Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрі міндетін атарушысыны 2017 жылы 25 азандаы 545 бйрыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 480
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
2-тарау. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
17. 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
18. 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
19. 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
20. 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
21. 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
-
6- сынып:
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті: |
| 1- тоқсан | ||
| 6.1 VI - IX ғасырлардағы Қазақстан | Кіріспе сабақ. Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады? | Орта ғасырлардағыҚазақстан тарихына жалпы шолу |
| Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер. Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды? | 6.3.1.1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау; 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану | |
| Көне түркі жазуы. Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі? | 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.2.3.1 көне түркі жазуының маңызын түсіндіру | |
| Атлах шайқасы. Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды? | 6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау; 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау | |
| Оғыз мемлекеті. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай? | 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | |
| Қимақ қағанаты. Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? | 6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау | |
| Түріктер туралы тарихи деректер. Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? | 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау; 6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру | |
| Түркі әлемі қалыптасуының басталуы. Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? | 6.3.2.1тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру; 6.1.1.1 түркі тілдес тайпаларды атап, картадан олардың аумақтық орналасуын көрсету | |
| Өлкетану | Топонимдер – өткен заманнын куәгерлері (жер-су атауларының тарихы). | 6.2.2.6 жергілікті жер, қала, өзен, көл, тау атауларының шығу тарихын түсіндіру |
| 2- тоқсан | ||
| 6.2 X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан | X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер. Зерттеу сұрағы: X ғасыр - XIII ғасырдың басында саяси карта қаншалықты өзгерді? | 6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау |
| Қарахан мемлекеті. Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? | 6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.2.1.2 ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау; 6.3.1.4 тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру | |
| Наймандар, керейіттер және жалайырлар. Зерттеу сұрағы: Наймандар, керейіттер мен жалайырлардың ортағасырларлық саяси сахнадағы рөлі қандай болды? | 6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | |
| Қыпшақ хандығы. Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды? | 6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау; 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану | |
| Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі. Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме? | 6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау | |
| Ортағасырлық Қазақстанның экономика лық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы. Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? | 6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау; 6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру | |
| Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті. Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты? | 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау; 6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру; 6.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау; 6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру; 6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау | |
| Өлкетану | Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері | 6.2.2.7 өлкенің дәстүрлі көркем мәдениетін жандандыруға үлесін қосқан шеберлерді айқындау |
| Қайталау | | |
| 3- тоқсан | ||
| 6.3 XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан | Моңғол империясының құрылуы. Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? | 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.3.1.6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру |
| Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы. Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады? | 6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру; 6.3.1.5 Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау | |
| Моңғол шапқыншылықтарының салдары. Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? | 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау | |
| Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы. Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? | 6.3.1.6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру; 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау | |
| Ақ Орда. Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды? | 6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру | |
| Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді? | 6.3.1.6 картаны қолданып XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII - XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру | |
| XIII - XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті. Зерттеу сұрағы: XIII - XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? | 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау | |
| Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері. Зерттеу сұрағы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады? | 6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау; 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау | |
| 6.3 Қазақ халқының қалыптасуы | Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы. Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты? | 6.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау; 6.1.1.4 «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру |
| 6.3 Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы | Қазақ хандығының құрылуы. Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады? | 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру; 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану |
| Өлкетану | Бір ел – бір тағдыр (менің өлкемнің халықтары) | 6.1.2.2 өлкедегі әр түрлі ұлттардың тарихын,салт-дәстүрін сипаттау |
| 4- тоқсан | ||
| 6.4 Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі. Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? | 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау |
| Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты. Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? | 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | |
| Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы. Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? | 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | |
| Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы. Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? | 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | |
| Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қарсылығы. Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? | 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау; 6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау | |
| Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі. Зерттеу сұрағы: Неліктен А. Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? | 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | |
| Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы. Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? | 6.1.2.1 Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау; 6.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау | |
| 6.4 XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет | XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті. Зерттеу сұрағы: XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады? | 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау |
| XVI - XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті. Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады? | 6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау | |
| Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы. Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде? | 6.4.1.2 көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау | |
| Өлкетану | Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері | 6.3.1.12 туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлерінің ерлік істері мен еңбегін сипаттау |
| Қайталау | | |
-
7-сынып:
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті: |
| 1- тоқсан | ||
| 7.1 Қазақ-жоңғар соғыстары | Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы. Зерттеу сұрағы: Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды? | 7.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру; 7.2.2.1халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау; 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.4.1.1 жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын анықтау |
| Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы. Зерттеу сұрағы: Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды? | 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.1.1 Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру | |
| Қазақ-жоңғар шайқастары. Зерттеу сұрағы: Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ-жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады? | 7.3.2.1 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру | |
| 7.1 XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы | XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы. Зерттеу сұрағы: Неліктен Ресей Қазақстанды Азияға шығудың «кілті мен қақпасы» деп санады? | 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау |
| Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталауы. Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдары қандай болды? | 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау | |
| Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. Зерттеу сұрағы:Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? | 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.2.3 Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатын бағалау | |
| Өлкетану | Өлкенің туристік маршруттары | 7.2.3.5 туристік маршруттарды құру жолдарын ұсыну |
| 2-тоқсан | ||
| 7.2 XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті | XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті. Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты? | 7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау; 7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау |
| XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті. Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде? | 7.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау | |
| 7.2 Отарлау және ұлт-азаттық күрес | XVIII ғасырдағы Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы. Зерттеу сұрағы: Қазақстанды отарлауды Ресей империясы қалай жүзеге асырды? | 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау |
| Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді? | 7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру | |
| 1822-1824 жылдардағы патша реформалары. Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді? | 7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру; 7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау | |
| 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі. Зерттеу сұрағы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді? | 7.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру | |
| Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды? | 7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру | |
| Өлкетану | Туған жердің «Атымтай жомарттары». | 7.4.1.3 өлкені дамытуға қолдау көрсеткен тұлғалардың қызметіне баға беру |
| Қайталау | | |
| 3-тоқсан | ||
| 7.3 Отарлау және ұлт-азаттық күрес | XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары. Зерттеу сұрағы: Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді? | 7.3.1.5 халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру |
| Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай? | 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау; 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау | |
| 7.3 Қазақстан Ресей империясы ның құрамында | XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформалар. Зерттеу сұрағы: Патша өкіметі тарапынан «бөліп ал да, билей бер» ұстанымы қалай жүзеге асты? | 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру; 7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау |
| Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі. Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді? | 7.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау | |
| Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аудару саясаты. Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті? | 7.4.1.2 отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау; 7.1.1.2 Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау; 7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау | |
| 7.3 Қазақстан Ресей империясы ның құрамында | Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды? | 7.4.2.1 капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын анықтау |
| Жәрмеңке саудасының дамуы. Зерттеу сұрағы: Қазақстанда неліктен жәрмеңке саудасы дамыды? | 7.4.2.2 сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау | |
| XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы. Зерттеу сұрағы: “Зар заман” өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты? | 7.2.1.2 ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау; 7.1.2.2 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру | |
| Өлкетану | Туған өлкенің шежіресі | 7.4.1.4 өлке дамуының маңызды кезеңдерін анықтау; 7.2.2.5 өлкенің тарихи оқиғалар хроникасын құру |
| 4- тоқсан | ||
| 7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті | XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы. Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? | 7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау; 7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау; 7.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау |
| XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі. Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды? | 7.2.3.2 XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру | |
| Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы. Зерттеу сұрағы: Неге С. Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады? | 7.2.3.1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау | |
| Ы. Алтынсарин – жаңашыл -педагог. Зерттеу сұрағы: Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады? | 7.2.3.3 Ыбырай Алтынсариннің ағарту саласына қосқан үлесін бағалау | |
| Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл. Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады? | 7.2.2.2 Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру | |
| XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы Қазақтардың ауызша тарихи дәстүрлерінің дамуы. Зерттеу сұрағы: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи құндылығы неде? | 7.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау | |
| Өлкетану | Мектебімнің тарихы | 7.2.2.6 түрлі дереккөздер негізінде өз мектебінің тарихын анықтау |
| Қайталау | | |
-
8- сынып:
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті: |
| 1- тоқсан | ||
| 8.1 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан | Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Зерттеу сұрағы: Не себепті А. Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп санады? | 8.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру; 8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру |
| Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Зерттеу сұрағы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды? | 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру; 8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру | |
| 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Зерттеу сұрағы: Қазақстанда 1917 жылы саяси белсенділіктің артуы қандай оқиғалардан көрініс тапты? | 8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру | |
| «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы. Зерттеу сұрағы: Неліктен «Алаш» партиясы халық қолдауына ие болды? | 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау; 8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау; 8.2.3.1 ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру | |
| XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері. Зерттеу сұрағы: Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады? | 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау; 8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру; 8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру | |
| 2- тоқсан | ||
| 8.2 Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы | Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар). Зерттеу сұрағы: Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды? | 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру |
| Қазақстандағы ұлттық автономиялар. Зерттеу сұрағы: Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады? | 8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау | |
| Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде? | 8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау | |
| Әскери коммунизм саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Зерттеу сұрағы: Қазақстан үшін жаңа экономикалық саясаттың артықшылықтары қандай болды? | 8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау; 8.4.1.1 деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді талдау | |
| Қайталау | | |
| 3-тоқсан | ||
| 8.3 Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде | Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы индустрияландыру саясатыныңқарама-қайшылығы неде? | 8.4.2.1 Қазақстандағы индустриялан дырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау |
| Қазақстандағы ұжымдастыру. Зерттеу сұрағы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке»әкеліп соқтырды? | 8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардап тарын талдау; 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау; 8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау | |
| 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар. Зерттеу сұрағы: Сталиндік режим не себепті зиялыларға «халық жауы» деген айып тақты? | 8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау; 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау | |
| 8.3 Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым | Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы». Зерттеу сұрағы: Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай? | 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау |
| XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым. Зерттеу сұрағы: Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды? | 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау; 8.2.3.3 XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау | |
| Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым. Зерттеу сұрағы: Қаныш Сәтбаевтың феномені неде? | 8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру | |
| 4- тоқсан | ||
| 8.4 Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер | XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің дамуы. Зерттеу сұрағы: Қазақ әдебиетінде социалистік реализм қалай көрініс тапты? | 8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру |
| XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы. Зерттеу сұрағы: Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды? | 8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру; 8.2.2.1 қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру; 8.2.2.3 өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау | |
| 8.4 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында | Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Зерттеу сұрағы: Қандай қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары халық есінде сақталды? | 8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау; 8.3.2.2 Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау |
| Қазақстан – майдан арсеналы. Зерттеу сұрағы: «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты? | 8.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына бейімделгендігін дәлелдеу; 8.1.2.2 соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау | |
| Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті. Зерттеу сұрағы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды? | 8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау | |
| Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы. Зерттеу сұрағы: Қазақстан қалайша депортацияланған халықтардың өлкесіне айналды? | 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау | |
| Қайталау | | |
-
9- сынып:
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқыту мақсаттары. Білім алушылар тиісті: |
| 1- тоқсан | ||
| 9.1 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар) | Соғыстан кейінгі Қазақ КСР-нің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Зерттеу сұрағы: Соғыстан кейінқазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді? | 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау; 9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру; 9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау |
| Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені. Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақстан ядролық сынақтар алаңына айналды? | 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау; 9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау | |
| Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері. Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды? | 9.2.3.1 Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау; 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау | |
| 9.1 Қазақстан «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар) | «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Зерттеу сұрағы: «Жылымық кезеңі» қоғамға қандай өзгеріс әкелді? | 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау |
| Тың игеру жылдарындағы Қазақстан. Зерттеу сұрағы: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Қазақстанға қалай әсер етті? | 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау; 9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру | |
| Қазақ КСР экономикасы- ның шикізатқа бағытталуы. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді? | 9.3.2.1 XX ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау; 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау | |
| 2-тоқсан | ||
| 9.2 Қазақстан «тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар) | 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Зерттеу сұрағы: Не себепті 1965-1985 жылдар «тоқырау» кезеңі деп аталды? | 9.4.2.1 өнеркәсіптің ахуалын анықтап, қорытынды жасау; 9.4.1.1 Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру |
| XX ғ. 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар. Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың. екінші жартысында ұлттық мүдделерді қорғау қалай жүзеге асырылды? | 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау; 9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау; 9.3.1.2 қоғамдық-саяси қайраткерлердің ұлттық мүддені қорғаудағы рөліне баға беру | |
| «Тоқырау» жылдарындағы демографиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы урбандалу процесіне қандай фактор лар әсер етті? | 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау; 9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру | |
| 9.2 Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар) | XX ғасырдыңекінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы. Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді? | 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру |
| XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері. Зерттеу сұрағы: XX ғасырдыңекінші жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды? | 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру | |
| XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы. Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті? | 9.2.2.1 кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау; 9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау | |
| Қайталау | | |
| 3-тоқсан | ||
| 9.3 Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар) | Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде. Зерттеу сұрағы: КСРО-ның ыдырауы: заңдылық па әлде кездейсоқтық па? | 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау; 9.4.1.2 Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау |
| Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай болды? | 9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру; 9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, талдау | |
| «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Демократиялық процестер қоғамдық сананы қалай өзгертті? | 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау | |
| 9.3 Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар) | Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы. Зерттеу сұрағы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңының тарихи маңызы қандай? | 9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау; 9.3.1.7 өткен оқиғалармен сабақтастықты орнатып, Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызын түсіндіру |
| Н.Ә. Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Зерттеу сұрағы: Саяси көшбасшыныңмемлекет тарихының бетбұрысты кезеңдеріндегі рөлі қандай болды? | 9.3.1.10 Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Н. Назарбаевтың рөліне баға беру | |
| Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар. Зерттеу сұрағы: 1995 жылғы жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызы неде? | 9.3.1.8 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуын талдау; 9.3.1.6 Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарын анықтап, қорытындылау; 9.3.1.3 Қазақстан Республикасы Конституциясын мемлекеттің тұрақты дамуның кепілі ретінде бағалау | |
| Қазақстан – халықаралық құқық субеъектісі. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі қалай жүзеге асты? | 9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру; 9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау | |
| Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Зерттеу сұрағы: Неліктен нарықтық экономикаға көшу барысында қиыншылықтар орын алды? | 9.4.1.3 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесінің экономикаға ықпалын талдау; 9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау; 9.4.2.3 Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін талдау | |
| Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер. Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық процестердің ерекшеліктері неде? | 9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау; 9.1.1.2 өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кезеңдегі демографиялық процестерге баға беру; 9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау; 9.3.2.4 қазақ диаспораларының тарихи Отанымен байланысының маңыздылығын айқындау | |
| 4-тоқсан | ||
| 9.4 Қазақстан Республикасының дамуы (1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін) | Қазақстан - 2030» Стратегиясы – мемлекет дамуындағы жаңа кезең. Зерттеу сұрағы: «Қазақстан - 2030» Стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады? | 9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау; 9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау |
| Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы. Зерттеу сұрағы: Қазақстан Республикасының XXI ғасырдағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары қандай? | 9.4.2.2 нарықтық экономиканың өндірістік қатынастарға әсерін талдау; 9.4.1.4 аграрлық секторды модернизациялау бағыттарын талдау; 9.4.2.4 сыртқы сауданың экономикаға әсерін зерттеу | |
| Қазақстанның 1997 жылдан бастап әлеуметтік дамуы. Зерттеу сұрағы: Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы қалай өзгерді? | 9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық мәліметтер негізінде талдау | |
| Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. Зерттеу сұрағы: Қазақстанның жаңа әлемдегі орны қандай? | 9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау; 9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру | |
| Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы. Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды? | 9.3.1.11 Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде айқындау | |
| «Қазақстан – 2050» стратегиялары. Зерттеу сұрағы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қандай жаңа саяси бағытты белгіледі? | 9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау | |
Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуындағы басым бағыттары.Зерттеу сұрағы: «5 институтционалды реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» ұлт жоспары неліктен қабылданды? | 9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау | |
| 9.4 Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін) | Тәуелсіздік жылдарындағы білім мен ғылымның дамуы. Зерттеу сұрағы: Жаһандану жағдайындағы қазақстандық білім мен ғылымның даму тенденциялары қандай? | 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру |
| Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің дамуы. Зерттеу сұрағы: Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай? | 9.2.2.3 қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау; 9.2.2.4 ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қажеттілігін негіздеу («Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » бағдарламасы) | |
| Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі. Зерттеу сұрағы: Қазақстан қоғамында зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы ұстанымдары қалай үйлесім табуда? | 9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау; 9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау | |
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы.Зерттеу сұрағы: «Мәңгілік Ел»: идеясының біріктірушілік рөлі неде? | 9.2.1.3 «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясының маңыздылығын бағалау; 9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау | |
| Қайталау | | |
2-қосымшаТүсіндірме жазбаОрта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылуда:
-
- сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр) -
- сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар); -
- сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар); -
- сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);
| Қазіргі оқу бағдарламалары | Жаңа оқу бағдарламалары |
| 5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер | 5-сынып – ежелгі заман тарихы |
| 6-сынып – ежелгі заман тарихы | 6-сынып–ортағасырлар тарихы |
| 7-сынып – ортағасырлар тарихы | 7-сынып – жаңа заман тарихы |
| 8-сынып – жаңа заман тарихы | 8-сынып – қазіргі заман тарихы (ХХ ғасырдың бірінші жартысы) |
| 9-сынып – қазіргі заман тарихы | 9-сынып – қазіргі заман тарихы (ХХ ғасыдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін ) |