ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым | Мектеп:Мариновка а. №2 ЖОББМ Пәні: қазақ әдебиеті | ||||||||||||||||||
Күні:06.04.2023ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Алпамыс У. | ||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Е.Жүністің "Менің атым-Тәуелсіздік" өлеңіндегі автор бейнесі. | ||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 6.2.2.1. эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау. 6.3.3.1. шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңіндегі автор бейнесін анықтау, , шығармадағы кейіпкер қасиеттерін ашып жазу; Көпшілігі: «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңіндегі автор бейнесін анықтау, шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; Кейбір оқушылар: «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңіндегі автор бейнесін анықтау, шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Талдау, жинақтау, бағалау. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық) | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Диалог құруға/шығарма жазуға пайдалы тіркестер: Алып тұлғалар жылағанын көрдім, Бастарын сүйеп ғасырға, алты жасар бала, тәуелсіздік, Жаралған Күннен Ұл жайлы. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бодандық-отаршылдық, жонарқаммен-қасқайып қарсы тұру, жебеден-садақтың оғынан, құрыштардың шіруі-темірдің шіруі, темір бұғау-отаршылдық сөзінің баламасы. Талқылауға арналған сұрақтар: Ақын неліктен алты жасар бала, алты жасымда деген сөздерді қайталап қолданады? Автордың алты жасында Қазақстан өмірінде қандай тарихи оқиғалар болуы мүмкін? Темір шымылдық түрлерін көрдім, Сахнаға шықты жас өмір!-деген жыр жолдарын қалай түсінеміз? | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, тарих | ||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Е.Жүністің "Менің атым-Тәуелсіздік" өлеңі | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: Тренинг «Менің досымның асыл қасиеті....» Қызығушылықты ояту. «Герб», «Әнұран», «Көк байрақ» тірек сөздері беріледі. Оқушылар осы сөздерді бүгінгі сабақпен байланыстырып айтады. Ықтимал жауап: Әр мемлекетттің ұлттық рәміздері болады. Рәміздер сол елдің мемлекеттік белгісі. Тәуелсіз елдің нышандары осы – рәміздер. Ендеше ,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да ақын Е.Жүністің «Менің атым –Тәуелсіздік» өлеңіне арналады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. | Оқушылар назарын сабаққа аудару. Өз сыныптасының жақсы қасиетін айтып, мадақтайды. Оқушылар осы сөздерді бүгінгі сабақпен байланыстырып айтады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. | ҚБ ҚБ | 6-сынып Қазақ әдебиеті оқулығы | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану. 1-тапсырма. Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі тыңдалады. 1.Өлең қалай әсер етті? 2.Өлеңнен алған әсеріңді екі сөйлеммен жаз. Дескриптор:
ҚБ 2-тапсырма. Автор өлеңінде қайталанып келетін сөздердің мәні қандай? Автор неліктен қайталайды? Ақынның айтары не? Алып қорғанның құлағанын көрдім, Небары алты жасымда, Алып тұлғалар жылағанын көрдім, Бастарын сүйеп ғасырға. Алып таулардың шайқалғанын көрдім, Алты жасымда соны ұқтым: Алып сөздерді айта алғанын көрдім, Ат төбеліндей халықтың. Алып кітаптар торыққанын көрдім, Сол сәтте-ақ одан безінгем, Алып ойлардың қорыққанын көрдім, Ең бір нәзік сезімнен. Алып сағаттар тоқтағанын көрдім, Өлшенді уақыт жаңадан, Алып жүректер ақталарын көрдім, Алты-ақ жасар баладан. Алып құрлықтар теңселгенін көрдім, Темір бұғаулар тозғасын, Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім – Империяның көз жасын! Алып мұхиттар толқығанын көрдім, Бір тамшы суға байланып, Алып тәждердің балқығанын көрдім, Елтаңбаларға айналып. Алып мүсіндер қирағанын көрдім, Сұлаған жаудай жебеден, Алып саналар жиналарын көрдім, Тұрғызу үшін жаңа әлем!
ҚБ 3-тапсырма. Оқушылар өлең жолдарындағы негізгі ойды, ақынның айтқысы келген ойын анықтаңдар, қазіргі заманмен салыстырыңдар. Жылаған жоқпын, Сұраған жоқпын анамнан, Сол күні жаңа әнұран айтып оралған, Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын, Ұл жайлы күннен жаралған, -деген жолдарда автордың айтқысы келген ойын жазыңдар.
Дескриптор:
ҚБ Автор бойындағы қасиеттерді негізге ала отырып, эссе жазыңыз (80-100 сөз). Дескриптор:
ҚБ «Автор орындығы». Үздік жұмыстар оқылады. | Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі тыңдалады. Оқушылар өлеңнен алған әсерін екі сөйлеммен жазады. Сұрақтарға жауап береді. Автор бейнесін анықтайды. Өлең мазмұнын біледі; Сұрақтарға жауап беру арқылы кестені толтырады. Оқушылар өлең жолдарындағы негізгі ойды, ақынның айтқысы келген ойын анықтаңдар, қазіргі заманмен салыстырыңдар. Жеке жұмыс Үздік жұмыстар оқылады. | ҚБ ҚБ ҚБ ҚБ | 6-сынып Қазақ әдебиеті оқулығы https://bilim-all.kz/olen/145 | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақтың тақырыбы бойынша ауызша кері байланыс жасалады. Ерлан Жүніс «Менің атым- Тәуелсіздік»өлеңін оқу барысында біз үшін қызық, қиын, құнды болған тұстарды жазып, ой қорытайық. Үйге тапсырма: «Ақын өлеңі маған қандай ой салды?» тақырыбында эссе жазу | | |||||||||||||||||
Үй жұмысы | Өлеңді жаттау | | |||||||||||||||||
Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? | Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||
| | | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме? Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге? | | ||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |