Файл: Ебек шарты 2 Талдыоран аласы 05 суір 2023 жыл Бірінші тарап, бдан рі Жмыс беруші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЕҢБЕК ШАРТЫ № 2
Талдықорған қаласы «05» сәуір 2023 жыл


  1. Бірінші тарап, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын Директор ЖК С. Иманбеков атынан басшысы Иманбеков Сержан Шангерейұлы және бұдан әрі «Қатысушы» деп аталатын, «Күміс жас» жобасы бойынша қатысушы екінші тарап, азаматша Жылкыбаева Кулжакан Орынбасаровна куәлік №021100418 ҚР.ІІМ 11.07.2007 жылы берілген осы еңбек шартын бекітті.

Осы еңбек шарты 23.11.2015 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің негізінде бекітілді.

  1. Шарттың мәні.

    1. Осы Шартта көзделген жағдайлар негізінде Жұмыскер Жылкыбаева Кулжакан Орынбасаровна есепшінің көмекшісі.

(лауазы атауы, звено, саты)

Лауазымы бойынша жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәріптемесі қағидаларын сақтауға міндетті, ал Жұмыс беруші Жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

    1. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау осы Шарттың негізінде жасалған Жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.

    2. Шарттың мерзімі Күміс жас жобасы бойынша өту уақытында 9 ай, 2023 жылдың 05 сәуірнен 2023 жылдың 29 желтоқсан айына дейін қолданыста болады.

1.4 Жұмыстың орындалатын жері – Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Центральнаяк. 44 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан ЖК «Иманбеков С.Ш.».

  1. Еңбек шарты.

    1. Жұмыскерге ұзақтығы қалыпты жұмыс уақыты белгіленеді.

    2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

    3. Ұзақтығы қалыпты жұмыс уақыты кезінде Жұмыскерге:

- сенбі және жексенбі екі күндік демалыс күндерімен қоса бес күндік жұмыс аптасы;

- сағат 09:00-дан 18:30-ға дейін сегіз сағаттық жұмыс күні;

- сағат 13:00 мен 14:30 аралығында бір жарым сағаттық түскі үзіліс белгіленеді.

2.4.ҚР Еңбек кодексінің 77-бабының 2-бөлімінде және 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

  1. Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері.

    1. Жұмыскердің Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамаларында көзделген құқықтары болады.

    2. Жұмыскер құқылы:

      1. ҚР Еңбек кодексі мен осы Шартта көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

      2. Жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды талап етуге;

      3. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

      4. Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;

      5. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

      6. Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;

      7. Өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;

      8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

      9. Жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

    3. Жұмыскердің міндеттері ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, жұмыс жоспарларымен, жиналастардың хаттамалық шешімдерімен және Жұмыс берушінің бұйрықтары мен тапсырмаларымен реттеледі.

    4. Жұмыскер міндетті:

      1. Еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;

      2. Еңбек тәртібін сақтауға;

      3. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

      4. Жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

      5. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

      6. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

      7. Келтірілген нұқсанды Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті;

      8. Жұмыскерге Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де міндеттерді атқарды.

  2. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

    1. Жұмыс беруші құқылы:

      1. Жұмыскерлермен еңбек шарттарын Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;

      2. Жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;

      3. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа таратуға;

      4. Еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірілген нұқсанды өтетуге;

      5. Еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;

      6. Жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;

      7. Жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.

    2. Жұмыс беруші міндетті:

      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;

      2. Жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;

      3. Жұмыскерлерді жабдықпен аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;

      4. Жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;

      5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті;жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.

  3. Тараптардың жауапкершілігі.

    1. Осы шарттардың талаптарын бұзғаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен осы шартта көрсетілген жауапкершіліктерге тартылады;

    2. Жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші келесі тәртіптік жауапкершіліктерді қолданады: ескерту: сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

    3. Жұмыскер құқыққа қарсы кінәлі мінез құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін материалдық жауапкершілік арқалайды;

    4. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда жұмыскердің алдында материалдық жауапкершілік арқалайды.

  4. Шартқа өзгеріс енгізу, тоқтату және бұзу.

    1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Еңбек кодексінің 46-бабында көзделген тәртіптер мен жағдайларға сәйкес осы шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы жүзеге асырылады;

    2. Осы шарттың күші келесі жағдайларда тоқтатылады;

      1. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;

      2. Жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

      3. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;

      4. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;

      5. Жұмыскердің басқа жұмыс берушіге ауысуына байланысты;

      6. Жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тарту;

      7. Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген жағдайларыдан басқа, жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын лауазымға тағайындалуы;

      8. Еңбек шартын жасасу тараптарының бұзылуы болып табылады;

      9. Осы шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 50-61 баптарында көзделген негіздер мен тәртәптер тоқтатылады.

  5. Еңбек даулары.

    1. Осы шарт бойынша туындайтын даулар мен сәйкессіздіктер тараптар арасында келісім жүргізу арқылы шешіледі;

    2. Жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссияларының шешімінің орындалмауы бойынша –соттар қарайды.

  6. Өзге де шарттар.

    1. Осы шарт оған тараптар қол қойған және жұмыс берушімен тіркелген сәттен бастап күшіне енеді;





Жұмыс беруші:
ЖК«Иманбеков С.Ш.»

Талдықорған қаласы,

Центральная 44 үй.

Директор___________С.Иманбеков

(қолы)

М.О.
Жұмыскер:
Жылкыбаева Кулжакан Орынбасаровна Төлқұжаттың 021100418

ҚР.ІІМ 11.07.2007ж.

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Жастар шағын ауданы ,77 үй, 37 пәтер.

________________________________


Еңбек шартының бір данасын алдым __________________К. Жылкыбаева