Файл: 64 мектеплицей Жмабек Назерке.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

64 мектеп-лицей

Жұмабек Назерке

10 «А» сынып оқушысы

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар міндеттелетін азаматтық құқықтық жауапкершіліктер.

Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Құқық

Жетекші: Бекназарова Дина Омаровна

Тарих және құқық пәні мұғалімі

Нұр-Сұлтан қаласы-2021 ж

Аннотация

Тақырыптың өзектiлiгi:Демократиялық  мемелекет құруға бағыт алған тұста сыбайлас жемқорлықтың болуы қоғамның тұрақты дамуына қатер төндіреді. Қазақстанда іске асырылып отырған демократиялық даму жолына түскен шақта сыбайлас жемқорлық көріністерінеқарсы тиімді жұмыс жасалуы тиіс.Сыбайлас жемқорлықтың болуы мемлекеттің дамуына кедергі болып, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық - адамдардың заңның әділдігіне сенімін азайтады. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі осы болып табылады.

Зерттеу нысаны:Жоба жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені зерттей, талдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа азаматтық – құқықтық жауапкершілік түрлерін қарастырып, талдауға тоқталамыз.

 Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi.

Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселесі бойынша әлемдік тәжірибені талдай келе сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікте міндеттелетін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті бағыттарын нақтылау арқылы заңнамаларды жетілдіріліп отыратына көз жеткізу.

Ол үшін мынадай міндеттерді орындалу көзделді:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің теориялық негізін анықтау.

2. Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын, түрлерін, белгілерін, ерекшеліктерін, пайда болу себептерін, субъекті-объектілерін анықтау

3. Сыбайлас жемқорлықтың заң бұзушылық әрекеттерін азаматтық құқық бұзушылық және қылмыстық заң бұзушылық түрлері бойынша талдау.

4. Әлемдік және Қазақстандық тәжірибе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін зерттеу.

Зерттеу әдісі:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еңбектерге шолу жасай отырып, талдау әдісі. Сыбайлас жемқорлық себептерін, ерекшеліктерін анықтау. Салыстырмалы талдау, тарихи бақылу, шолу әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.

Сыбайлас жемқорлық туралы еңбектердің теориялық жағын зерделей сыбайлас жемқорлық заңнамаларына талдау жасайды, жүйелеуге талпыныс жасайды
. Қоғамдық практикада қолдануға болады

Аннотация

Актуальность темы: Коррупция на пути построения демократического государства угрожает устойчивому развитию общества. В то время, когда Казахстан находится на пути демократического развития, необходимо вести эффективную работу по борьбе с коррупцией.Наличие коррупции тормозит развитие государства и снижает конкурентоспособность государства. Коррупция подрывает веру людей в закон. Это основная актуальность предлагаемого исследования.

Объект исследования: В рамках проекта работа, направленная на анализ видов гражданской ответственности за коррупцию, изучение и анализ опыта борьбы с коррупцией.

Цель и задачи исследования:

Цель данной работы - проанализировать мировой опыт борьбы с коррупцией и обеспечить совершенствование законодательства за счет уточнения сфер гражданской ответственности за коррупцию.

Для этого были предусмотрены следующие задачи:

1. Определение теоретических основ борьбы с коррупцией.

2. Определение, виды, признаки, признаки, причины, субъекты-объекты коррупции.

3. Анализ коррупционных правонарушений по видам гражданских и уголовных правонарушений.

4. Изучение мирового и казахстанского опыта предотвращения коррупции.

Метод исследования.

Методика анализа, обзора работы в сфере противодействия коррупции. Определите причины и особенности коррупции. Использованы методы сравнительного анализа, исторического наблюдения, обзора.

Теоретическая и практическая значимость исследования.

Анализирует коррупционное законодательство, изучает теоретические аспекты работ по коррупции, пытается систематизировать. Может использоваться в публичной практике


Annotation
Relevanceofthetopic.

Corruption on the way to building a democratic state threatens the sustainable development of society. At a time when Kazakhstan is on the path of democratic development, it is necessary to conduct effective work to combat corruption.

The presence of corruption inhibits the development of the state and reduces the competitiveness of the state. Corruption undermines people's faith in the law. This is the main relevance of the proposed research.

Object of research:

Within the framework of the project, work aimed at analyzing the types of civil liability for corruption, studying and analyzing the experience of combating corruption.

The purpose and objectives of the study.

The purpose of this work is to analyze the world experience in the fight against corruption and ensure the improvement of legislation by clarifying the spheres of civil liability for corruption.

For this, the following tasks were provided:

1. Determination of the theoretical foundations of the fight against corruption.

2. Definition, types, signs, signs, reasons, subjects-objects of corruption.

3. Analysis of corruption offenses by types of civil and criminal offenses.

4. Studying the world and Kazakhstani experience in preventing corruption.

Research method. Methods of analysis, review of work in the field of combating corruption. Determine the causes and characteristics of corruption. Methods of comparative analysis, historical observation, review were used.

Theoretical and practical significance of the research.

Analyzes corruption legislation, studies theoretical aspects of work on corruption, tries to systematize. Can be used in public practice

Мазмұны

I Кіріспе............................................................................................................3

II Негізгі бөлім

а)Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары………………………………………………………..…4

ә) Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері......................5

б)Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар міндеттелетін

азаматтық құқықтық жауапкершіліктер...............................................9

III Қорытынды .............................................................................................12


Кіріспе

Тәуелсіздікке қол жеткен кезден бастау алған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңнама қазіргі таңда өз маңыздылығы арттыра түскені белгілі. 21 жыл бойы қолданыста болған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңы тұрақты түрде заман талабына сай жетілдіріліп келеді. Бұл алғашқы Заң арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Бұл ғылыми жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Жоба жұмысында Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес бойынша Заңнамалар, сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен тарихы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар міндеттелетін азаматтық құқықтық жауапкершіліктер туралы жазылған. Басты назарда құқықтық сауаттылық, жемқорлыққа төзбейтін азаматтар тәрбиелеу басрысында Заң түсінікті, ашық, айқын және де ұлттық менталитетке сай болу керек. Сондықтан сыбайластық жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру барысында осы қағиданы басшылыққа алған жөн. Жоба жұмысында Сыбайлас жемқорлық үшін «Азаматтық –құқықтық жауапкершілік» туралы яғни келтірілген зиянның орнын, залалын өтей алуға мүмкіндік беру арқылы заң негізінде талап ету жаупкершілігі туралы баяндалады. Әлемдік тәжірибеде қылмыстық жауапершліктің сыбайластық жемқорлықты тежеу факторы әлсіз екені Халықаралық Конвенцияларда дәлелденіп келеді.


3
Негізгі бөлім
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат алғаш бастамасы Елбасының 1992 жылғы 17 наурыздағы «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтан бастау алды. 1997 жылы Тұңғыш Президент «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында басым маңызды бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен батыл және аяусыз күресу туралы айтылған еді. «Қазақстан-2030» стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа күреске бастау алды деуге болады. 1998 жылы шілде айында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылданды. Тәжірибе жинақтала келе бірінші кезекте тамырын жайған сыбайлас жемқорлықты тудыратын факторларды жоюға бағыттала бастады. 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу механизмдерін енгізе бастады.

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдардардың тиімді, институттарын кезең-кезеңмен ж.ргізіп келеді.Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады.Қазақстан мемлекетінің дамуының алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа ұарсы сі-қимыл оң нәтижесін байқалады. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.

   

4

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлекеттік міндеттерді атқаратын немесе соларға теңестірілген адамдардың лауазымды өкілеттілігін пайдалана отырып, заңда көзделмеген мүліктік артықшылықтар мен игіліктерді алуы немесе құқыққ қарсы біреу арқылы оларды сатып алуы болып табылады. Заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың тарихы ежелден бастау алады. 1990 ж БҰҰ-ның сегізінші конгресінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» нұсқаулығында сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылған:

  • Сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар этикалық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық-құқық бұзушылықтар бас пайдасын асыра пайдаланушыларға жатқызылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа жатады

  • Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін қызмет шеңберін шектеу.Шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдалануын жатқызуға болады.

  • Қызметін заңға қайшы сипатта пайдалану

  • Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі – мемлекеттік мүліктерді заңсыз жолмен ұрлау және қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу


Сыбайлас жемқорлық-бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы» деген 1979 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі семинарда анықтама ұсынылды. А.С Қалмұрзаев сыбайлас жемқоррлықты: «кез келген қызметкердің өз қызметін заңсыз пайда табу мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаев «Сыбайлас жемқорлық-бұл ғаламдық мәселе», одан әлемнің бірде-бір мемлекеті , бірде- бір саяси тәртіп қорғалған емес» .

5


Қазіргі отандық әдебиеттерде «Сыбайлас жемқорлық» -латын тілінен пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағына береді.Қоғамдық және саяси қызметкерлердің қолындағы билігінң мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануды айтады. Қорытындылай келе:

- сыбайлас жемқорлық өзіне тән белгілері бар әлеуметтік құбылыс;

-жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;

-әрбір мемлекет құқықтық дәстүр негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығы;

Сыбайлас жемқорлық - екі жақтың арасындағы «мәміле» деуге болады. Біріншісі өз лауазымын заңға қарсы әрекет ете отырып, екінші адамды пара беруге итермелеу немесе ықпал жасау. Екінші адам өз басының пайдасы үшін пара ұсыну т.б

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.

6


Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы


Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері

 

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері

Қызметтік бабын өз

басының пайдасына

пайдаланушы субъект

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық

Коммерциялық сыбайлас жемқорлық

Саяси сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлықтық

қарым-қатынастың

бастамашысы

Мекемені басқарушы тұлға алдына келген

адамды пара беруге мәжбүрлейді.

Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады.

Пара беруші субъект

Жеке адам парасы (кез келген азамат)

Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар)

Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс

өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)

Параның түрі

Ақшалай пара; Қызмет көрсету

Пара берушінің пара беру

мақсаты

Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі

жедел орындауы тиіс)

Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің

орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік

міндеттерін бұзады)

«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара

алған адам қызмет бабында белгілі бір

тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі

тиіс» )

Сыбайлас жемқорлықтық

қарым-қатынастың

орталықтандырылу

дәрежесі

Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара

беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді).

Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық

«төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі

сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара

және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)

 

Сыбайлас жемқорлықтық

қарым-қатынастың

таратылу деңгейі

Биліктің төменгі сатысында орын алған

сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және

ортанғы сатыларында)

Биліктің жоғарғы сатысында орын алған

сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі

шенеуніктер және саяси қайраткерлер)

Халықаралық сыбайлас жемқорлық                                

(шаруашылық қарым-қатынас саласында)

Сыбайлас жемқорлықтық

байланыстардың жиілігі

Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық

Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық

Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі

ретіндегі сыбайлас жемқорлық )