Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1329

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің

аты-жөні: Ильдебаев Мирас Жаныбекович

Күні: 10.10




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

З дыбысы және әрпі



129



Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай

тамаша, қандай қуаныш!



Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «З» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«З з» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«З з» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.

(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:



Күтілетін нәтижені балалармен талдау.

  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – қаз. Қаздың балапандары бар. Оның балапандары бесеу».

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.



Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек

беру.

Суреттер, оқулық
Сызба



130








  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

  2. Сөзде бір дауысты дыбыс болғандықтан, сөз бір буыннан тұратынын айтады.

  3. «Қаз» сөзін «қаз-з-з» деп айтып,

«з» дыбысын анық естиді.

  1. «З» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  2. Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасайды.




Түймелер

а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:

 Мынау не?

  • Бұл – қаз.

  • Қаздың нелері бар?

  • Қаздың балапандары бар.

  • Оның балапандары нешеу?

 Оның балапандары бесеу.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау:

Қаз суда жақсы жүзеді. Балапандарына жүзуді үйретеді.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Бұл – қаз) бөліп алып, оны сөздерге (Бұл, қаз) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қаз» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «З з» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Зз» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Түймелерден «з» әрпінің сұлбасын жасау.

  8. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.





Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Қолдауды қажет ететін

Оқулық

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы


131






(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Мұғалімнің оқулықтың 38-бетінде берілген сөздер мен мәтінді оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «З» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (аз оз, азық қазық), ортасына (қаз қыз), соңына

(қызыл  қызық) тиісті дыбысты қосу арқылы оның

мағынасы өзгеретінін түсіну.

Жазылым

  1. Оқулықтағы «З» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «З» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «З» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  3. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «азық», «қазық» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы З әрпінің бас және кіші әрпін жазады. З әрпі кездесетін сөздерді көркем жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».

оқушыларға көмек беру.


Мақтау

Оқушыларға қолдау көрсету.

Жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Берілген дыбыстық сызбаға төмендегі қай сурет атауы сәйкес келетінін анықта.

  1. деңгей:


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар дыбыстық сызбаға «қобыз» суретінің атауы сәйкес келетінін анықтайды.






Оқулық



132






«З» дыбысы сөздің қай бөлігінде (басында, ортасында, соңында) орналасқанын анықта. Сөзді буынға бөл.

3-деңгей:

Қобыз, көзілдірік, зымыран сөздерінің бірімен сөйлем құра.

2-деңгейдегі оқушылар «қобыз» сөзіндегі «з» дыбысының орнын анықтайды. Сөзді буынға бөледі. 3-деңгейдегі оқушылар қобыз, көзілдірік, зымыран сөздерінің

бірімен сөйлем құрайды.








«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай

мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.




  1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.

  2. Жаңылтпашты жаттап алып, жаңылтпаш айтудан жарысады.

Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020

Рефлексия

Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы












  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні: Ильдебаев Мирас Жаныбекович

Күні: 13.10




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

З дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла-

масына сәйкес

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін

түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың



133



күтілетін нәтижелер

жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Кім білгіш?»

Мен дауысты дыбыстарды атасам, екі қолдарыңды жоғары көтеріп шапалақтайсыңдар. Ал дауыссыз дыбысты

атасам, еңкейіп тізелеріңді шапалақтайсыңдар.










Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөздерді, сөйлемдерді буындап, тұтас оқисыңдар. Сызба- модель арқылы сөйлем құрайсыңдар. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайсыңдар. Сөздің алдына, ортасына, соңына тиісті дыбысты қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретінін түсінесіңдер. «З з» әрпі кездесетін сөздерді, сөйлемдерді көркем жазып үйренесіңдер.



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау



Суреттер, оқулық Сызба




(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы.

Оқылым

  1. Сөздерді буындап, тұтас оқу.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (Азатозат), ортасына (қазықозы),

соңына (қазаққазан) тиісті дыбысты қосу

арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  1. Сын атына зат атын сәйкестендіру.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. Әрбір дыбысты


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқулық