Файл: Отбасы жне демография лы згеріс Білім беру йымы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Отбасы және демография лық өзгеріс

Білім беру ұйымы

Жамбыл ауданы «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» КММ

Педагогтің аты-жөні

Кусаинова Р

Күні

26.01.2023

Сыныбы: 9Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әлемдегі демографиялық өзгерістер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу.

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады : мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырады, маңызды тұстары мен үрдістерді анықтап жазады.

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолдана алады..


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі / Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

«Мені не үшін сыйлайсыз?» атты психологиялық ахуал жүргізеді.

Мұғаліммен амандасады.

Жұпта бірін бірі не үшін сыйлайтынын айтып, көңілдері көтеріледі.





8 минут

  1. Барлығының назарын экранға аудару.

Бейнематериал мазмұны бойынша

«Ашық сұрақтар» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.

  • «Демография» ұғымы нені білдіреді?

  • Қазақстанда халық саны қанша?

  • Соның ішінде қазақ халқының саны қанша?

  • Халық қандай жағдайда көбейеді?

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілі бар?

  1. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру. Жаңа тақырыпқа шолу жасау.




«Демографиялық жағдай» тақырыбында бейнематериал

көреді

Сабақ мақсатын өздері болжап айтады, мұғалімнің көмегімен толықтырады, бағалау критерийімен танысады.



Түрі- Өзін-өзі бағалау

Үй жұмысын бағалау арқылы
«Жарайсың» «Керемет», «Жақсы» деген мадақтау сөздерді қосып ынталандыру.

Заңдылықты тапқан оқушы 2 балл алады.


https://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/4d6fc335-59c0-45e2-a0c3-98bbefc8159f



Сабақтың ортасы

14 минут



1-Тапсырма. Топтық жұмыс.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Берілген ресурстарды пайдаланып, берілген деректерді салыстырып, құрылымын сақтап мәтін жазыңыз.

2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Ақпараттар лотосы» .

Тапсырмадағы тақырып бойынша деректердің маңызды түстарымен үрдістерін (тенденция) анықтаңыздар.Неліктен өзгеріске ұшырап жатыр? Себебін жазыңыз.

ЕББҚ бар оқушылар барлық топтың мүшелерімен бірігіп, өзара оқу арқылы білімін толықтырады, топтағы оқушылардың көмегімен постерді қорғауға қатысады.
Талқылау сұрақтары:

  1. Халық санының қысқару себебі неде?

  2. Қандай жағдайда халық саны өседі?

  3. Тапсырма орындау барысында қандай мақсатқа жеттік?



3-Тапсырма. Жеке жұмыс. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

ЕББҚ бар оқушы бұл тапсырмада мұғалімнен қолдау көмек алып, тапсырманы орындайды.

Талқылау сұрақтары:

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Нешеге бөлінеді?

  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?




Ресурстар:



Кестені толтырады.


Тақырыбы

Маңызды тұстары

Неліктен?

Себебі













1.АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады. Үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады.

2. Демографиялық мәселені көбіне отбасының әл-ауқатымен байланыстырады. Бұрыңғы индустриялық қоғамда бұл мәселені материалдық жағдаймен байланыстыру дұрыс емес екенін Еуропа дәлелдеп отыр.

3.Демографияны зерттеушілерді алаңдататын өзекті мәселе- отбасы институтының келешегі болып отыр. Жылдар өткен сайын отбасылық құндылықтар жойылып бара жатыр.

4. Дүниеде әркімнің бір қалағаны бар. Біреу үй алуды мақсат етсе, екіншісі бақытты отбасы болғысы келеді.

5. Халық санағын биыл жылдың аяғында жүргізеді. Келесі жылдың басындада жүргізеді.

6. Демографиялық саясат туралы газеттен оқиды. Демографиялық саясат туралы интернет желісінен оқиды.


«Диірмен» әдісі.

Түрі- өзара бағалау

Берілген ақпаратқа интерпретация жасай алады. 1б

Мәтін құрылымын сақтап жазады.1б

Берілген процесті салыстыра сипаттап жазады. 1б

Дескриптор:
Тақырып бойынша маңызды тұстарымен үрдісін анықтайды.1б

Дескриптор:

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіріп жазады; 6 б


Оқулық
Үлестірме қағаздар
Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың соңы
Рефлексия

5 минут
Үй тапсырмасы:

2 минут


Кері байланыс. СМС жазу



Үйге тапсырма: Әлем демографиясына қатысты қызықты ақпарат жазып келу.


Оқу бойынша қорытынды жүргізіп,
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?


Кері байланыс жасап, нәтиже балдарын талдайды.

Мұғалімнің қорытынды бағалауы жүзеге асырылады

Бағалау парағы