Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрі міндетін атарушысыны 2017 жылы 25 азандаы 545 бйрыына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 169

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7) XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет. Қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет. Әдебиет пен өнер: ақын-жыраулар, халық әншілері мен композиторлардың шығармашылығы, музыкалық өнер. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік;

8) өлкетану: Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы). Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері. Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары). Туған өлке тарихының қазіргі куәгерлері.

19. 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) XVIII ғасырдың басындағы Қазақстан: сыртқы және ішкі саяси жағдай. Жоңғар мемлекеті. Қазақ-жоңғар соғыстары. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманы. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар – қазақ жасағының құрылуы. Аңырақай шайқасы. Отан қорғаушы батырлар. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ-жоңғар соғыстары;

2) XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қатынастары. XVIII ғасырдың басындағы Ресей империясы назарындағы Қазақстан (саяси және экономикалық мақсаттар, әскери-барлау экспедициялары, алғашқы әскери бекіністердің салынуы). Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдауы:себептері мен мақсаттары. XVIII ғасырдың 30-50-жылдарындағы Қазақстандағы Ресей империясының саясаты. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы Қазақстандағы ішкі саяси жағдайдың асқынуы. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: ішкі және сыртқы саясаты;

3) XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. XVІII ғасыр ақын-жырауларының шығармашылығы. XVІII ғасыр тарихы бойынша қазақ деректері. Қазақтардың қолданбалы өнері;

4) отарлау және ұлт-азаттық күрес. Ресей империясының отаршылдық саясаты: мақсаттары мен әдістері. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, қозғалыстың қозғаушы күші, кезеңдері мен барысы, нәтижелері). 1822-1824 жылдардағы патша реформалары (Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы). 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі (себептері, негізгі кезеңдері мен шайқастары). XIX ғасырдыңбірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары (Жоламан Тіленшіұлы, Саржан Касымов бастаған көтеріліс). Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (себептері, мақсаттары мен қозғаушы күштері, негізгі кезеңдері). Кенесары Қасымұлы: тұлға және саясаткер. Жанхожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (себептері, көтеріліс барысы). Ресей империясының Қазақстанның оңтүстік аймақтарын қосып алуы. ХVІІІ ғасырдың соңы – XIX ғасырдағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи маңызы;

5) Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы патшалық реформалар. 1867-1868 жылдардағы реформалар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық және қоныстандыру саясаты. 1860-1870 жылдардағы ұлт-азаттық күрес (себептері мен көтеріліс барысы). ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Капиталистік қатынастардың ене бастауы. ХIХ ғасырдың 80-90 - жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар: мазмұны мен салдары. Сауда қатынастарының дамуы. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Дәстүрлі қазақ қоғамының трансформациясы. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуы;



6) XIХ ғасыр-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті.
XIX ғасырдағы Қазақстандағы ағарту ісі мен ғылымның дамуы. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің ағартушылық қызметі. Қазақстанның ғылыми зерттелуі
(П. Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, М. Шорманов,
М. Бабаджанов, А. Диваев). Зайырлы және діни білім беру мекемелері. Жадиттік және білім берудегі жаңашылдық. Шоқан Уәлиханов – ұлы қазақ ғалымы. Ыбырай Алтынсарин –ағартушы, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері.  Абай Құнанбайұлы – ұлы ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазақ музыкалық мәдениетінің дамуы (Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы). Әйгілі суретшілер шығармашылығындағы ұлттық контекст. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К. Халидтің тарихи еңбектері.

7) өлкетану: Өлкенің туристік маршруттары. Туған жердің «Атымтай жомарттары». Туған өлкенің шежіресі. Мектебімнің тарихы.

20. 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы). 1917 жылғы революциялар. «Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев,
М. Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері;

2) Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. «Үш Жүз» қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының «Алаш-Орда» үкіметі, Қоқан автономиясымен қарым-қатынасы. «Әскери коммунизм саясаты».1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты;

3) Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). «Кіші Қазан» (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың («Бесеудің хаты») қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік «еңбек түзеу» концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир және тағы басқалар);


4) Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым . Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистік реализм;

5) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары. Б. Момышұлы – аңызға айналған тұлға. Қазақстан – майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттегі жетістіктер (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д. Снегин,

И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино).

21. 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар). Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Пайдалы қазбаларды өңдеу және өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Қазақстанның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы (Қазақстандағы ядролық полигон). Соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктері. «Бекмаханов ісі»;

2) Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар). Қазақстанда «Хрущевтік кезеңдегі» өнеркәсіптің дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру (тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары). Қазақстандағы әскери-өнеркәсіптік кешен («Байқоңыр» ғарыш айлағы). «Жылымық кезеңі». 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмір;

3) Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар). 1965-1985-жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экономиканың шикізаттық бағыты. Урбанизация. 1970-1980 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыс. 1965-1985 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір. 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы басшыларының қызметі (Ж. Шаяхметов, Д. Қонаев,
Ж. Тәшенов);

4) кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985-жылдар.). Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат. Жалпыға бірдей міндетті орта білім. Қазақ тілінің жағдайы. Ғылымның дамуы. Әдебиеттің дамуы (Ә. Нұрпейісов,
Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. Шаханов). Өнер (театр, кино);

5) Қазақстан Қайта құру кезеңінде (1986-1991 - жылдар). «Қайта құру» жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: мақсаттары, проблемалары мен қарама-қайшылықтары. Қазақстандағы 1986жылғы желтоқсан оқиғалары (себептері, барысы мен салдары). 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына қатысты жазалау шаралары. «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемегендігі туралы Декларация» (1990 жылғы қазан). Кеңестік саяси жүйенің дағдарысы (1991 жылғы «Тамыз бүлігі»). КСРО-ның ыдырауы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Семей ядролық полигонының жабылуы. «Қазақ КСР-ның тілдер туралы Заңының» қабылдануы;

6) Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 - 1997 жылдар). «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси институттарының қалыптасуы. Нарықтық экономикаға көшудегі қиыншылықтар. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық үдерістер. 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы;