Файл: 20212022 оу жылы Жалпы орта білім беру дегейіні оамдыгуманитарлы жне жаратылыстануматематикалы баыттаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы
Отырар ауданы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
2021-2022 оқу жылы
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Түсінік хат
-
Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).
«Қазақстан тарихы» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
-
білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, ӛткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру; -
өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту; -
әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту; -
әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту; -
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; -
коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жҥктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бӛлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген. Сондықтан осы тақырыптар кӛлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде 91-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
91- кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Жиынтық бағалау саны:
Сынып | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
10 | 1 | 1 | 1 | 1 |
11 | 1 | 1 | 1 | 1 |
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Түсінік хат
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін терең түсінуге бағдарланған.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет кӛрсетуге тәрбиелеу болып табылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
- әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
- оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
- тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
- әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
- қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;
- коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша тҥрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- 11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағатты;
- жаратылыстану -математикалық бағытта 10-11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты қамтиды.
10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр бөлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары берілген. Осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 92-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
92- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
10 | 1 | 1 | 1 | 1 |
11 | 1 | 1 | 1 | 1 |
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығына 17 қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығына 201 қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына 419 қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 сыныптарына арналған "Қазақстан тарихы" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
Қазақстан тарихы. 10 – сынып (ҚГБ), жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат
№ | Ауыспалы тақырыптар | Сабақтар дың тақырыбы | Оқудың мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескерту | | |
І тоқсан/18/ | | |||||||
1 | | Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері | 10.1.1. 1-«Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану | 1 | | | | |
2 | | Орталық Азия: ұғымының тарихи және географиялық аспектілері | 10.1.1. 1-«Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану | 1 | | | | |
3 | | Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы | 10.1.1.2-әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | 1 | | | | |
4 | | Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы | 10.1.1.2-әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу | 1 | | | | |
5 | | Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары | 10.1.1.3- Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау | 1 | | | | |
6 | | Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары | 10.1.1.3- Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау | 1 | | | | |
7 | | «Ұлы Дала»: тарихи-географиялық сипаттамасы | 10.1.2.1-картаны пайдаланып «Ұлы Дала» тарихи-географиялық аймағын анықтау; | 1 | | | | |
8 | | «Ұлы Дала»: тарихи-географиялық сипаттамасы | 10.1.2.2-тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәнін түсіндіру | 1 | | | | |
9 | | Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) | 10.1.2.3-Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру; | 1 | | | | |
10 | | Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) | 10.1.2.4- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау; | 1 | | | | |
11 | | Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) | 10.1.2.5-Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау | 1 | | | | |
12 | | Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті | 10.1.2.6-«Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау; | 1 | | | | |
13 | | Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті | 10.1.2.7 -әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау | 1 | | | | |
14 | | Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі | 10.1.3.1- Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау; | 1 | | | | |
15 | | Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі БЖБ№1 | 10.1.3.1- Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау; | 1 | | | | |
16 | | Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі | 10.1.3.2 -Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау | 1 | | | | |
17 | | ТЖБ №1 | | 1 | | | | |
18 | | Зерттеу жұмысы | Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала | 1 | | | | |
| | | | | | | | |
ІІ тоқсан/14/ | | |||||||
1 | | Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер | 10.2.1.1 -Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану; | 1 | | | | |
2 | | Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер | 10.2.1.2 -этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау | 1 | | | | |
3 | | Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер | 10.2.1.2 -этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау | 1 | | | | |
4 | | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары | 10.2.2.1 -қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», « ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану; | 1 | | | | |
5 | | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары | 10.2.2.2 -тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау; | 1 | | | | |
6 | | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары | 10.2.2.8 - туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану | 1 | | | | |
7 | | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері | 10.2.2.3 -қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар); | 1 | | | | |
8 | | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері | 10.2.2.4 -қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру; | 1 | | | | |
9 | | Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері | 10.2.2.5 -қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасуының біріктіруші рөлін түсіндіру | 1 | | | |