Файл: 1. Кзді ашып тшкіру ммкін емес.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес;

2. Ұшақта шашыңыз 2 есе тезірек өседі;
3. Лимон құрамында құлпынайдан да көп қант болады;
4. Адамның ДНҚ-сының 30 %-ы салат ДНҚ-сымен сәйкес келеді;
5. Пияз турап жатырғанда сағыз шайнасаңыз, көзіңіз жасаурамайды;
6. Алтынның 1 граммы ұзындығы 3,5 км сымды тарта алады;
7. Тарақан бассыз 3 күн өмір сүре алады, содан кейін аштан өліп тынады;
8. Адамдардың 97 %-ы сол жақ шұлықтарын оң жағына қарағанда бірінші киеді;
9. Леонардо да Винчи Мона Лизаның ернін 12 жыл салған;
10. Уинстон Черчиль дискотекада әйелдер дәретханасында дүниеге келген;
11. Бір жылда 31 557 600 секунд бар;
12. 1111111 х 1111111 = 1234567654321
13. Егер стақанға 80 жыл бойы айқайласа, оны қайнатуға болады;
14. Әлемдегі ең қымбат ойыншық—Hello Kitty-дің бағасы $167 000;
15. Бір миллиард секунд – бұл шамамен 37 жыл.
16. Windows-та «Con» атауымен бума (папка) ашу мүмкін емес, Билл Гейтсті бала кезден осылай мазақтаған екен;
17. Окинава аралында жасы 100-ден асатын 500-дей адам тұрады;
18. Сүйістің ғылыми атауы – филематология.
19. Адамның қарашығы өзіне ұнайтын нәрсеге қарағанда 45%-ға үлкейеді;
20. Эйфель мұнарасына көтерілу үшін 1.792 баспалдақтан өтуге тура келеді
.

21. Күнделікті тігін тіккенде немесе шаш қысқартуда пайдаланылып жүрген кәдімгі қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан.

22. Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.

23. Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар АҚШ-тағы ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардан да көп.

24. Біздің құлағымыз бен мұрнымыз өмір бойы өсуін тоқтатпайды.

25. Түйеқұстың миынан көзі үлкен.

26. Ақ аюдың терісінің түсі негізінде қара түсті.

27. Ақ аюлардың барлығы солақай болады.

28. Қолтырауын тілін шығара алмайды.

29. Тіл — адамның денесіндегі ең мықты бұлшық ет.

30. Ең алғаш машинкамен жазылған роман «Том Сойердың басынан кешкендері».

31. Пілдер — секіре алмайтын жалғыз хайуан.

32. Грецияның әнұраны 158 шумақтан тұрады.

33. Жолбарыстың тек жүндері емес, терісі де ала болады.

34 . Орта есеппен адам жеті минутта ұйықтайды.

35. Ер адамдар күніне орташа есеппен 7000 сөз қолданатын болса, әйелдер 20000 сөз қолданады екен.

36. Делоникс Королевский әлемдегі ең биік гүл екен.

37. Әлемдегі тарихи өте құнды сақина Сүлеймен патшаның сақинасы екен, онда «бәрі де өтеді де, кетеді» деген жазу бар.


38. Адамның жүрегі тәулігіне 100 мың рет соғады екен, орташа есеппен жылына 40 млн рет соғады. Жүректің күнделікті жұмсалатын энергиясы 900 кг ауыр салмақты көтере алады және 14 м биіктікті бағындырады. Осы кездегі адам жүрегінің ұзындығы 5 шақырым болатын каналға қан толтырып қойса, жылы температурада ұстап тұра алады. 50 жастағы адам жүрегінің жұмысы 18 мың тонна салмақты және 227 шақырымға тең келеді екен.


1. Химиядан халықаралық олимпиадасы (IChO);

2. Биологиядан халықаралық олимпиадасы (IBO);

3. Қ. Сәтбаев атындағы 9 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша олимпиада;

4. «Үздік педагог» республикалық және облыстық конкурсы;

5. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы;

6. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы;

7. WorldSkills International» халықаралық чемпионаттары;

8. «WorldSkills Europe» халықаралық чемпионаттары;

9. «WorldSkills Asia» халықаралық чемпионаттары;

10. «WorldSkills» өзге елдердегі халықаралық чемпионаттары.

11. 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы;

12. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы (ғылыми конкурс);

13. «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы».

14. «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының бүкілресейлік олимпиадасы;

15. «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы;

16. «MOSTRATEC» халықаралық ғылыми конкурсы;

17. 0-12 сынып оқушыларына арналған Қазақстан-Британ техникалық университетінің Республикалық пәндік олимпиадасы;

18. Сүлейман Демирель атындағы университеттің мектептері мен колледждері түлектерінің арасында бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға арналған «SPT» олимпиадасы;

19. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 11 (12) сынып оқушылары арасындағы «Абай сыйы» республикалық пәндік олимпиадасы;

20. Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 11(12) сынып оқушыларына арналған «Яссауи» республикалық олимпиадасы;
Биология сабағында қолданылатын рефлексия түрлері

1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.

Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.

1 Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис):

Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына байланысты болуы мүмкін.


2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.

3. Think wane (синквейн) 5 жолдық

Бірінші жол- тақырып атауы;

Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;

Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;

Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;

Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.

Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.

4. «Баспалдақ». Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды.

5. «Ақылдың алты қақпағы» материалды әр түрлі қырынан сипаттайды.

6. «Тірек сөздер». Тақтаға тірек сөздер жазылады, сол сөздерден сөйлемдер құрау.

2. көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;

Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген.

1. «Пейзаж–көңіл күй айнасы» әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, ағылшынша бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.

2. «Түсті карточкалар» оқушыларда екі карточка: көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.

3. «Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.

4. «Күншуақ»: оқушылар барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

5. «Көңіл-күй гүлшоғыры». Оқушыларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.

6. «Қайық». Оқушылар түсті кемелерге өз туларын жабыстырады: қызыл –сабақ ұнады, жасыл –қызықсыз, қара- сбақ ұнаған жоқ.

7. «Алма ағашы». Сары және жасыл түсті алмалардың ұнаған түсін таңдар іледі.

8. «Рефлексивті нысана». Тақтадағы нысана арқылы өзінің, сыныптастарының, мұғалімнің іс-әрекетін бағалайды.

9. «Термометр». Өз эмоциясын, тақырыптың қызықтығын, сабақтың өту барысын бағалайды.

10. «Гномиктер»


1.Жасушалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім

А) Цитология В) Ботаника С) Генетика Д) Биология Е) Зоология

2.1831 жылы ағылшын ботанигі кім микроскоппен жапырақтың құрылысын қарап, жасуша ішіндегі тығыз түзілісті көріп, оны ядро деп атаған?

А) Р. Вирхов В) Т. Шванн С) Р. Браун Д) Н. Грю Е) Р. Гук

3.Әртүрлі жануарлардың жасушаларын зерттеп, ядро тек өсімдіктерде ғана емес, жануарлардың жасушаларында болатынын дәлелдеген ғалым

А) М. Шлейден В) Т. Шванн С) Р. Вирхов Д) Р. Гук Е) Я. Пуркине

4. Жасушаның құрамында шамамен неше элемент болады?

А) 50 В) 60 С) 70 Д) 80 Е) 110

5. Макроэелементтердің екінші топшасындағы элементтерді көрсет

А) сутек, оттек В) көміртек, азот С) калий, кальций Д) натрий, оттек Е) сутек,азот

6. Көптеген моносахарид қалдықтарынан түзілген күрделі көмірсулар

А) моносахаридтер В) дисахаридтер С) липидтер Д) фосфолипидтер Е) полисахаридтер

7. Барлық тірі организмдерде болатын және биологиялық катализаторлар рөлін атқаратын ерекше нәруыздар

А) липидтер В) ферменттер С) моносахаридтер Д) полисахаридтер Е) дисахаридтер

8. Мембраналы органоид-

А) рибосома В) жасуша орталығы С) цитоплазма Д) митохондрия Е) лизосома

9.Ұсақ, ұзындау келген, диаметрі 0,2-0,8мкм, бір мембранамен қапталған денешіктер

А) рибосома В) гольджи жиынтығы С) лизосома Д) цитоплазма Е) митохондрия

10. Хлоропаластар-

А) жасыл түсті, пішіні сопақшалау келген пластидтер В) майда шар тәрізді денешіктер

С) өсімдіктердің жерасты бөліктеріндегі пигменті жоқ, түссіз пластидтер

Д) гүл күлтелерінде, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, тамыр жемістерге қызыл, сары түс береді.

Е) Сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы

11. Шырыны құрамында түрлі нәруыздар, бос нуклеотидтер, аминқышқылдары т.б заттар бар гель тәрізді сұйықтық

А) цитоплазма В) ядро С) вакуоль Д) рибосома Е) жасуша қабықшасы

12. Ядроны ашқан ғалым.

А) Я.Пуркине В) Р.Броун С) А.Левенгук Д) М.Шлейден Е) Т.Шванн

13. Энергияның бөлінуі және жинақталуы жүзеге асырылатын жоғары молекулалы қосылыстардың ыдырау реакцияларының жиынтығы

А) анаболизм В) гетеротрофтар С) катаболизм Д) автотрофтар Е) фототрофтар

14.Жасушадағы энергияның алмасуының неше кезеңі бар?

А) 3 В) 4 С) 5 Д) 6 Е) 7

15. Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы: A) Ядро шырынында. B) Ядро қабықшасында. C) Ядрошықта.