Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 292
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Физикалық жүктемелер қағидат бойынша екіге бөлінеді: жоспарлы жүктемелер немесе штаттан тыс. Жоспарлы жүктеме - күн сайын режиммен жасалған жаттығулар, тамақтануыңыз және инсулин немесе қантты төмендететін препараттың дозалары нормаланған. Жоспарлы жүктемеде сізге қанша мөлшерде тамақтануға, қанша көмірсулар жеуге, қанша инсулин енгізуге болатынын білесіз. Штаттан тыс жүктемелер - жоспарланбаған ауыр заттарды алып жүруге, жүгіруге, ұзақ сапарға, пәтерді бас тазалауға, саяжайдағы ұзақ жұмыс істеуге және т. б. байланысты жүктемелер. Сондықтан кез келген штаттан тыс жүктеме, мүмкіндігінше, алдын ала жоспарланған болуы керек, сондықтан алдын ала гипогликемия қаупін алдын алу, қажетті көмірсулар мөлшерін жеу қажет.[57]
Зерттеу әдістері мен материалдары
Ғылыми зерттеу жұмысы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында түратын 80 адамға жүргізілді. Аталған 80 адамнан қант диабеті ауруымен ауыратындығы туралы ақпараттану және қант диабетімен ауыратын науқастардың физикалық белсенділік деңгейін зерттеу мақсатында 12 сұрақтан құралған онлайн сауалнама алынды.. Сауалнама “Survio” компьютерлік бағдарламасы арқылы жүргізілді.
Зерттеу әдістерінің біршама түрі бар. Бірақ, мен жұмысыма анкеталық әдісті таңдадым. Анкеталық әдіс –көп шығынды жұмсамай-ақ нақты сұрақтар кою арқылы халықтан қант диабетімен ауыратындығы жайлы біліп, оған физикалық белсенділіктің әсерін анықтап болжамдық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің тиімділігі сауалнамада қойылған сұрақтардың нақтылығына, дұрыс құрастырылуына тікелей байланысты. Жүргізілген сауалнама мынадай сұрақтардан құралған:
Жынысы?
Жасы?
Қант диабетімен ауырасызба?
Қант диабетінің қай типі?
Спортпен шұғылданасызба?
Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
Күніне спортқа, дене белсенділігіне қанша уақыт бөлесіз?
Спортпен шұғылданар алдында, дәрігермен кеңестіңізба?
Спортпен шұғфлданып жатқанда, денсаулығыңызда асқынулар? болдыма?Қаншалықты асқынулар болып тұрады?
Дене белсенділігі кезінде болатын асқынулардан алдын-алуды білесізбе?
Қандағы қант мөлшерінің спортқа дейін, және спорттан кейінгі мөлшерін білесізба?Өлшеп тұрасызба?
Қант диабеті кезінде спортпен шұғылданып, дене белсенділігімен айналысқаннан кейін денсаулығыңызды қандай да бір өзгерістер болдыма?
Нәтижелері:
Жынысы
Жұмыс барысында зерттеуге алынған 80 респонденттің басым бөлігі яғни 58% - ын әйел адамдар, ал 42% - ын ер адамдар құрады.
Жасы
Жұмыс барысында зерттеуге алынған 80 респондентті жас көрсеткіші бойынша зерттеуге алдық.Жас бойынша зерттеу барысында жас көрсеткіштерін 6 топқа бөліп қарастырдық.Сауалнама нәтижесі бойынша:20 – ға дейін 8,6% , 20-30 жас аралығында 31,4% , 31-40 жас аралығында 14,3% , 41-50 жас аралығында 14,3% , 51-60 жас аралығында 17,1% , 60 жастан жоғары 14,3% құрады.
Қант диабетімен ауырасызба?
Қант диабетімен ауырасызба деген сауалнамаға зерттелушілердің басым көпшілігі яғни 52,5% - ы жоқ деп жауап берді, 30% - ы иә деп жауап берді, қалған 17,5% білмейміз деп жауап берді.
Қант диабетінің қай типі?
Зерттелушілердің 55% - ы қант диабетімен ауырмайды, 14% - ы белгісіз, 27 % - ы 2 типтегі қант диабетімен қалған 4% - ы бірінші типтегі қант диабетімен ауыртын болып шықты.
Спортпен шұғылданасызба?
Спортпен шұғылдану деңгейі бойынша тұрақты түрде спортпен шұғылданатындардың үлесі – 17,5 %-ды құрады, 40% -ы аптасына 2-3 рет шұғылданатын болып шықты, 5%-ы аптасына 1 рет, 27,5% сирек шұғылданса қалған 10% ы спортпен мүлде шұғылданбайды.Бұл нәтижеге сүйенсек дене белсенділігімен айналысу айтарлықтай төмен нәтижені көрсеткен жок.
Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
Зерттеу нәтижесі бойынша кең таралған спорт түрі күнделікті жүгіру зерттелушілердің 41% - ын құрады, 18% -ы жүзумен айналысады, 15% - ы фитнес залға барады, 6%- ы гимнастика, аэробика, йогамен айналысады, 5% -ы күнделікті жаттығулар жасаса, қалған 15% - ы спортпен шұғылданбайды.Жалпы нәтижеге назар аударатын болсақ жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр, зарттелушілердің 15% ы- ғана спортпен шұғылданбаса, басым бөлігі белсенді түрде спортқа көңіл бөліп отырғанын байқадық.
Күніне спортқа, дене белсенділігіне қанша уақыт бөлесіз?
Сауалнама нәтижесі бойынша 46% - ы 1 сағат, 24% - ы 10-20 мнут, 11% - ы 2-3 сағат, қалған 19% - ы спортқа дене белсенділігіне уақыт бөлмейтін болып нәтиже көрсетті.Зерттеу нәтижесі оң нәтижені көрсетті, зерттелушілердің басым бөлігі дене белсенділігімен дұрыс денсаулыққы кері әсерін болдырмайтындай 1 cағат, жарты сағат көлемінде айналысатын болып шықты.1 сағаттан артық айналысатын дене белсенділігі науқастың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Спортпен шұғылданар алдында, дәрігермен кеңестіңізба?
Сауалнама нәтижесі өте төменгі көрсеткішке ие болды.Науқастардың басым бөлігі 87,3% - ы дене белсенділігімен айналыспас бұрын дәрігермен кеңеспейтіні белгілі болды, қалған 12,7% - ы спортпен шұғылданар алдынды дәрігермен кеңесіп, денсаулық жағдайына жасына, жынысына қарай денсаулыққа оң әсерін тигізетін арнайы режим қалыптастыратыны белгілі болды.
Спортпен шұғфлданып жатқанда, денсаулығыңызда асқынулар? болдыма?Қаншалықты асқынулар болып тұрады?
Сауалнама нәтиежсі бойынша зерттелушілердің дене белсенділігі кезінде басым бөлігі 57,5% - ында асқынулар мүлде болған жоқ, 25% -ында сирек, 12,5% -ында 1 рет асқыну болып, қалған 5%- ында спорттан кейін күнделікті асқынулар болып тұратыны анықталды.
Дене белсенділігі кезінде болатын асқынулардан алдын-алуды білесізбе?
Сауалнама нәтижесі бойынша дене белсенділігінен кейін болуы мүмкін асқынулардан алдын – алуды науқастардың 51,9% - ы білмейді, 48,1%- ы алдын – алуды біледі.Жалпы нәтижеге келетін болсақ айтарлықтай төмен деуге келмейді, дегенмен науқастарды ақпараттандырып, дене белсенділігінің алдын – алу жағдайларынан хабардар болуды қадағалау қажет.
Қандағы қант мөлшерінің спортқа дейін, және спорттан кейінгі мөлшерін білесізба?Өлшеп тұрасызба?
Сауалнама нәтижесі төменгі нәтижені көрсетті.Науқастардың дене белсенділігінен кейінгі 69% - ы қандағы қанттың мөлшерін спорттан кейін мүлде өлшемейтіні белгілі болды, 20% - ы өзгерістер болған жағдайда ғана өлшесе, қалған 11% - ы ғана күнделікті спортқа дейін және спорттан кейін өлшейтіні анықталды.
Қант диабеті кезінде спортпен шұғылданып, дене белсенділігімен айналысқаннан кейін денсаулығыңызды қандай да бір өзгерістер болдыма?
Зерттеудің қорытынды сұрағы, науқастарға дене белсенділігінің, спорттың әсерінің қандай екеніне науқастардың 56% - ында өзгерістердің болмағаны, 39% - ына оң әсерін тигізгені, ал қалған 5% - ына спорттың кері әсері анықталды.Нәтиже бойынша дене белсенділігінің науқастарға тигізетін әсері оң нәтижені көрсетті.
Қорытынды:
Дене жүктемесінің, физикалық белсенділіктің көлемі мен сапасы науқастың жасымен, жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйімен және көмірсу алмасуының компенсация дәрежесімен анықталады.Зерттеуге алған қант диабетімен ауыратын науқастарға физикалық белсенділіктің,спорттың әсер ету деңгейін, пайдасы мен зиянын анықтадық. Жүргізілген сауалнама мен зерттеу нәтижелері бойынша зерттеуге алынған 80 адамның 58%-ы әйел, ал 42% ер адамдар қамтылды. Оның 55%-ы қант диабетімен ауырмайды,14% - ы диагнозын толық білмейді, 27% - ы екінші тип, қалған 4%-ы бірінші типтегі қант диабетімен аурады. Науқастардың спортпен шұғылдануына келетін болсақ, спортпен шұғылдану деңгейі орта топта, яғни науқастар арасында күнделікті спортпен шұғылданатын тек 17,5% -ы ғана, аптасына 2-3 рет спортпен шұғылданатын науқастар 40% , 5% - ы аптасына тек 1 рет дене белсенділігіне көңіл бөлсе, 27,5% -ы сирек спортпен шұғылданса, қалған 10% мүлде спортпен шұғылданбайды. Осы негізде олардың дене салмағы да қалыпты деңгейден ауытқиды. Науқастар арасында кең таралған спорт түрлеріне келетін болсақ оларға ауыр жүктемелері бар, күніне 1,2 сағаттан артық айналысатын спорт түрлері кері әсерін тигізеді.Біз зерттеуге алған науқастардың 41%- ы күнделікті жүгірумен айналысса, 15% - ы арнайы фитнес залға барады, 18%- ы күнделікті жаттығулар,11%-ы гимнастика, жүзумен айналысса, қалған 15%-ы спортпен мүлдем шұғылданбайды.Науқастар дене белсенділігімен айналысу барысында ең алдымен дәрігермен кеңесіп арнайы режим қалыптастыру қажет.Біз зерттеуге алған науқастардың 87,3 %- ы дәрігермен кеңеспеген, 12,7%-ы дәрігермен кеңескен.Яғни науқастардың сауаттылық деңгейі айтарлықтай төмен пайызды құрады.Ол үшін науқастарды міндетті түрде ақпараттандыру қажет.Физикалық белсенділік әсерінен туындайтын асқынулардың алдын-алу сауаттылығы бойынша 48,1%-ы алдын-алуды біледі, 51,9 % алдын-алуды білмейді, бұл дене белсенділігінен кейін болатын қауіптілікті арттырады.Қауіптіліктің алдын-алу үшін науқастар спортқа дейін және спорттан кейінгі қандағы қанттың қалыпты деңгейдегі мөлшерін білуі қажет.Науқастар дене белсенділігінен кейін денсаулығын қалыпты деңгейде ұстау үшін қандағы қант мөлшерін спортқа дейін, және кейін өлшеп тұруы керек.Күнделікті өлшеп тұратын науқастардың көрсеткіші өте төменгі нәтижені көрсетті 11%-ы күнделікті спорттан кейін қандағы қант мөлшерін өлшеп қалыпты деңгейде ұстаса, 20%-ы тек ағзада спорттан кейін өгерістер болғанда ғана өлшейді, қалған 69% мүлдем өлшемейтіні анықталды.Жалпы спорттың, дене белсенділігінің қант диабетімен ауыратын науқастарға тигізетін әсеріне келетін болсақ, 39%- ына оң әсерін тигізді,56%-ында өзгерістер болған жоқ, қалған 5% ына кері әсерін тигізген.Жалпы қорытындылай келетін болсақ,науқастың жасына, жынысына байланысты дәрігермен кеңесіп арнайы режиммен дұрыс ұйымдастырылаған, физикалық белсенділіктің қант диабетімен ауыратын науқасқа тигізетін әсері оң екені анықталды.Спорттық жеңіл жүріс, жүгіру, коньки мен шаңғы тебу , велосипедпен жүру, теннис, волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерімен айналысу ұсынылды. Аэробикамен, жүзумен айналысуға болады-яғни адамның жағдайы мен аурудың біліну дәрежесіне байланысты жүктемені реттеуге мүмкіндік беретін спорт түрлері.Қант диабетімен ауыратындарға альпинизм, ауыр атлетиканың барлық түрлері, спорттың күш түсіретін ауыр түрлері, марафондық жүгіруге тыйым салынады.
Ұсыныстар:
-
Өмір сүру сапасын арттыру.Зиянды әдеттерден шектеу. -
Физикалық еңбекпен айналысуды күшейту. -
Дене белсенділігімен жүйелу түрде, арнайы режиммен айналысу. -
Спортпен шұғылданар алдында, дәрігермен кеңесу. -
Дене белсенділігінің көлемі мен сапасы, науқастың жасына, жынысына,физикалық жағдайына қарай тағайындалуы. -
Жеңіл спорт түрлері:(күнделікті жаттығулар,жүгіру,жүзу). -
Альпенизм,ауыр атлетиканың барлық түрлері,спорттың ауыр күш түсіретін түрлеріне тыйым салу. -
Қандағы глюкоза мөлшерін бақылауды меңгеру. -
Дене белсенділігімен айналысатын әр пациент,қант диабеті кезінде орын алатын гипергликемия мен гипогликемияның алдын алу шараларын білу. -
Дене белсенділігі кезінде ағзаны қалыпты деңгейде ұстауды қадағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
https://zanmedia.kz/18448/қant-diabeti/ -
https://www.pravda.ru/health/1097354-diabet/ -
https://zen.yandex.ru/media/sozavtoritet/poslednie-issledovaniia-po-saharnomu diabetu-5cda78d0dc10c300b339c942 -
http://www.uhlib.ru/medicina/bolshaja_kniga_diabetika/p9.php -
Большая книга диабетика.- Нина Башкирова; Ольга Богданова; -
Raine CH, 3rd, Schrock LE, Edelman SV, Mudaliar SRD, Zhong W, Proud LJ et al. Significant insulin dose errors may occur if blood glucose results are obtained from miscoded meters. J Diabetes Sci Technol., 2007, 1: 205–10 -
https://sdiabetom.ru/o-sajte -
Алгоритмы специализированной медицинской помощи больным сахарным диабетом / Под редакцией И.И. Дедова, М.В. Шестаковой, А.Ю. Майорова. — 9-й выпуск. — М.: УП ПРИНТ; 2019. ISBN 978-5-91487-136-6 DOI: 10.14341/DM221S1 -
Балаболкин М.И. // Диабетология М. 2000 – С 493-502. -
Дедов И.И, Шестакова М.В. // Сахарный диабет.-М., 2003. – C.157: 209-222. -
Епифанов В.А. Лечебная физическая культура. – М., 2001. –C. 238-240. -
Астамирова, Х.С. Большая энциклопедия диабетика / Х.С. Астамирова, М.С. Ахманов. – М.: Эксмо, 2003. – 416 с. -
Багрий, А.В. Эндокринология: Новейший справочник. – М.: Эксмо, 2005. – С. 26-27. -
Белая, Ж.В. Роль физических нагрузок в норме и при патологии сахарного диабета // Проблемы эндокринологии. – 2005. – № 2. – С. 28-37 -
Белая, Н.А. Лечебная физкультура и массаж. – М.: Советский спорт, 2001. – С. 7-25. -
Вайнилович, Е.Г. Настольная книга для людей с сахарным диабетом. – Мн.: УниверсалПресс, 2007. – С. 6-8 -
Болезни органов эндокринной системы / под ред. И.И. Дедова – М.: Медицина, 2000. – 568 с. -
Дубровский, В.И. Лечебная физическая культура. – М.: Владос, 1999. – С. 12-26 -
Лечебная физическая культура: Руководство для врачей / под ред. В.А. Епифанова. – М.: Медицина, 2001. – С. 13-26. -
Большая книга диабетика.- Нина Башкирова; Ольга Богданова; -
http://www.uhlib.ru/ -
Медицинская библиотека. Диабет.Советы и рекомендации ведущих врачей. -
https://med-tutorial.ru/m-lib/b/book/1167627985/ -
Diabetes and the benefits of exercise / C-Health.canoe.ca. Accessed: 22.03.2015 -
http://new.eltaltd.ru/rubrics/sport-i-diabet/fizicheskaya-aktivnost-pri-sakharnom-diabete/ -
https://stopkilo.net/sport/sakharnyy-diabet-i-fizicheskaya-aktivnost/ -
https://moidiabet.ru/articles/vlijanie-fizicheskih-nagruzok-na-organizm-pri-saharnom-diabete -
https://diabetor.ru/lechenie/samokontrol/optimalnaya-fizicheskaya-nagruzka-pri-saxarnom-diabete.html -
Goodarz Danaei, MDa et al. National, regional, and global trends in fasting plasma glucose and diabetes prevalence since 1980: systematic analysis of health examination surveys and epidemiological studies with 370 country-years and 2·7 million participants. Volume 378, Issue 9785, 2–8 July 2011, Pages 31–40 -
Pedersen AN, Kondrup J, Børsheim E. Health effects of protein intake in healthy adults: a systematic literature review. Food Nutr Res. 2013 Jul 30;57. doi: 10.3402/fnr.v57i0.21245. Print 2013 -
Monique E. Francois et al. ‘Exercise snacks’ before meals: a novel strategy to improve glycaemic control in individuals with insulin resistance. Diabetologia. July 2014, Volume 57, Issue 7, pp 1437-1445. -
https://diabetor.ru/lechenie/samokontrol/optimalnaya-fizicheskaya-nagruzka-pri-saxarnom-diabete.html -
Автор: врач, к. м. н., Толмачева Е. А., e.tolmacheva@vidal.ru -
https://www.vidal.ru/encyclopedia/narusheniya-obmena-veshestv-endocrinoligiya/fizicheskie-nagruzki-pri-diabete -
https://medaptekar.ru/fizicheskaya-aktivnost-pri-saxarnom-diabete.html -
https://vidoctor.ru/o-diabete/fizicheskaya-aktivnost-sakharnom-diabete -
http://www.vashaibolit.ru/11014-fizicheskaya-aktivnost-pri-saharnom-diabete.html, http://www.likar.info/endokrinologiya/article-57290-fizicheskaya-aktivnost-i-diabet/, http://www.eltaltd.ru/rubrics/sport-i-diabet/fizicheskaya-aktivnost-pri-sakharnom-diabete/ -
narmedsovet.ru -
https://meramamerikankultur.com/diabet/fizicheskaya-aktivnost-pri-saharnom-diabete.html -
http://endokrinologiya.com/diabetes/diabet-i-sport-mozhno-li-zanimatsya -
https://moidiabet.ru/news/fizicheskie-nagruzki-pri-diabete-1-tipa -
http://diabet-expert.ru/saharnyie-diabet/lechenie/fizicheskie-nagruzki-pri-saharnom-diabete-2-tipa.html -
https://diabetd0c.ru/preparaty/fizicheskie-nagruzki-pri-saharnom-diabete-1-i-2-tipa-kak-vliyayut-na-sahar-v-krovi-i-mozhno-li-voobshhe-zanimatsya-sportom.html -
https://siestafit.ru/pro-sahar/rol-fizicheskoy-nagruzki-pri-saharnom-diabete/ -
Авторлар: И.И. Дедов, Е.В. Суркова, А.Ю. Майоров -
Автор:врач высшей категории — Иртуганов Наиль Шамильевич. -
https://rondiabetic.com/2018/12/04/влияние-физических-нагрузок-на-орган/ -
https://remson58.ru/uprazhneniya-diabete-tipa-ozhireniem/ -
http://www.vashaibolit.ru/11014-fizicheskaya-aktivnost-pri-saharnom-diabete.html -
http://www.likar.info/endokrinologiya/article-57290-fizicheskaya-aktivnost-i-diabet/ -
http://www.eltaltd.ru/rubrics/sport-i-diabet/fizicheskaya-aktivnost-pri-sakharnom-diabete/ -
https://diabet.zydus.su/diety-i-fizicheskih-nagruzok-pri-saharnom-diabete/ -
Хавра Астамирова.- Книга диаебтика глава 15.Физические нагурзки при диабете -
Электронная библиотека » Наталья Данилова » Диабет и фитнес. За и против. Физические нагрузки с пользой для здоровья/ 2стрн -
Юлия Владимировна Назина.- книга Сахарный диабет/ -
Незаменимая книга для диабетика.Все, что нужно знать о сахарном диабете.25 стрн. -
https://dom-knig.com/author/54514