ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сынып сағатының тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: күзгі суреттер,шарлар,қолдан жасалған заттар,мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілді,
Мұғалім: Құрметті ұстаздар,балалар! 2 сыныптың «Алтын күз»тақырыбына өткізілетін сынып сағатына қош келдіңіздер! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.Оқушылардың дайындаған шағын концерттік бағдарламасын тамашалайық.
Қанеки ,балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1- бала: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
2 - бала: Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
3 - бала: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
4 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.
5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
6- бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.
7-бала: Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
8- бала:Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Мұғалімі: Балалардың орындауында «Қолшатыр»биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балалар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Мұғалім: балалардың дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.(Мода көрсету)
(Осы кезде ішке Алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Мұғалім: Алтын күз, енді қыздардың дайындаған «Күз» әнін тамашалыңыз
Мұғалім: Балалар, күз тақырыбына өз қолдарымен түрлі заттар жасап келіпті тамашалаңыздар
(Балалар жасаған заттарын таныстырады)
Күз: Ал ,балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын табыңдар(жұмбақ жасыру)
Мұғалім: Ал қазір сіздердің назарларыңызға күз туралы слайд(слайд көрсету)
Мұғалім: Балалардың орындауында күзгі вальс
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Енді маған кету керек .Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Осымен Алтын күз атты сынып сағатымызды тамашалағандарыңызға рахмет.Сау болыңыздар!