Файл: стазым лааттым, лгі негем!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ұстазым – ұлағаттым, үлгі – өнегем!»

Мақсаты: Оқушылардың ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Ерхан: Ұлықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Анель:Қайырлы күн, Құрметті де аяулы ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.

Анель: Осенью есть один праздник прекрасный С ним мы спешим вас поздравить скорей, В день этот солнечный, радостный, ясный Мы поздравляем всех учителей! Мы вам желаем по больше терпенья, Пусть успеваемость в классах растет, Счастья, здоровья, удачи, везенья, Ну и конечно поменьше забот.

Анель: Dear teacher ,welcome!

We you with the Teachers boy!

Your work so hold ,but you fly to give all your to every pupil.

Open pupils hearts and of then students.

Thanks a lot for your hold work!!!

Ерхан: Олай болса бүгінгі мерекелік кеште , құттықтау сөз - мектеп директоры Жикенова Нұрзада Аканқызына беріледі.(грамоталар табысталады).

Келесі құттықтау сөз мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Сағдолдина Ардақ Какімқызына беріледі.

Ерхан: ән:

Анель:Бақытты қолдан жасарлық күш бар ұстазда

Уақыттан алға асарлық күш бар ұстазда

Ой-сана түлеп, күнде өсетін де ұстаздар

Болашақтарға сән қосатын да ұстаздар

Ән: 9 «б» сынып оқушысы Сұңғатқызы Нүргүлдің орындауында

« Ұстазым» қабыл алыңыздар.

Ерхан: Ардақты, ұстаздар, асыл жандар,

Шуақ болып көңілге шашылғандар!

Білім беріп біздерге талмай, тынбай,

Ғылым, ілім, оқуға шақырғандар!

Дей отырып, сіздерге арналған өлең шумақтарымызды қабыл алыңыздар.

БАСТАУЫШ Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда, Күнім болып көріндің аспанымда. Білім болып егілдің жас жаныма, Гүлің болып төгілдің асқарыма. Біз дегенде ұмытып бала қамын, Қас қағымға қасыңнан тастадың ба? Бастауыш апайларым жас жадымда!

СЫНЫП ЖЕТЕКШІ Ұстазым екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған. Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс, Таңертең күнде құшақ жаяр алдан Әр адамға құрметпенен қараған, Өз бойынан мол ізгілік тараған. Талап пенен тәртіпті тек ту етіп Ардақ апай, Гүлбаран апай сіздердей қайда бар адам?!


Тарих

Тарих деген түп қазығым тамырым,

Тамырымды білу менің парызым.

Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен,

Бақыт апай, Анар апай, Гүлдана апай, Қанат ағай.

Көп қой сіздерге деген қарызымыз.

ҚАЗАҚ ТІЛІ Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім, Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.

Осы тілдің ұқтырған терең сырын, Сая апай, Гүлжанат апай, Лаура апай , Әрқашан да біздерге берген білім.

ОРЫС ТІЛІ Жас ұрпаққа жалынды Сөз маржанын дарытқан. Алдындағы баламен, Тіл арқылы табысқан Орыс тілін меңгерген Үйретуді жөн көрген Гүлназдай, Гүлнарадай, Гүлнардай, Бақытгүлдей апайларымызға көп рахмет.

Ағылшын тілі

Үш тіл білген орасан зор талабы,

Әр қашанда ашық жарқын қабағы

Мұғалімдердің әр бір берген сабағы,

Мәңгі 3 есімде қалады.

Күнделіктен сабақ кестесін қараймын,

Ағылшын көрсем нешінші деп санаймын

Тіл үйретер ағылшын тілі мұғалімдерін,

Көрейін деп мектепті тез қалаймын!

МАТЕМАТИКА Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен, Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен. Айжан апай, Гүлнар апай мың алғыс, Есептеуді бізге талмай үйреткен!

ФИЗИКА Дүниемен танысуға берген талай көмегін, Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім. Оны үйреткен Ақмаржан мен Гульнар апайлар, Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін.

Информатика

Ұстаз да, шәкіртте бас иетін,

Компьютер, бар сенің қасиетің.

Бір емес бірнеше іс атқарасың,

Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Ақпарат, ақпараттық әрекетті.

Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Интернет жүйесін жіктейсің де,

Әлемдік жүйеге сен енесің

Осының барлығын үйреткен

Гулмира апай, Бақытгул апай сізге көп алғыс.

ГЕОГРАФИЯ Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз. Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен, География, Азат апай, Сайра апай ... апай келді деп біз жайнаймыз. ХИМИЯ Бар ғұмырын химияға арнаған, Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған. Зульпия апай сізге де үлкен алғыс, Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған! БИОЛОГИЯ Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан, Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан. - сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, - деп біздерге Сауле, Гулназ, Назерке апайларымыз биологиядан үн қатқан!



Дене шынықтыру

Оқушыға қатаң тәртіп қоятын,

Сыныбында тәртіпсізді жоятын

Ұмытсаңыз әкелктін форманы

Нұрлан ағай, Жақып ағай, Жалын ағай тұрғызып қоятын.

Ән: Қайнолла Айбарыстың орындауында «Менде бір жұлдыз»

қабыл алыңыздар.

Анель: Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның. Құрметтеген бар адамзат баласы Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім. Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған Тыңдаңыздар самғап ұшқан шәкірттердің алғысын.

Видеоролик

Ерхан: Егер өткен күнге біраз шегінер болсақ, осыдан он бір жыл бұрын біз қолымызға әліппе ұстап, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер едік. Ал бүгін..

Анель: Ал бүгін біз ер жетіп, ұясынан ұшқалы тұрған бала қыран тәрізді көкке самғауға дайын тұрмыз. Ерхан: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген осы екен. Бүгінгі таңда біз 11 - сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасқалы тұрған жас ұрпақпыз. Сондықтан бүгін біз 11 жыл бойы үздіксіз білім берген ұстаздарымызды құрметтеп, мерекелік кешімізді сол жандарға арнаймыз!

Анель:Күнде той бола бермес дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз.

«Мерекелеріңіз құтты болсын!»

Анель: 11 сыныптардың орындауында заманауи би

Анель: Білесіздер ме, ұстаз деген қанша мамандықтың иесі екенін? Ерхан : Оны санау қиын шығар, бірақ ұстаз, ең алдымен, шәкіртіне бағыт беретін педагог, оның ойын тыңдайтын психолог, оқушыға сабақ түсіндіргенде кейде актёр де, әнші де, биші де болады емес пе? Анель: ол да мүмкін ! Негізі, мен ұстаздардың би билегенін көрмеппін, ұстаздар көзге қатал болып көрінеді емес пе? Ерхан: Ендеше, көрмесең, байқап көрейік.

Анель: Ендеше, тамашалайық. (Мұғалімдерді вальске)

Ән: 9 «б» сынып оқушысы Қабықай Айкүмістің орындауында «Ерке» қошеметпен қабыл алыңыздар. Ерхан: Мұғалім демекші, балалар, осы апайлар бізден әр жылдың соңында қорытынды емтихан жұмыстарын алады емес пе?! Маған бір ой келіп тұр. Бүгін біз - мұғалім, ал мұғалімдер – оқушы болсын. Осы сәтті пайдаланып біз де ұстаздарымыздан сынақ алайық. Ендеше әр ұстаз мына сандықшаға салынған билеттерден алып, сол билетте жазылған сұрақтарға жауап берсін. Ұстаздарға арналған сұрақтарды қояды: 1. Сіздің парталасыңыздың есімі? 2. Сабаққа кешігіп келген күндеріңіз болды ма? 3. Түрік сериалдарын үзбей көресіз бе? 4. Ватсапқа күніне неше рет кіресіз? 5. Сіздің ең жақын досыңыз бар ма? 6. Бір ән орындап беруіңізді сұраймыз. 7. «2» деген бағаны алып көрдіңіз бе? я болса, не үшін? 8. Сабақта анекдот айтқан кездеріңіз болды ма? 9. 11 сыныбқа айтатын тілегіңіз. 10. Бақытты билет (сол билетте келесі орындалатын әннің аты жазылып тұрады


Би: 8 «б» сынып оқушыларының орындауында Заманауи би

Ерхан:Осымен «Ұстазым – ұлағаттым, үлгі – өнегем!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

ХОР «Ұстазыма мың алғыс» 11 сынып оқушылары Анель: Ұстаздар, жұмыстарыңыз жемісті, шәкірттеріңіз алғыр, ғұмырларыңыз ұзақ болсын