Файл: Баяндама Баыты Психологиялы сандыша ызметі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« Қазіргі заманауи психолог маманы қандай болу керек »

баяндама

Бағыты: Психологиялық сандықша

Қызметі: мектеп педагог-психологы

Аты-жөні: Турдахунова Айнур Кайроллаевна

Мекен-жайы: Ақмола облысы ,

Жақсы ауданы ,ЖаңаҚима ауылы, сельхозтехника көшесі

тел.81763551442, сот.87753191379 ms.kayrollaevna@mail.ru

Білім беру ұйымы:

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі

Панфилов көшесі, тел.87163551538 kiimash2@mail.ru




Қазіргі заманауи психолог маманы қандай болу керек

Қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі — әлі жете зерттелмеген, зерделенбей жатқан тылсым дүние»

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда, заманауи психолог маманы қандай болу керек деген сұраққа мен былай жауап бергім келеді: Әр психолог маманы жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Ал, жақсы психолог болып қалыптасу үшін жоғарыда көрсетілген қасиеттермен қатар, әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін. Осының нәтижесінде психолог – көмекші, психолог – өзгелердің жан – дүниесін терең түсінетін немесе түсінуге ұмтылатын – зерттеуші, психолог – өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын – қолдаушы,- деп айта аламын.

Ахмет Байтұрсынов кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген еді. Ол үшін әрбір педагог - психолог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайтын және өмірден өз орын табуды басты мақсат деп санайды, сондай - ақ өзінің айналасына дұрыс бағдар беретін ақыл - кеңес күтеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагог - психологтар бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты, кәсіби шеберлігі мол маман ғана қалыптастыра алады. Бүгінгі заман талабы - жан - жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзыреттілігі жоғары педагог - психологтар жүзеге асырмақ.


Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал, бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді. Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнес, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салалар. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ. Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Болашақ

психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні - адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек. Психолог маманы болып шығу адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізеді. Адамның қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда оларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек . Қазір балалармен жұмыс істеу қиындау деуге болады. Бір сөзбен қазіргі бала бұрынғы баладан артып кетті ме, не болмаса жаман деп айта алмаймыз, олар әр түрлі, әр заман өзінің ағымымен . Олар қандай болса да, біз оларға жөн көрсетудің жолын табуымыз керек. Біз мынадай сұрақтарды жиі естиміз: қосымша білім орталығында психологтің не қажеті бар, қызметінің мағынасы мен міндеттері? Қызметінің мақсаттары қандай? Мақсаттарын жүзеге асыруы үшін қандай жұмыстар өткізуі керек? Психологтiң мүмкiндiктерiне сәйкес келетiн кәсiби қызмет ету үшiн орын табу өте маңызды, қосымша бiлiмдегі психологтің ұстаздармен, әкімшілікпен, жас көшбасшылар мен ата-аналардың арасындағы кәсiби өзара iс-әрекеттiң айқын шекараларын анықтау қажет. Балалармен жұмыс кезінде психолог олардың жастық және типологиялық ерекшеліктерін білу. Тәрбиеге, оқуына және тұлғалық даму өзгерісі туралы білуі қажет. Оған дамуында, жүріс - тұрысында, қарым - қатынаста ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті психологқа осы құбылыстар мен процесстер жайында білімі болуы қежет.



Бізде Қазақстанда кішкентай қалаларда мектептегі психологпен, үлкен қалаларда (Астана мен Алматы) әрі кетсе он шақты орталықтармен  шектеліп отыр. Оның ішінде психологиялық кеңес беретін, тренинг өткізетін кабинеттер ғана бар. Себебі, халықта сұраныс  жоқ. Бізде халық психологқа барып үйренбеген. Психологқа барып, оған ақша төлегеннен гөрі қасындағы құрбыларына, достарына сырларын айта салғанды құп көреді. Біреудің ішіне сыймаған нәрсе екіншінің де ішіне сыймайды. Психолог болу-университет бітіріп, көк қағаз алу емес. Бұл маман иесі болу үшін тума қасиет бойда болуы керек деп ойлаймын.

Қорытып айтқанда, Жаһандану дәуірінде бәсекелестікке шыдай алатын, өз мамандығын жетік меңгерген, бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру біздің алдымызға қойған басты міндеттеріміздің бірі болу керек. “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір баланы жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Міне, осынау ХХІ ғасыр дәуірінде қым-қуыт, адамы мен заманы көптеген өзгерістерге тап болған кезеңде педагог – психолог мамандығы қажет. Психолог адамның сырласы, адам жанының елшісі. Осы

заманауи талаптарға сай қызмет істеу үшін алдымен педагог - психолог өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үнемі ізденіп, психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірибелерді пайдаланып, қиялы шарық, сезімтал, шабыты мол болуы тиіс. Сонда ғана психолог қызметінің жемісі, оқу тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына сай келеді. Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ десек, олардың еш алаңсыз жеке тұлға болып қалыптасу үшін менің де педагог – психолог маман ретіндегі өз қолтаңбам қалса деймін.