Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрі міндетін атарушысыны 2017 жылы 25 азандаы 545 бйрыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 458
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2-тарау. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
17. 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
18. 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
19. 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
20. 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
21. 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына 17-қосымшаҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2013 жылғы 3 сәуірдегі№ 115 бұйрығына 206-қосымшаНегізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған«Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.
1) «Өзгеріс пен сабақтастық» бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;2) «Себеп және салдар» бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;3) «Дәлел» бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;4) «Ұқсастық пен айырмашылық» бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.5) «Маңыздылық» бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды; 6) «Интерпретация» бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
лкенің тарихи ескерткіштері. Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар және ақындар. Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер.
1-тарау. Жалпы ережелер
-
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. -
Тарихи сана–бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуынакөмектеседі. -
Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. -
Оқу пәнінің мақсаты -білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту. -
Оқу пәнінің міндеттері:
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.
2-тарау. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:-
5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; -
6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; -
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; -
8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; -
9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
-
әлеуметтік қатынастардың дамуы; -
мәдениеттің дамуы; -
мемлекеттің дамуы; -
Қазақстанның экономикалық дамуы.
-
этникалық қатынастар; -
әлеуметтік қатынастар.
-
дүниетаным мен дін; -
өнер мен әдебиет; -
білім және ғылым.
-
мемлекеттің ішкі саясаты; -
мемлекеттің сыртқы саясаты.
-
шаруашылық; -
өндірістік қатынастар және сауда.
1) «Өзгеріс пен сабақтастық» бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;2) «Себеп және салдар» бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;3) «Дәлел» бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдайды;4) «Ұқсастық пен айырмашылық» бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады.5) «Маңыздылық» бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды; 6) «Интерпретация» бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.
17. 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі.Тас дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстанда алғашқы адамның пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың алғашқы формалары. Ежелгі адамдардың кәсібі (аң аулау мен терімшілік). Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы. Ботай мәдениеті. Қола дәуіріндегі Қазақстан: Қазақстан аумағындағы мыс пен қалайы металдарының кен орындары. Андрон мәдениеті. Қола дәуірі кезіндегі шаруашылық пен қоғамдық құрылыс. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Ә. Марғұлан және басқа да Қазақстанның ежелгі дәуірін зерттеушілер; 2) ежелгі көшпелілердің өмірі. Темір дәуірінің ерекшеліктері. Қазақстанның ежелгі металлургиясы. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. Алғашқы көшпелілердің өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі. Көшпелілердің жылжымалы баспанасы. Алғашқы көшпелілердің дүниетанымы;3) сақтар. Қазақстан аумағындағы сақ тайпалары. Сақтар тарихы жайлы деректер. Сақтардың саяси тарихы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы мен тұрмысы. Материалдық және рухани мәдениеті. «Аңдық стиль». Есік олжасы – «Алтын адам». Шілікті алқабының патша қорғандары. Берел қорымы. Бесшатыр қорғандары. Тасмола мәдениеті;4) үйсіндер мен қаңлылар.Үйсіндер. Үйсіндер туралы жазба деректер. Үйсіндердің қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. Қаңлылар. Қаңлылар тарихына қатысты қытай және парсы деректері. Қаңлылардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Үйсіндердің, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері;5) ғұндар (хунну). Қытай деректеріндегі ғұндардың ерте тарихы. Мөде шаньюй-ғұн мемлекетінің негізін салушы. Ғұндардың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылысы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы (ғұндардың Батысқа жылжуы). Аттила және оның жорықтары. Ғұндардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы. Ғұндар дәуіріндегі мәдениеттің дамуы;6) сарматтар. Сарматтардың ежелгі замандағы саяси оқиғаларға қатысуы. Сарматтардың қоныстануы, шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың қоғамдық құрылысы. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері. Мәдениеті;7) ежелгі Қазақстан тарихына шолу. Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың антропологиялық бет-әлпеті. Ежелгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері. Ежелгі Қазақстанның мәдени мұрасы;8) өлкетану: Туған өлкенің аңыз-ертегілері. Өлкенің тарихи ескерткіштері. Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар және ақындар. Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер.