Файл: 64 мектеплицей Жмабек Назерке.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 58

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өткен тарихқа көз жүгіртсек, көсемдерге, абыздарға, әскербасына олардың көрсеткен қызметі үшін сый-сияпат көрсетіп отырғаны белгілі.

Қай заманда болмасын сыбайлас жемқорлық өзекті мәселе болып келеді.Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері – халықтың төмен деңгейде өмір сүруі. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының аздығы, қоғамдағы пара беру мен алуға құқықтық сананың төмендігіген кешіріммен қарауы.Қорыта келгенде ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбейе түсті. Сыбайлас жемқорлық жүйесі жемқорлыққа ауыса бастады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетпен бірге пайда болды.Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлықтың дамуы яғни түрлері мен формасы көбейе түскен. Сыбайлас жемқорлық жүйелі жемқорлыққа айналуда. Биліктің төменгі сатысына орын алған сыбайлас жемқорлық жоғары сатыға көтеріліп, халықаралық сипаты көрінуде.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық деңгейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау басты мақсат болып табылады.

 
8

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін міндеттелетін жауапкершіліктер

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жасағаны үшін қарастырылатын жауапкершілік бойынша тәртіптік теріс қылықтар, әкімшілік құқықбұзушылықтар және қылмыстар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі күшейеді. Мысалы, жемқорлық қылмыс жасағаны үшінбелгілі лауазымды атқаруға тиым салынады.Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үші мемлекеттік марапаттарынан айырылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілік бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 34 тарауындағы баптарға тоқталсақ:676 бап Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі бойынша қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы Заңына» сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметші тәртіптік жаза тағайындалуы мүмкін. Мысалы, ескерту, сөгіс жариялау, қатаң сөгіс беру, қызметке сәйкес емес туралы ескерту, мемлекеттік қызметтен босату, лауазымын төмендету.

Сыбайлас жемқорлық күрес саласында Еуропа Кеңесінің тәжірибесінде сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлық үшіназаматтық құқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершлік туралы Конвенция 1999 жылы 27 қаңтарда бекітілді. Сыбайлас жемқорлық үшін азамтаттық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенция Страсбург қаласында 1999 жылы 4 қарашада қол қоюға ұсынылған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қатыстықылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияда құқықтық тәртіпке, демократияға, адам құқықтарына, әлеуметтікәділеттілікке, моральдық ұстанымдарға төнетін қатер баса көрсетіледі. Жемқорлыққа байланысты қылмыстардың 13 түрі анықталады.


9

Атап айтсақ, 2 бап пара алу, мемлекеттік қызметті параменбайланыстыру, қызметтік бабын пайдалану т.б Сыбайлас жемқорлықүшін қылмыстық жауапкершілік маңыздылығына қарамастан жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыра қоймады. Мемлекеттің жемқорлыққа бейімділігі жойыла қоймады. Бұл жағдай Қазақстан мемлекетінен де көрініс тапты десек те болады.

Керісінше мемлекет пен қоғамға қауіпті. Г.Ханның тұжырымдамасы бойынша жазалау, репрессия, қоғам үшін адамгершілік тұрғыдан қарағанда қымбатқа түседі. Қылмыстық жаза құқық бұзушылықты түбімен жоя алмайдыкелтірілген зиян орнын толтыра алмайды. Сондықтан еліміздегі заңдарды жетілдіріп отыру қажет.

Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенцияда залалдың орнын толтыруды басты назарда ұстайды. Жемқорлық әрекеттен зардап шеккен тұлғаның залалын толық орнына келтіру мақсатында әрекет жасауды қолдайды.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз заңда немес шартта көрсетілген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немес мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауапкершіліктің түрі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктуралы Конвенцияда төмендегідей мәселер қозғалған:-әр ел өзінің ішкі заңнамаларында жемқорлыққа әрекеттің нәтижесінде зияншеккен тұлғалардың құқықтарын бекітетін, келтірілген зиянның толықөтеуін талап ете алатын нормаларды қарастыруы қажет, мұндай өтемайрылып қалған қаржылық пайданы,материалдық зияндынемесе материалдық емес зиянды қамту мүмкін.

Әр тарап өзінің ішкізаңнамасында кез-келген келтірілген зиянның құны,мөлшері қайтарылатындай қамтамасыз ететіндей,төмендегідей шарттарды қарастыру қажет: жауапты тұлға жемқорлық сипатындағы істіболдырмаудың немесе алдын алуға саналы қадам жасамады: талапкер зияншекті: жемқорлық пен келтірілген зиянның арасында себеп-салдар байланыстар болса, мемлекеттен немесе заң бұзған тараптар саласынан шеккен зиянның мөлшерінің өтеуінің азаюы, тіпті мүлде қайтарлмау мумкіндіктерінің туындау қаупі болатынын ескеруін қарастыратын баптарын да енгізуіқажет. 
10

Қорытынды

Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселесі бойынша әлемдік тәжірибені талдай келе сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікте міндеттелетін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті бағыттарын нақтылау арқылы заңнамаларды жетілдіріліп отыратына көз жеткізу болатын. Қазақстанда заңсыз байығандарға азаматтық – құқықтық жауапкершілік жүктелу енгізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мелекеттік қызметкерлердің кіріс декларациясы инегіздей алмайтындай өссе мүлкі тәркіленеді. Бұл Заңнама тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес тұлғаларға да қолданылады деп атап көрсетілген,- Үлттық баяндамада.



Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді және қоғамды, мемлекеттік билікті моральдық тұрғыда құлдыратады. Сондықтан азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлық саласындағы Заңнамаларды әлемдік тәжірибені қолдану барысында Халықаралық заңнамаларды көшіріп алмай, ұлттық менталитетке сай халқымыздың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып сыбайлас құқықбұзушылық үшінАзаматтық –құқықтық жауапкершілік туралы заңды оңтайландырған дұрыс болар еді. Себебі азаматтық –құқықтық жауапкершілік сан-салалы, ұғымы өте көлемді заң саласы болып келеді.

11

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

2.Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары. Заң. №2 2008. – Б 25-29.

3.Қапаров С.Ғ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б. 3-4

4.Елеусізова Қ.Б. Электрондық үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ресурстары ретінде.. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б. 1-3.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы

12