Файл: Практикалы саба 15 Таырып 15. оршаан орта сапасын нормалау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі атмосфераның ластануының көрсеткіші болатын атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, қыс кезінде атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді мекендер мен өнеркәсіп объектілерінен ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.
Су ресурстарының сапалық күйінің мониторингі- жер үсті және жер асты сулары сапасының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Топырақ жай-күйінің мониторингі.Топырақ жай-күйінің мониторингі-елді мекен жерлерінде, суармалы аумақтар мен ауылшаруашылығы алқаптарында топырақтың техногендік ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Метеорологиялық мониторинг мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ауа-райы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді метеорологиялық, агрометеорлогиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық құбылыстардыі туындау ықтималдылығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер үстінің физикалық параметрлеріне,метеорологиялық , оның ішінде актинометрикалық, жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудың кешенді жүйесі. Метеорологиялық мониторинг деректерінің негізінде климаттың және Жердің озон қабатының мониторингін жүргізу жүзеге асырылады.
Радиациялық мониторинг қоршаған ортаның объектілері мен аумақтардың техногендік және табиғи радиоактивті ластануына бақылау жасау жүйесі.
Трансшекаралық ластаулар мониторингі.Трансшекаралық ластаулар мониторингі- трансшекаралық сулар мен ауаның трансшекаралық ластануының, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді болғызбау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-күйіне шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.
Фондық мониторинг қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Қоршаған ортаны қорғау. қоршаған ортаның ластануы. Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі бегілері бойынша жіктеледі:
- Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);
- Пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орынының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашшыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
- Әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
- Қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әртүрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жерасты сулары, өзен сулары және т.б.);
- Әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауылшаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
- Әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.);
- Әсер теу периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
- Тұрақтылық дәрежесіне бойынша:өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі,, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қос тотығы, озон қабатындағы фреон).
Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болыпотыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірттің қос тотығы коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер тетеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды
, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.
Қоңыр көмірді жағудың нәтижеснде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкеніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.
Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магни элементтерінің көбеюіне себеп болады. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауыттарының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсулығына қауіп төнуі мүмкін
Қазіргі кезде біз қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз: Физикалық ластану – радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, жылу, шулар және тербелістер. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
-
ластаушы заттардың таралуы; -
ластағыштардың биомассаға енуі; -
ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушшы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулыққа зиян.
Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі кезде глобальды экологиялық мәселелерді туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған «Жылу эффектісі», «Озонның жұқаруы», «Қышқыл жауындар», «Фотохимиялық тұмшалар» және осылардың әсерінен туындайтын аурулар.