ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 73
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім: Компьютер және дыбыстар | Мектеп: Алишер Наваи | |||
Педагогтың аты-жөні | З. Файзуллаев | |||
Күні | 10.11.2022,11.11.2022 | |||
Сынып: 3 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Дыбысты жазу және ойнату. | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру 3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану 3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау 3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
дыбысты жазу программасын іске қосады | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
компьютерге дыбыстық ақпатаратты ойнату бағдарлама қызметін жазады | ||||
Кейбір оқушылар: | ||||
орындайтын өлеңді әнімен айтып, өз даусыңмен жазады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Жаңа тақырыпқа шолу. Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, бейнефильдерді көруге және компакт-дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады.Компьютерлер бұл әрекеттерді орындау үшін компакт-дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, дыбыс карталарымен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Сұрақтарға жауап береді. | | |
Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қоршаған әлем алуан түрлі дыбыстарға толы. Күннің күркіреуі, жауарлардың дауыстары, жапырақтың сыбдыры және тағы басқалар табиғи дыбыстарға жатады. Ал теледидар, телефон, құлаққап, радио, компьютер, яғни, техникалық құралдар арқылы естіп жүрген дыбыстар-жасанды дыбыстар болып табылады. Дыбысты жазу үшін компьютердің қосымша құрылғылары- микрофон, дыбыс колонкасы, құлаққап керек. Дыбыс Дыбысты жазу (Звукозапись) программасы арқылы жазылады. Оны іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) → Барлық программалар (Все программы) → Стандартты (Стандартные) → Дыбысты жазу командасын орындау керек. Дыбысты жазу программасы ашылғаннан кейін микрофон арқылы дыбысты жазуға болады. Дыбысты жазу терезесінде дыбыс жазуды бастау мен тоқтатуға арналған батырмалар орналасқан. Дыбысты жазып біткенде тоқтату батырмасын бассақ, дыбыстың жазылу уақыты көрсетіледі. Көрсетілім. Дыбысты жазғаннан кейін өшіп қалмау үшін сақтау керек. Дыбысты жазуды тоқтату батырмасын басқаннан кейін дыбысты Сақтау терезесі ашылады. Дыбыс жазылған файлға атау беріп, Сақтау батырмасын басамыз. 1-тапсырма. Медиа плеер құралдарының қызметін жаз. Дескриптор: -компьютерге дыбыстық ақпатаратты ойнату бағдарлама қызметін жазады; -ойнату құрылғының қызметін жазады. ҚБ: жұлдыз Жеке жұмыс. 2-тапсырма. Өз даусыңды жаз. Оқулық 45-бет 2-тапсырма. Дескриптор: -дыбысты жазу программасын іске қосады; -орындайтын өлеңді әнімен айтып, өз даусымен жазады. ҚБ: жұлдыз | Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды 2-тапсырманы орындайды | Жұлдыз Жұлдыз | Интербелсенді тақта / компьютер Оқулық |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик» барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | |
| | | | |