ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 187
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні | Физика | |
Бөлім: | Кинематика негіздері | |
Педагогтің аты-жөні | Шыныкеева Ж.К. | |
Күні: | | |
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.2.1.13 – дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау; 9.2.1.14 – сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану | |
Сабақтың мақсаты | Шенбер бойымен қозғалысты сипаттау және есептер шығаруда қолдану |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақ тың басы 5мин | Оқушыларды түгендеу Дайындықтарын қадағалау | Сабаққа уақытылы қатысу | | |
Сабақ тың ортасы 15 мин | 1.Бейне сабақ арқылы жаңа сабақты түсіндіру Қысқаша Тезист конспект Жердің Күнді айнала қозғалысы кисықсызықты болып табылады. Велосипед немесе автомобиль доңғалақтарындағы нүктелер де кисық сызық бойымен қозғалады , т.с.с. Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты қозғалысы, оның түзусызықты қозғалысы кезіндегі орын ауыстыру, жылдамдық және үдеу сиякты кинематикалық шамалар арқылы сипатталады. Дененің қисық сызықты трактория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады. Дененің қисықсызықты траекторияның кез келеген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады. Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі. Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі Гц-пен өлшенеді Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Өлшем бірлігі | Оқушылар қисықсызықты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін дәптерлеріне жазады. | Ауызша және жазбаша кері байланыс арқылы, түсіну дәрежеле рін анықтау | оқулық |
Тапсырма_№1'>Бекіту 18мин | Тапсырма №1 Поездың жылдамдығы 72 км/сағ Радиусы 1,2 м локомотив дөңгелегі минутына қанша айналым жасайды.? Тапсырма №2 Бұрыштық жылдамдығы 4 рад/с дөңгелек қандай уақыттың ішінде 100 айналым жасайды ? | Тапсырманы оқушылар дәптерлеріне шығарып орындайды. | Тапсырма бойынша балл қойылады. 10балл- 100% | |
Сабақ тың соңы Үйге тапсырма 2 мин | Егер дөңгелектің радиусы 30 см доңғалағы 1с ішінде 10 айналым жасаса ,оның қозғалыс жылдамдығы қандай ? | Оқушылар тапсырманы сабақтан кейін орындап, WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы салып жібереді. | | |
Бағалау | Оқушының сабаққа уақытылы қатысуына қарай, үй тапсырмасын орындау деңгейіне қарай,сабақ кезіндегі тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай, есеп шығару қабілеттеріне қарай 10 балдық жүйемен бағаланады. | | | |
Кері байланыс | Не білдім? Не білігім келеді? | | |
Дескриптор
Тапсырма№ | Критерийдің сипаттамасы | Балл |
Жаңа тақырыпты меңгеру Тезис конспект | Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, қисықсызықты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін дәптерлеріне жазған | 1 |
Тапсырма№1 | Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. | 1 |
SI жүйесіне дұрыс аударылған | 1 | |
Формулалар дұрыс жазылған | 1 | |
Математикалық есептеулер дұрыс . | 1 | |
Жауап дұрыс жазылған. | 1 | |
Тапсырма№2 | Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. | 1 |
Формулалар дұрыс жазылған. | 1 | |
Формуланы түрлендірген | 1 | |
Математикалық есептеулер дұрыс . Жауап дұрыс жазылған. | 1 | |
| Жалпы | 10 |
Пәні | Физика | |
Бөлім: | Кинематика негіздері | |
Педагогтің аты-жөні | Нарбаева Н.С. | |
Күні: | | |
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Дененің еркін түсу үдеуі, еркін түсу үдеу. | |
Сабақтың номері | №6 | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.2.1.15 центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар : Центрге тартқыш үдеу жайлы мағлұмат біледі; Центрге тартқыш үдеу формулаларын есеп шығаруда қолдана біледі; Көпшілік оқушылар: Центрге тартылатын күш пен центрге тартылатын үдеудің бағытын біледі; Центрге тартқыш үдеу түсінігін қалыптастырып, формуласы біледі. Кейбір оқушылар:Центрге тартқыш үдеуге өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5мин | Оқушыларды түгендеу Дайындықтарын қадағалау Үй тасырмасын тексеру
Оқулық.физика 9 – сынып 1.Башарұлы Р.§6,30-32 беттер 2.Қазақбаева .Д.§9,36-39 беттер. 3.Закирова Н.§7,44 -47 беттер | Сабаққа уақытылы қатысу | | https://www.youtube.com/watch?v=0yAVZAB-SgM |
Сабақтың ортасы 15 мин | 1.Бейне сабақ арқылы жаңа сабақты түсіндіру Қысқаша Тезист конспект Центрге тартқыш үдеу - шеңбер радиусының бойымен, оның орталығына бағытталған, шеңбер бойымен қозғалатын нүкте үдеуінің құраушысы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталатын үдеу центрге тартқыш үдеу деп аталады. Үдеу векторы материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалу жылдамдығына перпендикуляр болады. сол себепті центрге тартқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды. | Оқушылар центрге тартқыш үдеу теңдеулерін дәптерлеріне жазады. | Ауызша және жазбаша кері байланыс арқылы, түсіну дәрежелерін анықтау | https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14251103580271039958&text |
Бекіту 18мин | 1.Тапсырманы onlinemekteр-те ұсыну. 2.Интернет қолжетімді емес оқушылар үшін Тапсырма №1 Автомобиль қисықтық радиусы 50 м бұрылыста модулі 10 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Автомобильдің үдеуін анықтаңыз? Тапсырма №2 Жердің жасанды серігі дөңгелек орбита бойымен 630 км биіктікте қозғалады.Оның айналу периоды 97,5 минут.Жердің радиусы 6370 км деп алып , осы ЖЖС ,ның сызықтық жылдамдығы мен центрге тартқыш үдеуін анықтаңыздар. ЕБҚ оқушылары суретбойынша берілген тапсырманы үлгіге сүйеніп орындай алады. | 1.Тапсырманы onlinemekteр-те орындайды. 2. Тапсырманы оқушылар дәптерлеріне шығарып орындайды. ЕБҚ оқушыға қолдау (топ мүшелері түсіндірген жағдайда) | Тапсырма бойынша балл қойылады. 10балл- 100% | https://yandex.kz/video/preview/?filmId |
Сабақтың соңы Үйге тапсырма 2 мин | Автокөлік радиусы 100м айналма жолмен 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңыздар. | Оқушылар тапсырманы сабақтан кейін орындап, WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы салып жібереді. | Барлығы 10 б | |
Бағалау | Оқушының сабаққа уақытылы қатысуына қарай, сабақ кезіндегі тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай, есеп шығару қабілеттеріне қарай 10 балдық жүйемен бағаланады. | | | |
Кері байланыс | Орындалған тапсырмаларын оқушылар Kundelik.kz , онлайнмектеп , WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы жібереді. | | |
Түзусызықты қозғалыс пен айнымалы қозғалыстың кинематикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтар кестесі
№ | Түзу сызықты қозғалыс | Айналмалы қозғалыс |
1. | x - координата | φ – бұрыш |
2. | - сызықтық жылдамдық | - бұрыштық жылдамдық |
3. | | |
4. | | |
5. | | |
6 | | |
Дескриптор.
Тапсырма№ | Критерийдің сипаттамасы | Балл |
Үй тапсырмасы |
| 1 |
| 2 | |
Жаңа тақырыпты меңгеру Тапсырма№1 | Сабақтың күні мен тақырыбы жазылған, Центрге тартқыш үдеудің математикалық формуласы жазылған | 1 |
Есептің берілгені дұрыс жазылған, физикалық шамалар әріптермен көрсетілген. | 1 | |
Формулалар дұрыс жазылған | 1 | |
Жауабы дұрыс | 1 | |
Тапсырма№2 | SI жүйесіне дұрыс аударылған | 1 |
Формулалар дұрыс жазылған | 1 | |
| Математикалық есептеулер , жауабы дұрыс . | 1 |
| Жалпы. | 10 |
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: | Динамика негіздері | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Ньютонның бірінші заңы, инерциялық санақ жүйелері | |
Сабақтың номері: | № 18 | |
Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары | 9.2.2.1- инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: инерция құбылысын түсінеді Басым бөлігі: инерция, инерттілікке мысалдар келтіреді Кейбір оқушылар: инерция, инерттілікке тәжірибе жасай алады. |