Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі мектепке дейінгі балалы ша республикалы орталыы ерте жастаЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 197

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ

(1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ)

БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫ

АСТАНА 2010

УДК 372.3/.4

ББК 74.102

Н 70
Құрастырушы-авторлар: Б.Ж. Ноғайбекова, И.А. Тирская, Г.К. Мақсұтова
Рецензенттер:

Л.Т. Искакова - п.ғ.к., доцент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Ш.Н. Ергешбаева - п.ғ.к., доцент, ОҚО ПБАИ директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары
Н 70 Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 88 б.
ISBN 9965-810-47-8
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.

Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

«Алғашқы қадам» бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, ата-аналарға, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

УДК 372.3/4

ББК 74.102
ISBN 9965-810-47-8
  1. ©«Мектепке дейінгі балалық шақ»

  2. республикалық орталығы, 2010



МАЗМҰНЫ


1

Түсіндірме жазба

4

2

1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

7

3

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама

Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама

11

4

Күн тәртібінің үлгісі

14

5

«Денсаулық» білім беру саласы

15

6

«Қатынас» білім беру саласы

19

7

«Таным» білім беру саласы

26

8

«Шығармашылық» білім беру саласы

32

9

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

35

10

Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

37

11

Мерекелер мен ойын-сауықтар

39

12

2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі І сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама

Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама

40

13

Күн тәртібінің үлгісі

43

14

«Денсаулық» білім беру саласы

44

15

«Қатынас» білім беру саласы

47

16

«Таным» білім беру саласы

53

17

«Шығармашылық» білім беру саласы

59

18

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

64

19

Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

66

20

Баланы қарапайым еңбек іс-әрекетіне қатыстыру

69

21

Мерекелер мен ойын-сауықтар

71

22

Ата-аналармен жұмыс

72

23

Әдебиеттер

74

24

Қосымша:

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

75

25

2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптары

80



ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері осы жаста қалыптасатындықтан, ересектердің балаларға тікелей әсер етуі ерекше болады.

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы отандық мектепке дейінгі педагогика және ерте жастаға балаларды тәрбиелеу мен оқыту тәсілдері тәжірибесіне негізделеді, сондай-ақ «Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасы» мазмұны мен базалық принципіне сүйенеді.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.

Бағдарламада екі-үш жастағы баланың дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша нұсқаулар берілген. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардағы және отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулары ұсынылады.

Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды, көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, бағдарламада берілген осы жастағы балаларға арналған күн тәртібі уақытты есепке алу арқылы ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалық және мазмұнды-тәрбиелік бағытты қамтамасыз ету есебінде құрылады. Баланың танымдық іс-әрекеті икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс.

Маңызды орын бағдарламада оның құрылымдық компоненттері мен мазмұнын тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі.

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, «Алғашқы қадам» бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші бөлімдері мен өзінің мақсатты бағыттары бар.



Білім беру салаларының мазмұны:

- денсаулық сақтау;

- коммуникативті-тілдік;

- танымдық;

- шығармашылық;

- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.

«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;

- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Қатынас» білім беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, белсенді және белсенді емес сөздік қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Шығармашылық» білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- желімсіз жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


«Әлеуметтік орта» білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп күрделендіру тізбесінен тұрады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды себеп түрінде қарастырылады.

Білім беру салаларының барлық бөлімдері бағдарламалық материалдарды меңгеру көрсеткіштері тізімімен аяқталады.

«Алғашқы қадам» бағдарламасында мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының нақты жағдайлары, өңірлік компонентті ескере отыра, педагогикалық үдеріс мазмұнына түзету енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бағдарлама қосымшасында барлық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыптарының үлгісі берілген. Педагогке топтағы педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға шығармашылықпен қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарламада ұзақтығы 7-15 минут болатын 7-9 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) берілген. Ерте жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекеті шағын топтағы ойын түрінде жүргізіледі. Бағдарлама бала әрекетінің барлық түрлерінің психологиялық жайлы болуын қарастырады.

Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапалы жаңа жолдарын көрсетеді және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үдерісінде ғана емес күн бойында күнделікті балаларға педагогикалық ықпал жасауды да қамтиды.

«Алғашқы қадам» бағдарламасында тұлғалық-бағдарлы, балаға жекелей қарау, тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отыра ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін дамытуға басты орын берілген.

Ерте жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «Алғашқы қадам» бағдарламасының мазмұны тәрбиешінің осы бағдарламадағы әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жетістікке жетеді.

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама түсінік хаттан, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасынан, күн тәртібінің үлгісінен, бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін іске асыратын базалық мазмұнынан тұрады:


- «Денсаулық» білім беру саласы - дене шынықтыру;

- «Қатынас» білім беру саласы - тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру;

- «Таным» білім беру саласы - сенсорика, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру;

- «Шығармашылық» білім беру саласы - сурет салу, мүсіндеу, желімсіз жапсыру, музыка;

- «Әлеуметтік орта» білім беру саласы - балалардың барлық іс-әрекет түрлері.

1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

- бала денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, жан-жақты дамуына қамқорлық жасау;

- топта тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынасын құру;

- осы жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;

- тәрбиелеу және оқыту процесстерін шығармашылықпен ұйымдастыру;

- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;

- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.

Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында ұйымдастырылады.

Педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады:

1. ҚР МЖМБС 1.001-2009 базалық оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

2. Балалардың өмірі мен тәрбиесін күн тізбелік кезеңдерінде, еркін дербес қозғалыс іс-әрекеттерінде, ойында, ересектермен көркем-тілдік іс-әрекетте ұйымдастыру.

Ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін тұтастай және оның әрбір элементін нақты орындау, топта жарыққа, ауаға, температуралық режимге, жиһаздар мен жабдықтарды іріктеу мен орналастыруға қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптар негізгі болып табылады.

Сергектік уақытында баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой, дене және эмоционалдық жүктемелерді, сонымен қатар толық демалуды қамтитын әрекет түрлерін орынды кезектестіру қажет.

Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, сергіту жаттығуларына және музыкалық үзілістерді өткізуге уақыт бөлінуі тиіс.