Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 6сынып 20192020 оу жылы Тосанды жиынты баалауды масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 108
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Ә мәтіні
Алаш елін әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанады.
Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетіңіз.
-
Әуесқой боксшылар -
Олимпиада жеңімпаздары -
Сиднейдегі жеңіс -
Әлем чемпиондары -
Бокс жаттықтырушылары
[1]
2. Әр мәтінге тиісті ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Мәтіндер | Ақпараттар | Сәйкестендіру |
А мәтіні |
| А мәтіні .... Ә мәтіні .... |
Ә мәтіні |
[2]
3. Мәтіндер қандай сипатта жазылған?
-
Пайымдау және талқылау -
Баяндау және сипаттау -
Талқылау және сипаттау -
Сипаттау және суреттеу -
Әңгімелеу және баяндау
[1]
4. А мәтініне ғана тиісті ақпаратты көрсетіңіз
-
Әлем чемпионы -
Олимпиада чемпионы -
Түркістан қаласы -
Сидней жеңісі -
Серік Қонақбаев
[1]
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында сөздердің орфографиялық, үндестік заңдарына сай жазылуына, сөйлем соңындағы тыныс белгілердің орынды қойылуына мән беріңіз.
[10]
-
Мен қандай мамандық иесі болғым келеді? -
Біздің жерімізде қандай қазба байлықтары бар? -
Олимпиада жеңімпаздарымен мақтанамыз!
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура, ауыспалы мағынадағы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
[10]
Ұсынылатын тақырыптар
-
Менің сүйікті спортшым. -
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалар. -
Еліміздің қазба байлықтары. -
Болашақта өте қажет болатын мамандықтар.
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Тапсырма | Жауабы | Балл | Қосымша ақпарат |
Тыңдалым | |||
1 | a | 1 | Әр дұрыс жауапқа 1 балдан |
2 | d | 1 | |
3 |
| 1 1 1 | |
Оқылым | |||
1 | b | 1 | Әр дұрыс жауапқа 1 балдан |
2 | А мәтіні: a, c Ә мәтіні: b, d | 2 | Әр 2 дұрыс жауапқа 1 балдан |
3 | b | 1 | Әр дұрыс жауапқа 1 балдан |
4 | a | 1 |
Жазылым
Балл | Мазмұны (5 балл) | Тіл сапасы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. | Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. | Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 | Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. | Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
2 | Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. | Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. |
1 | Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. | Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы (5 балл) | Сөз қолданысы (5 балл) |
5 | Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. | Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
4 | Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
3 | Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. | Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
2 | Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
1 | Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. | Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны - 30
Тапсырма түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | *Тапсырмаларға сипаттама | *Тапсырма лар түрлері | *Орындау уақыты, мин | Балл | ||
1-5 | 6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 110-130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді. Төртінші тапсырмада мәтінді тыңдау барысында берілген ақпараттардың «шын», «жалған» екенін табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. | Бір және көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | 10 | 5 | ||
1- | 6.3.1.1 мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-150 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада берілген тұжырымдардан негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетеді. Екінші және үшінші сұраққа жазбаша жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды. | Бір және көп таңдауы бар сұрақтар | 10 | 5 | ||
1 | 6.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу 6.5.2.1 жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында теңеу, эпитет сөздерін қолданып, сөйлемді дұрыс құрылымдауын, тақырыптан ауытқымауын назарға алады. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 20 | 10 | ||
1 | 6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру | Тапсырма жеке орындалады. Оқушыға бөлімдерге қатысты суреттер беріледі. (суреттерді оқушы өзі таңдайды). Оқушы сурет бойынша нұсқаумен танысып, ауызша әңгіме құрастырады. Баяндау тиімді болуы үшін байланыстырушы сөздерді қолданады. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Айтылым сабақтан тыс уақытта алынады, әр білім алушыға 2 минут беріледі. | 10 | ||
Барлығы: | 40 минут | 30 балл |
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Абайды оқы, таңырқа!
Қазақ ұлттық қолөнері
Өлкені сипаттау өнері
Саяхат және туризм
Тыңдалым
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.
-
Қар, үсік, аяз, боран -
Ақ киім, тамақ, үй -
Адамдар, білім, еңбек -
Зерттеу, адамдар, күш
[1]
2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
-
Көктем мезгілі -
Жаз мезгілі -
Қыс мезгілі -
Күз мезгілі
[1]
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
Мәтіндегі ақпараттар | Шын | Жалған |
| | |
| | |
| | |
[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
Сөздер: алмастырады, алады, оқытады, шайқалды /
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй__________________.
[1]
5. Сұраққа жауап беріңіз.
Автор аязды қалай суреттейді?
_______________________________________________________________
[1]
Оқылым
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау