Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1335

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні: Ильдебаев Мирас Жаныбекович

Күні: 14.10




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.



Оқушылар екі топқа бөлінеді. Үстел үстіне екі жәшік қойып, ішіне









140






«Қара жәшік» ойыны.

көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттар салынады.

Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек.

Қарсы топ жасырып отырған затты айтылған сөздерге қарап табуы тиіс.




Екі жәшік, көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөздерді, сөйлемдерді буындап, тұтас оқисыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлем құрайсыңдар. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайсыңдар. Сөздің алдына, ортасына, соңына тиісті дыбысты қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретінін түсінесіңдер. «М м» әрпі кездесетін сөздер мен сөйлемдерді көркем жазасыңдар.



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау
Қолдауды қажет

ететін оқушыларға көмек беру.



Суреттер, оқулық Сызба

Оқулық




(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. Оқылым

  1. Сөздерді буындап, тұтас оқу.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (сырмақ қармақ, орман арман),

соңына (алма  Алматы) тиісті дыбысты

немесе буынды қосу арқылы оның

мағынасы өзгеретінін түсіну.

  1. Берілген сызба-модельге сәйкес екі сөзді сөйлем құрап оқу.





  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  3. Оқушылар сөйлемнің сызба- моделіне сәйкес сөйлемді буындап, тұтас оқиды.

  4. Оқушылар сөйлемнің сызба- моделіне сәйкес сөйлем құрайды.





Оқулық




4. Берілген сызба-модельге сәйкес үш сөзді сөйлем құрап оқу.












141











  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы сөздерді көркем жазады.

  2. Оқушылар орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайды және дәптерге көшіріп жазады: Мынау – қармақ. Омар, қармақ сал. Сазан аула.

  3. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.




Жазылым.

  1. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

  2. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтінді құрастырып жазу.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Мақтау



Жазу дәптері Оқулық

Сабақтың соңы

Бекіту және саралау










(7 мин)

Саралау тапсырмасымен жұмыс

Оқушылар өздеріне берілген саралау










ұйымдастыру:

тапсырмаларын орындайды.




Оқулық




1-деңгей:

1-деңгейдегі оқушылар

Мақтау







Жаңылтпаштан «М» дыбысы кездесетін

жаңылтпаштан «М» дыбысы










сөздерді анықта. Дыбыстық талдау жаса.

кездесетін сөздерді анықтайды.










2-деңгей:

Дыбыстық талдау жасайды.










Жаңылтпашты оқы. «Алма алма»

2-деңгейдегі оқушылар жаңылтпашты










тармағындағы «алма» сөзінің мағынасын

оқиды. «Алма алма» тармағындағы










түсіндіріп бер.

«алма» сөзінің мағынасын түсіндіріп










3-деңгей:

береді: алма – жеміс; алма – қимыл













атауы.









142






«Алма» сөзінің екі мағынасына да сөйлем құра.

Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні

ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.

3-деңгейдегі оқушылар «алма» сөзінің екі мағынасына да сөйлем құрайды.







Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні: Ильдебаев Мирас Жаныбекович

Күні: 14.10




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Е дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей білуге талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.












143






Психологиялық ахуал орнату.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай

тамаша, қандай қуаныш!

Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Е» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Е е» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Е е» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.

(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:


а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:

  • Самат қайда барды?

  • Ол нені көрді?

  • Елікке не берді?

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме

құрау: Самат орманға барды. Ол елікті көрді. Елікке қалтасындағы кәмпитін берді.

2. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Самат орманға барды. Ол елікті көрді. Елікке қалтасындағы кәмпитін берді».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  3. Ол елікті көрді.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«елік» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «е-лік» деп буынға бөледі.

  1. «-Е» буынын созып, әндетіп айтады.

  2. «Ее» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Санағыштардан «е» әрпінің сұлбасын жасайды.



Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Суреттер, оқулық
Сызба

Санағыштар Оқулық