Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 6сынып 20192020 оу жылы Тосанды жиынты баалауды масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
6-сынып
2019-2020 оқу жылы

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
3. Күтілетін нәтижелер

Тыңдалым:

білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Айтылым:

талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.

Оқылым:

білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады.


Жазылым:

білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары

ның деңгейі

Тапсырмалар сипаттамасы

Сұрақтар түрі

Тыңдалым

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

  • тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

  • негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • тыңдалым материалдарының мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді;

  • тірек сөздер, жетекші сұрақтарға сүйеніп, негізгі ойды анықтайды;

  • тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

Бір және көп таңдауды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


Оқылым


  • мінездеме, өмірбаянның стильдік ерекшеліктерін анықтайды;

  • орта көлемді шығармалардың мазмұнын түсінеді;

  • тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

  • мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады;

  • мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды;

  • өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады.

Бір және көп таңдауды, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым

және тілдік бағдар


  • мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян құрастырады;

  • абзацты жүйелі құрастырып, тақырыпқа сай эссе жазады;

  • теңеу, эпитет сөздерін қолданып, суреттеу мәтінін жазады;

  • сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;

  • үндестік заңын ескеріп, қосымшаларды орынды жалғайды;

  • сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады;

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым


  • тақырып бойынша диалогке қатысады;

  • сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады;

  • тірек сөздерге сүйеніп, суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады;

  • коммуникативтік жағдаят бойынша ойды түсініп, толықтырып отырады.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар





5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.





1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30
Тапсырма түрлері

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тап

сырма

Қамтылатын

мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырмалар түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

6.5.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау
6.5.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші тапсырмада бір жұрыс жауапты таңдайды. Үшінші тапсырмада негізгі және қосымша ақпаратты ажыратады. Төртінші тапсырмада мәтіндегі ойды өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.

Бір және көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


10

5


1-2

6.3.2.1 ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (мінездеме)


Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты мінездемені оқиды. Мінездеменің жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне қатысты бірінші, екінші тапсырмаларады орындайды.


Бір және көп таңдауы бар сұрақтар



10

5

1

6.4.1.1 мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу
6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген тақырыпта отбасы мүшесіне арнап мінездеме жазады. Жазба жұмысында оқушының мінездеменің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтауы, сөздерді орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазуы назарға алынады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру


Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек).

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

10

Барлығы:

40 минут

30 балл



«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 3 минут беріледі)

Балл саны - 30

Отан отбасынан басталады

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Таулар сыры
Тыңдалым тапсырмалары :

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

  1. Отан, отбасы, бала, тәрбие,

  2. Отан, бала, мақал-мәтелдер

  3. Отан, ұлттық дәстүр, ұя

  4. Отан, әке, тәрбие, Әл-Фараби

[1]
2. «Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.

  1. Барлық адамдар отбасынан шыққан.

  2. Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.

  3. Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.

  4. Отанның келешегі отбасында қаланады

[1]

3. Берілген сөйлемдердің қайсысы негізгі және қосымша қапарат екенін ажыратаңыз.


Сөйлемдер

Негізгі

Қосымша

  1. Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта.







  1. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады.







[2]
4. Отбасындағы тәрбиеге қатысты өмірден мысал келтіріңіз.

________________________________________________________________________________

[1]

Оқылым

Семей қаласының «№21жалпы орта білім беретін мектептің» 6»Б» сынып оқушысы

Асқаров Арлан Қалибекұлына

мінездеме

Асқаров Арлан Қалибекұлы 2014 жылы 15 ақпанда туған. 2014 жылдан бастап №21 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми – зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.