау не орналастыру туралы мәселені шешу үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде қадағалаусыз, панасыз қалу не зорлық-зомбылық, баланың өмірі мен денсаулығына қатыгез қарау белгілерінің болуын негіздейтін органдарға ақпарат жібереді.
33. Консультациялық көмек өз бетінше және өз еркімен жүгінген балаларға және олардың заңды өкілдеріне білім басқармасының жолдамасынсыз көрсетіледі.
34. Тәрбиеленушіні өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығынан басқа ұйымға ауыстыруды Білім басқармасы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының қолдаухаты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық дайындайды.
35. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін шығару өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол болмаған кезде – өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы әкімшілігінің шешімі бойынша жүргізіледі.