Файл: Денсаулы сатау министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау

комитеті төрағасының

2013 жылғы 23 сәуірдегі

№111 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным

1. Жалпы ережелер

1. Осы әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған.

2. Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет: тырнақты алу, тырнақта лактың болмауы, жасанды тырнақтың болмауы, қолда зергерлік әшекейлер мен сағаттың болмауы.

3. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы әртүрлі объектілермен (аппараттар, аспаптар беті, науқастарды күту заттары, санитариялық-техникалық жабдық, әбзелдер, киім, медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу материалы, медициналық қалдықтар және т.б.) жанасуы кезінде ластанатын қолы болып табылады.

4. Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату және ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе әлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеу қажет.

5. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар:

антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу;

антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу;

қолды хирургиялық дезинфекциялау.

2. Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

6. Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) тамақ өнімдерімен жұмыс істеу, тамақты дайындау және тарату алдында;

2) тамақ ішу алдында;

3) дәретханаға барғаннан кейін;

4) пациентпен тікелей жанасу болмаған кезде (төсек әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау және т.б.) пациенттің күтімі бойынша іс-әрекетті жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;

5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, пациенттің зақымданбаған терісімен (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу және т.б.) жанасқаннан кейін;

6) қол анық ластанған барлық жағдайда; о

7) қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды үстемелеп құюға болмайды;


8) қолды жуу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі;

1) су құбыры кранын ашу;

2) қолды сумен сулау;

3) ылғал қолға сабынды жағу;

4) EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес өңдеу жүргізу (осы әдістемелік ұстанымға қосымша);

5) қолды бір рет қолданылатын сүлгімен немесе бір рет қолданылатын майлықпен құрғату;

6) сүлгіні қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа немесе контейнерге тастау.

3. Антисептиктік қолдану арқылы қолды өңдеу

9) Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу мынадай жағдайларда жүргізіледі.

1) инвазиялық процедураларды орындау алдында және орындағаннан кейін;

2) пациенттің тері жабындыларының тұтастығын бұзатын манипуляциялар жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;

3) жарақаттармен және катетерлермен манипуляциялар алдында және одан кейін;

4) науқастың қанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен, бөлінділерімен жанасқаннан кейін;

5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттермен жанасу алдында және жанасқаннан кейін;

6) жаңа туылған сәбилерді қарау алдында.

10. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу екі сатыдан тұрады: қолды сабынмен және сумен жуу ( 8-тармаққа сәйкес) және қолды тері антисептигімен дезинфекциялау.

11. Антисептикті қолдану арқылы өңдеу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі:

1) осы әдістемелік ұстанымның 8-тармағына сәйкес қолды сабынмен және сумен жуу;

2) қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау ( антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек).

ҚОЛДЫ ТЕРІ АНТИСЕПТИГІМЕН ТАЗАРТУ

Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды антисептикалық түрде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.



3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:

- алақанды алақанмен,

- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,

- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,

- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,

- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,

- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше,

- қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.

-

Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады.

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ

Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды тері антисептикпен тазартып, өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.


7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.

Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.

ҚОЛҒАПТЫ ШЕШУ

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

6. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.