Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 1040
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше: Координация және реттелу
Білім алушының аты-жөні __________________________________________
Білім алушының аты-жөні __________________________________________
«Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік» бөлімі бойыншa жиынтық бaғaлaудың
нәтижесіне қатысты aта-aнaлaрға aқпaрaт ұсынуғa aрнaлғaн рубрикa
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
(8-СЫНЫП)
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 13
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
-
Күтілетін нәтижелер Білім алушы:
● Қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады;
● Табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс жүргізе біледі;
● Әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау және белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық-ұғымдық аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі;
● Конструктивті шешім қабылдау үшін қоршаған ортадағы өзгерістердің өзара байланысын,адам әрекетінің экожүйеге тигізетін әсерін ажыратады, сондай-ақ табиғатты сақтау қажеттілігін дәлелдейді;
● Экологиялық, техногенді және ақпараттық факторлар мен адамгершілік нормаларды ескере отырып, қоршаған болмыспен өзара әрекеттесу үшін жаратылыстану-ғылыми білімін көрсетеді.
-
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі | Сипаттама | |
Ұсынылатын | Қосымша | |
Білу және түсіну | Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен тәсілдерді білу. | |
Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете білу | ||
Дәлелдемелер мен мысалдар келтіре отырып алған біліммен бөлісу, түйінді ойды өз сөзімен айту. | ||
Қолдану | Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған білімдерін және ақпараттарды қолдану | |
Модельдеу мен конструкциялау арқылы өз | | |
Жоғары деңгей дағдылары | Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу және оны түсіндіру | |
Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас біріктіру нақты үдерістерді сипаттайтын моделдерді түсіндіру; дереккөздерден шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру | | |
Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар, нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы туралы шешім шығару | | |
Қолайлы әдіс-тәсілдерді және стратегияларды таңдай білу | | |
Зерттеуді жоспарлау, жасау және нәтижені интерпретациялау | |
-
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан | Білу және түсіну | Қолдану | Жоғары деңгей |
| | | дағдылары |
| | | |
I | 30% | 70% | 0% |
II | 5% | 75% | 20% |
III | 30% | 55% | 15% |
IV | 10% | 70% | 20% |
Барлығы | 19% | 68% | 14% |
| | | |
-
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы– 40 минут
Балл саны - 30
Тапсырма түрлері:
КДЖ- Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар.
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдауды
қажет ететін сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде
жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 15 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар.
Қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген.
Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған
1 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Бөлім Жасушалық биология . Молекулалық биология .
Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Қоректену
Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар. Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу». Зертханалық жұмыс «Жануарлардың ұлпаларын жіктеу». Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық. Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз. Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар. Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Зертханалықжұмыс « Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу». Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама.
Dемонстрация «Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау» Жауынқұртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу«Адамның, сиырдың және жауынқұртының» асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру. Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тісгигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы.асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі. Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу. Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз.А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ , Д авитаминоздағы мешел аурулары.
Зертханалық жұмыс «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау» Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес
Оқу мақсаттары 8.4.2.2 Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
8.4.2.1 Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын классификациялау
8.4.1.2 Көмірсулар мен липидтің құрылымы мен биологиялық қызметтерін сипаттау
8.4.1.3 Нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі
8.1.1.1. Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабық тұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
8.1.1.4 Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану
8.1.2.1 Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
8.1.2.2 Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау
8.1.2.3 Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
1.2.5 Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипатта.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну, қолдану , жоғары деңгей дағдылары
Тапсырмалар. 1. Кестедегі эукариотты және прокариотты жасушалардың ортақ органоидтарын белгілеп шығыңыз. Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.
Органоидтар | Прокариоттар | Эукариоттар |
| | |
-
Цитоплазма -
Рибосома -
Пластид -
Вакуоль -
Жасуша қабықшасы -
Митохондрия -
Ядро -
Гольджи аппараты -
Жасуша мембранасы [3]