Файл: 5блім. Компьютер жне ауіпсіздік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-бөлім. Компьютер және қауіпсіздік

    1. Компьютерде өзіңе зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?




Мектеп:


Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.4.1.1 қауіпсіздік ережелерін бұзу салдары туралы талдау.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • компьютермен жұмыс кезінде адам ағзасына келтіретін зиян түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • компьютердің адам ағзасына келтіретін зиян түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология.

Сабақта қолданылатын темин сөздер.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

шаршау

усталость

fatigue

жүйке

нерв

nerve




Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

  • Компьютерде жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Есіңе түсір.

  • Қауіпсіздік ережелерін бұзу, орындамау компютерді пайдаланушы үшін қандай зияндар тигізеді деп ойлайсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

Жазу.

Компьютердің адамға зиянды жақтарын жазыңдар.

Алдыңғы алған білімі

Техникалық қауіпсіздік ережесі 3- сынып.

Сабақ кезеңі

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

10 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау

«Сынған вагон» ойыны. Оқушылар арасынан төрт сарапшы тағайындалады. Оқушылар нөмірленеді. Нөмірленген оқушылар вагон болып саналады. Сарапшылар нөмір бойынша вагондарды шақырады. Вагондар тараудың басынан білгендерін айтады, сарапшылар тоқтатып сұрақ қояды. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы сынық вагон болып табылады. Ол оқушыға соңына дейін жөнделуге мүмкіндік беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берген вагон рельске қосылады.

Ауызша мадақтау, қолдау көрсету.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Компьютерде жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Естеріңе түсіріңдер.

  • Қауіпсіздік ережелерін бұзу, орындамау компьютерді пайдаланушы үшін қандай зияндарын тигізеді деп ойлайсыңдар? Ойларыңмен бөлісіңдер.

«Иә және жоқ» ойыны. Оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.

1. Компьютермен қанша уақыт болса да жұмыс жасай беруге болады. (Жоқ)

2. Компьютердің алдында сусын ішіп, тамақтануға болады. (Жоқ)

3. Компьютер құрылғылары электр тогымен жұмыс істейді. (Иә)

4. Кабинетте техникалық қауіпсіздік ережесі бар ма? (Иә)

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

Сабақтың ортасы

3 мин


Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім оларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).
Топтық жұмыс

Бүгінгі таңда балаларды компьютер алдында тапжылмай отыруға тәуелді ететін қандай программалар бар (ойын, әлеуметтік желі және т.б)? Талдаңдар. Себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

  • компьютерге тәуелділік себептерін анықтайды;

  • компьютерге тәуелділік түрлерін салыстырады.

Жұптық жұмыс

Оқушылардың білімдерін жинақтау үшін қолданылады.

Төмендегі сұрақтарға өз жауаптарыңды ұсыныңдар:

  • Компьютерде жұмыс істегенде нені істеуге болмайды?

  • Компьютерде жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін бұзу

адамға қалай әсер етеді?

  • Компьютердің зиянды әсерінен қалай қорғану керек?

Дескриптор:

  • компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды;

  • қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдарын анықтайды;

зиянды әсерлерден қорғану жолын анықтайды.

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.

Сабақтың соңы

5 мин


Жеке жұмыс

Өзіңнің компьютер алдында бір күнде, бір аптада, бір айда өткізетін уақытыңды есепте. Компьютерді пайдалану уақытың компьютерді пайдаланудың қауіпсіздік ережесіне қайшы келмей ме? Бағала.

Kahoot, plickers программалармен тест дайындап орындату.

«Тазалық» әдісі. Оқушылар өте қажет ақпараттарды чемоданға, ойланатын ақпараттарды еттартқышқа, қажет емес ақпараттарды қоқысқа салады.


Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті, қолжетімді құралдар.